СССР және Ислам
Интернетті ақтарып отырып мына бір деректі фильмге жолығып қалдым. Менің санамда «Кеңес Одағының кезінде дін өкілдері қудаланды, дін апиынға теңелді, молдалар қатаң бақылауда болды...» деген секілді-сықылды пікір қалыптасқан етін. Ал мына өздеріңізге ұсынып отырған фильм сол бір менің "қатқан ойларыма" сілкініс жасаған тәрізді. Сөйтсек, Өзбекстанда кәдімгідей дін ұстанып, жер-жерден оқушылар келіп, Орта Азия және Қазақстан мүфиі де өз қызметін атқарыпты. Тіпті шет мұсылман елдеріне оқытуға бала жіберілген де екен. «Ол аз» десеңіз, фильмнің бір жерінде «Дін мемлекеттен болғанымен, біздер адамдардың наным-сеніміне қол сұқпай, олардың ғибадат жасауына кедергі жасамаймыз» деп қояд… Қалғанын өздеріңіз тамашалаңыздар:
ПыСы: әнеееееебір джеңгуха бола алмай қалған түршәнкә ма?
ол жақта негізі коммунистер діни кітаптарды көп оқып тұрады. әсіресе Фетуллах Гүленнің кітаптары жиі кездеседі екен.
Былайша, дүниеде оқымағандықтың зияны халыққа тиіп жатқаны белгілі ғой. Қазақта оқыған мықты азаматтар да, оқымаса да көпке өнеге жандар да жетерлік. Тиісінше, қараңғылығының кесірінен өзі де өмір сүре алмай, өзгеге де өмір сүруге кедергі келтіргендер аз емес. Бұлар қай елде де бар, бірақ біздің елде салыстырмалы түрде қоғамға пайдасы тиетіндерден, оған пайда әкеле алмайтындардың саны тым көп.
оқып жатқан балдарымызды 1991 жылы кітаптарын құшақтатып қайтарып жіберген жоқ па