Құлың боп өлейін сенің.

Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,
Аптапқа реңі күйген.
Осында бір қыздың мұңы,
…тек мені сүйген.

Қабағы қатулы бұлттар,
Кінәмді кешірші менің.
Табиғат, сол қызды құтқар!
Құлың боп кетейін сенің.

Өтінем жылатпа оны,
Онсызда жылап жүр түнде.
Қайғысы ол қыздың СОНЫ,
Күлуді білмейді мүлде.

Шалғынға аунаған бірде,
Серінің құшағын таңдап.
Соңынан көшіп жүр бірге,
Сол түнгі …
Соңғы мұң зарлап.

Қатпар бұлт ашулы неге?
Көзінен ыршиды жасы.
Қайғының соңы бұл деме,
Соңғысы я, бәлкім басы…

Жылап тұр көк аспан сыңсып,
Тамшылар сүйеді мені.
Өмірді иірген Ұршық,
Қарайды… қаталдау өңі.

Неліктен адастым екен?
Торына шырмалып түннің.
Жан ба едім сертіне бекем?
Қайғырып о, неге күлдім?

Шалтаудан келемін төмен,
Өмірден, өлімнен қашып.
Сабама түсіріп өлең,
Тастады мысымды басып.

Ұсқынсыз Шалтаудың шыңы,
Ұрланып қарайды тағы.
Таусылып ол қыздың мұңы,
Жай тапты жаны…

Шалт басқам қадамды талай,
Өзімше Өзімді сыйлап.
О, тоба, тірімін қалай?
Өлтіріп өзгені қинап!..

Жарық күн құтқардың неге?
Сыйыңа рахмет, ӨМІР!
Өмірге құлшынды деме,
Үш мәрте лақтырды өлім!

Өлімге рахмет айтам,
Өмірге налып та сірә.
Үкімін шығарды бейқам.
Арқалап жүрсін деп күнә!

Қабағы қатулы бұлттар,
Кінәмді кешірші менің.
Табиғат, күнәдан құтқар!
Құлың боп өлейін сенің.
Табиғат Абаилдаев
Бөлісу:

7 пікір

satibaldi
Өмірден, өлімнен қашып.
Өлім мен өмір арасында секектегеннен басқа динамика бере алмайсыңба өзі? Басқа амал-шарғы жоқ па?
Tabigat
Уа-ха-ха
satibaldi
Маған бір ақын туралы айтып еді. Еске алу шумақтарын шығаратын. 3 000 теңге дейді бір өлеңі.
Сол, танысымның қиналатын жері — екеуі бір бөлмеде отырады екен. Ананың тапсырыс берушілері келген кезде, ақынымыз еске алуды мәнерлеп оқып беретіні сондай, тіпті оқып тұрып өзі боз-боз жылайды дейді.
Ең қиыны, сонша риза болған тапсырыс беруші: «Керемет аға, керемет шығыпты, тағы келеміз!» дейтін көрінеді…
Tabigat
Мұнымен не айтқың кеп тұр? Не по адресу попал, шірткі жазатындардың әңгімесін басқа біреуге айтарсың
satibaldi
Ақынға әңгіменің базынасын да түсіндіріп беруге тура келетін күн болад деп ойламаппын.
Tabigat
Жұмбақтамай айтшы мен «пилосоп» емес едім
TERISKEY
мәссаған! Ал, Таби, нестейсің, у дайын!