Соңғы кездесу...
Екеуміз де армандар да көп еді,
Көрсетпедік сол Арманға төбені.
Жарты жолдан сапарымды тоқтатып,
Жалған намыс неге мені жеңеді?
Жалған намыс неге сені тежеді?
Себебі…
Көп еді…
… Қара түннің…
ҚАРА менің қойынымда тұншықтың.
Содан соң, үздігіп, жыладың…
… суындың, ысыдың, түршіктің,
… неліктен осы сен қырсықсың,
неліктен осы мен қырсықпын?!
Біз бәлкім жібіміз — Өмір толқынында иірілген —
ҰРШЫҚТЫҢ!
… адастық, жол таптық, талай біз,
Жап-жас ғасыр ширегіндегі — Ағарған самаймыз.
Неліктен Жүректі Жазалап,
Сезімді Түрмеге қамаймыз…
Жолығар әлі де талай жан…
Талай қыз…
Бұл бәлкім ең соңғы кездесу…
Жо-жо-жоқ…
…
Себебі біз соны қалаймыз…
Көрсетпедік сол Арманға төбені.
Жарты жолдан сапарымды тоқтатып,
Жалған намыс неге мені жеңеді?
Жалған намыс неге сені тежеді?
Себебі…
Көп еді…
… Қара түннің…
ҚАРА менің қойынымда тұншықтың.
Содан соң, үздігіп, жыладың…
… суындың, ысыдың, түршіктің,
… неліктен осы сен қырсықсың,
неліктен осы мен қырсықпын?!
Біз бәлкім жібіміз — Өмір толқынында иірілген —
ҰРШЫҚТЫҢ!
… адастық, жол таптық, талай біз,
Жап-жас ғасыр ширегіндегі — Ағарған самаймыз.
Неліктен Жүректі Жазалап,
Сезімді Түрмеге қамаймыз…
Жолығар әлі де талай жан…
Талай қыз…
Бұл бәлкім ең соңғы кездесу…
Жо-жо-жоқ…
…
Себебі біз соны қалаймыз…
8 пікір