Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын


13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы.

Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын айтады. Яғни, мен жиырма рет басқа қалаларға барыппын 5 жылда.

Қай қалаларға бардым?:

Атырау, Орал, Хромтау, Рудный, Қостанай, Қызылорда, Алматы, Теміртау, Қарағанды, Тирасполь (Молдова)

Бұлардың ішінде ең көп барғандарым Алматы, Қостанай, Атырау қалалары.

Немен бардым?:

Көбінесе автобу жалдайтынбыз, сондай-ақ алыс жерлерге пойызбен барамыз. Жақын жерлерге машинамен. Уақыт тығыз болған кездері ұшақпен де ұштым.

Қандай ақшамен?:

Көбісі ойлайды фанаттарға команда демеушілік жасайды деп. Олай емес. Мүмкін ресми фанклубтарға солай шығар. Бірақ, біздер тәуелсіз фанаттармыз. Тек қана өз ақшамызбен жүреміз. Жол, тамақ, жататын жер тек өз қалтамыздан шығады. Тек бір ақ рет Атыраудан 12 фанатты команда ұшақпен тегін алып кетті және Молдоваға тегін апарды (қонақүй және тамақты өзіміз төледік).

Фанаттар кімдер?:

Жұмыссыз фанат сирек кездеседі. Фанатта ақша болмаса болмайды. Тіпті футбол үшін өмір сүріп, сол үшін жұмыс істейтіндер бар. Баратын жерлер алдын ала белгілі. Сол үшін жігіттер жұмыстарын жақсы істеп жүреді, сұрана бермей. Сосын уақыты келген кезде сұранады. Былайғы өмірде әр түрлі қызмет атқарғандарымен трибунада бәрі бірдей. Мемлекеттік қызметкерлер, банк менеджері, аспаз, мұнайшы, дизайнер, бизнесмен, бөлім директоры, мұғалім, программист, құрылысшы, геолог. Яғни неше түрлі мамандық иелері бар.

Выездың кайфы не?:

Жолға шығу, басқа қалаға бару, ол қаланы аралау, келгеніңді білдіру, жергілікті фанаттарға провокация жасау және әрине трибунада өз командаңа қолдау көрсету. Кейін үйге жеткенше асығу, өз қалаңды сағыну. Осы шығар бар кайф деп ойлаймын. Және өзің сияқтылармен біраз уақыт бірге болу, өзің сияқтылармен ортақ әңгіме айту, ішу, жеу, тойлау.

Енді суреттер сөйлесін:























Бөлісу:

52 пікір

qisyq
Керемет. Суреттер күшті. Өзіме футболдың атмосферасы қатты ұнайды. Үлкен стадионға кірген кездегі «толпаның» психологиясы деген жаман ғой, жаман))))))) 90 минутқа тамағың да, аяғың да, көзің де, жүйкең де шыдайды. Ертесіне жатқаның қыр-қыр етіп… Өз басым қатты айқайлаймын футболда, тыныш тұра (отыру туралы әңгіме жоқ қой) алмаймын. Қазақтар белорустармен ойнағанда бақырып, бір секторды аяқ астынан бастап кетіп ем (өткенімді қайтейін, екінші таймда 5 гол кіргізіп алдық)
asaubota
бастапқыда біз жаңа бастап жүрген кезде тамақ қырылып қалатын. кейін адам көбейген сайын қатты емес бірқалыпты дауыспен айқайлап тұрасың, дым қырылсыз шығамыз. және "әндетудің" де өз методтары бар. дауысты дұрыс қоймасаң қырылдап қаласың.
qisyq
Әрине, тәжірибе үлкен рөл ойнайды. Бірақ, өз басым қанша рет бардым даусымды құртып аламын. Бірізділіктің болмағанынан шығар.
asaubota
«сборныйдың» матчтарында солай ғой. басқарылмайтын толпа болғасын солай болады. өз басым қанша рет бардым «сборныйға» ешқашан суппорт жасаған емеспін. өз тобың болмағасын шығар  негізі бірнеше фанат топтары бірігіп суппорт жасайды ондай кезде, бірақ мында кей топтармен бір қатарда тұру западлолау ма қосылғым келмейді ) әлде одан гөрі өз командама махаббатым басымдау ма бірдеңе
qisyq
Ахахаха))) Қызығамын саған, менде әзірге қылқынып жанкүйер болатын команда жоқ. Бірақ, шамамен солай болады-ау, сен айтқандай
asaubota
иә, Алматыда футбол жоқ қой. Алматы біздің қала  қанша рет бардық, үнемі жеңіс пен қайттық. Қайратпен де, Тобылмен де (Суперкубок, Алтынматч)
omarbirat
Дәл сондай нәрсе менде де бар. "Қайратқа" қазір жанкүйер болу — бос әурешілік. «Жетісу» — Алматы облысы болғанымен, таза Талдықорған қаласының командасы. Өзіміздің Еңбекшіқазақ ауданынан футбол клубын аштырмасақ
qisyq
Ооо, бір түсінсе, осы Омар брат түсінеді мені)) шіркін-ай дим да, Еңбекшіқазақтың командасы шығып Лига кубогының топтық кезеңіне өту үшін Бенфикамен ойнап жатса...
Пікір түзетілген: 27 тамыз 2011, 03:46
Nurgisa
Несі бар, бүгінгі түні жақсылап тілесеңдер… бес-алты жылдан кейін, құдай қаласа, өзбектердің Бунедкоры деңгейіне жетуге аз қаласыңдар
qisyq
А так, «Ордабасы чемпион!»
Nurgisa
Чемпиондыққа шын лайық команданы осыншама жыл бойы шеттетіп келе жатқандары Беріксіз қынжылтады
asaubota
Жетісу биыл чемпион болатын сияқты. бас бапкері Асқар Қожабергенов биыл тып-тыныш жүріп үлкен іс істеді. қуанамын осындай өзіміздің қазақтар үшін. Қожабергенов кәдімгідей шын қазақ, бұрын Ақтөбеде ойнады ғой бір жыл. сол кезден қатты сыйлаймын.
Nurgisa
Аршат, есіңде ме, Атыраудағы «выезднойларың» әлі шықпапты есімнен. Пирожки, су-пу апарып едім. Сондағы жергілікті толпаның сендерге қырын көзбен қарағанын көріп, бір түрлі боп кеткенім бар (сендерді таптап кетсе, мені де таптап кете ме екен деген үреймен)

Сендермен бірге аз да болса фанаттық қозғалыстың кішкене дәмін таттым. «Ақтөбенің» біраз матчында өздеріңмен бірге жанкүйерлестік… Маған сыйлаған «Ақтөбеің» екі шарфы тұр үйде. Оған ұлттық құраманың шарфы қосылды.

Өзім барған есте қалған матчтардың бірі — Алматы төріндегі ұлттық құрамамыздың Англиямен өткізген «дербиі». Астанадан арнайы бардым, ВИП билет алдырттым, біз 0-4 есебімен оңбай тізерлеп қалдық. Бірақ Руниді, Тео Уолкотты, Краучты, Бекхемдерді көрдім. Сосын Едігені. Қақпа торына доптың орнына кіре берген, кіре берген
asaubota
Атыраудағы бір ойында біз тас жаңбырының астында қалдық қой. Марат пен Алмас көрді

сен Алматыдағы Золотой матчты көрдің ғой, міне сонда көрген шығарсың Ақтөбенің нағыз күшін, стадионға кіруінен бастап.
qisyq
Сол матч керемет болды. 120 минутқа созылды емес пе, қателеспесем. Біз батыс трибунаға барамыз деп кешігіп, айналып, ақыры шығыстан бір-ақ шықтық. Сөйтсек, ол жақ «Тобол, Тобол» дейді))))))
Nurgisa
Қап, қисық, сол матчта сен тұрған трибунаға арналып нешеме түрлі речевкалар кетіп еді. Бірақ, Ақтөбе фанаттарына өкпе-назың жоқ шығар деп білем. Патик жақсы киносыншы.
qisyq
Жоқ, мен сол Ақтөбеге жанкүйер болдым. Қайынжұртшылап жақсы атты болғым кеп жүрген кез ғо)))
Алайда, қостанайлықтардың мені күштеп, еріксіз «Тобыл, Тобыл» деп айқайлатқызғанын мойындаймын
Nurgisa
қостанайлықтардың мені күштеп, еріксіз… айқайлатқызғанын мойындаймын

asaubota
қайта қарама қарсы жақтан біздің суппорт әдемі көрінген шығар?

smotri.com/video/view/?id=v737090fd5c
qisyq
Сендер жақ жанартау боватты ғо (а-ля Монти стилінде сөйлеп кеттім бе?). Шашкалар ұшты, қызыл толқын теңселген…
asaubota
иә, жеңістен кейінгі файерлар өте әдемі болды. клуб кейін сол үшін 600 мың теңге айыппұл төлеген
meirzhan
Иә, шын. Қарапайым адам көрермен, фанаттар арасына кіргенде атмосфераға елітіп айғайлап кетеді ғой. Сондағы эмоцияларды жеткізу мүмкін емес. Өзім футболға қызықпаймын. Бірақ 1 рет Астанада Шерифпен ойнағанда болдым. Кубок Интертото болды ғой деймін. Кричалкалары да неше түрлі болады екен. Көбі орысша бірақ. Ол кезде Нилтон Мендес ойнаған еді. СОндағы арттағы қызып алған бір ағаның: «Нилтон Мендес қазақ нах» деп айғайланы есімде. Адамды есуас етеді ғой футбол.
qisyq
Сол белорустармен ойнап жатыр біздікілер. Есе 3 те 1 ме сондай. Глеб допты аудтан лақтыруға келіп ед, бір зор дауыс «Глееееееееб!» деді. Біз жақтағылар да тып-тыныш бо қалды сол кезде. Глеб жалт бұрылды. Еріксіз деп ойлаймын. Сөйтіп ед әлгі «Пашоллллл нах.......» деп айқайлады. Ел-жұрт қыран-топан…
meirzhan
 Не десе де ең бастысы банан қабығын ешкімге лақтырмаған дұрыс. Роберто Карлосқа сияқты. Футболистердің жүректілігіне таң қаламын. Неше түрліні естиді ғой, бишаралар. Кезінде Самюель Это«о да Испанияда Барсада расистік пиғылдағы сөздері естіген болатын. Енді Анжиге кетті. Онда да естімесін, ондай ды көрмесін деп тілейік.
asaubota
бізде ондайларды «кузьмич» дейді. ондай клоундарға назар аудармаймыз. футболға театрға келгендей жәй әншейін келеді, айналасындағыларды күлдіруге тырысады. өздерін қатты фанат сияқты көрсетеді.

глорихантерлер бар, оларға тек команданың жеңісі керек. жеңілсе бәрін боқтайды.
qisyq
«кузьмич»
asaubota
фанат жаргондары бай

мысалы менттерді «акаб» деп атайды: A.C.A.B — All Cops Are Bastards

ал шарф — роза, розетка
матч — мячик
кузьма — кузьмичтер толпасы
qisyq
Этимологиясын зертеуге де біраз уақыт керек шығар, ә?!)))
Розетка қызық екен. Қайрат-Атыраудан менттер бір жігітті шығарып жіберіп ед, бір толпа соңынан кетті. Жай кетпей «Футбол для нас, а не для ментов» деп барады. Қатардағы оқиға деш))
asaubota
мүмкін былай шығар:

Футбол для фанатов, а не для мусоров

сосын мындай ән бар, кезінде менттерді жындандырып талай айтқанбыз:

Не слышны в саду даже шорохи,
Все здесь замерло до утра.
Если б знали вы, что за сволочи
Казахстанские мусора!
qisyq
Аха, точно. Мент демеді. Мына шумақ ауыр екен)))
asaubota
Этимологиясын зертеуге де біраз уақыт керек шығар, ә?!)))

негізі бәрінің мағынасы бар, зерттесең табасың
Aikona
Біреуге немесе топқа фанат болып көрмеппін. Бірақ, олимпиада ойындарын жібермей Қазақстан десе жанымды беріп отырамын. Биыл, Азиада болған кезде күнделікті қыздар шайбалы хоккейіне барып жүріп, солардың фанаттарына айнала жаздадым. Әр қыздың данныйларын іздеп кеткен күнімде болған. Әсріесе Тухтиеваның. Бірақ менікі сіздікі сияқты емес жәй "қазақ" деп соққан жүрек қана екен. Қаз көп мән бермеймін.
jaina
Фанат болған жақсы -ау… мен ақтөбедегі стадионға бір-ақ рет барыппын. Онда да стадионға президент келіп, университеттегі студенттерді көрермен ретінде апарғанбыз. Сол матчқа 1 апта дайындалдық, күнде студенттерді стадионға апарып анау ана жерге, мынау мына жерге отырады дегендей, қалай айқайлау керектігін үйретті. Ұмытпасам Ақтөбе-Екібастұз ойнады. 2005 жыл ғой деймін. Президент 20 минуттай отырды да шығып кетті, оның артынан біз де шықтық. Сыртта фанаттар кіре алмай жүр екен, біз оларды итере сыртқа шықтық, олар бізді итере ішке кірді.
Nurgisa
Иә, стадионға кіре-шыға берісте көппен бірге итеріскен сондай жаман…
asaubota
Ақтөбе футбол тарихындағы қаралы оқиғалардың бірі. он мыңдаған жанкүйер стадионға кіре алмады. мен қасымдағы жас жігіттерді типа студент ретінде көрсетіп кіріп кеттім. Президент 33-минутта кетті, сол кезде ойын да тоқтатылды (футбол тарихында болмаған шығар). кеткесін студенттер де шықты, адамдар кіре бастады стадионға. өте ұят оқиға еді… Екібастұз емес Есіл Богатырь командасы еді. 2-0 жеңдік сол ойынды.
jaina
Ұмытпасам 2004 жыл ғой деймін. Әйтеуір команданың бас әрпі Е-ден басталатыннын білетінмін.
monti
тек фандардың ақшасы дейс бару/келу… банер андай мұндай шығару тож?
ну енд біреудің ақшасын санағаным болмайтын шығар жай қызық
asaubota
кей матчтарға 60-70 мың кетеді баннер жасауға. әрі кетсе екі минут тұрады сол баннер, сосын жиналады. сол үшін де өзіміз ақша жинаймыз. биыл екі матчқа 9 мың ақша жібердім, Европа командаларымен ойнаған кезде. негізі ай сайын әр мүше мүмкіндігінше общакқа ақша салып тұрады. ол ақшаға мата, бояу, файер сияқты материалдар алынады.

сондай ақ былтыр жігіттер балалар үйіне барып, балаларға шарф сияқты атрибутикалар сыйлап келді. ал биыл жағдайы нашар отбасыларға деп ақша жинап акция істедік. аз болса да 38 мың жиналған. соған жігіттер бірінші сентябрьге мектепке керекті дәптер, күнделік, бояу, пластилин т.б заттарын алып берді бірнеше балаға.

rymbek
Алдында Аланиямен болатын ойында мен алаңда жүрдім. Стадион лық толы, шудан құлақ тұнады. Футболерлер қалай жүреді екен милары шайқалмай?
manfan
Ақтөбенің жанкүйері болғаным үшін қалай мақтанатынымды білсеңіздер ғой?! Өзім кешке футбол болатын күні, стадионға баратын кезде тойға барардай немесе жаңа киім сатып алғандай қуанып жүремін! Өткенде аланиямен болған матчқа кірер кезде қасымда үлкен апа екі кішкентай баласы мен өзінің бетін Ақтөбенің формасы түсіне бояп алыпты. Ал, стадионға кіріп барған кездегі эмоцияны, атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін емес! Аршат аға, Ақтөбенің жеңістерін көруге жазсын бәрімізді! команданы қолдау үшін жасаған еңбектеріңізге БАЗАР ЖОҚ!
asaubota
Алания матчындағы суппорт және голдан кейінгі оргазмның видеосы мына жерде: www.13sector.kz/?p=714
Gastarbaiter
Сигма фанати өмірдің пердесін қалай ашқанын айтқаны есімде.
Оның салдарынан да біраз хабардар болдық
satvaldo
еее, Саламаттардыі «пенсиядағы» братаны сен (сіз) екенсің(з) ғой…
asaubota
Салидол ма? братишкалар ғо :)
satvaldo
Ақтөбелік мезундардың жалпы казнетті өзіміздің братанның сайттары ғой дегенде сенбегем =))) ефсане адаммышсын бе!
TERISKEY
Oleg Lebedev degen 13-sektordin menwikti fotografi go deym
asaubota
13сектор жәйлап тарқай бастаған сияқты. үлкендердің көбісі кетті уже, отбасылы болғаннан кейін. кейінгі жастар енді бірдеме ұйымдастыра ала ма белгісіз…
edige
Вроде Админеке человек адекватный, образованный, семейный… /Әзіл Ареке.../
KADYR_KZ
Бир жанкуйер кызу канды Оливер Канга банан лактырган сол кезде Кан ана бананды жеп койыпты ал сыртын кайта озине лактырыпты
Adiletshu
Тренировка жасау керек)