Ақша істеп отырған МАИ қызметкерлері


Жаңаөзен қаласына кірген жердегі бағдаршамның тұсында R 212 HHN нөмірлі қара BMW көлігімен біреулер тұр екен. Бағдаршамның жасыл көзі жанғанша (қызыл жанып тұр еді) жолдан өтіп кеткен такси жүргізушісін 20-30 метрден МАИ қызметкерлері тоқтатты. Себебі: жүргізуші қызыл жанып тұрғанда жүріп кеткен.

Бірақ бағдаршамның қызыл түсі жасыл болмайды. Оның себебі бағдаршамның дұрыс істемеуінде. Осындай техникалық ақауды пайдаланған не болмаса, өздері солай ету арқылы аңқау жүргізушілерден ақша істемек болған МАИ қызметкерлері таңғы сағат 07:30 — 08:00 шамасында жолды осылай торуылдады.
Бөлісу:

6 пікір

a63a1
недеген оңбағандық
izbasar
Бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткен шопырға обал жоқ!
Aldarkose
Брат, ол үнемі қызыл жанады. Қызыл жанып-өшіп тұрып қайтадан қызыл болып қалады.
timurrr
Бағдаршамды 5 минут бейнекамераға түсіріп алып, интернетке шуылдатып жіберу керек…
asaubota
аха видеоға түсіріп, косякқа кіргізіп жібер менттерді
meirzhan
Интернет деген бәле болды деп зәрезап болған шығар мыналар.)