Атыраулықтарға! Оқушыларға қайырымдылық көрсетейік!

Баршаңызға, сәлем!

«ААА» деп аталатын астаналық еріктілер тобы Қасиетті Рамазан айтының және алғашқы оқу жылының басында өте бір тамаша бастау жасап жатыр.

Шараның мақсаты: жағдайы төмен не мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созу және жаңа оқу жылына оқушыларды мектепке даярлау.

Мен не істей аламын? Сіз, осы аталған ұйымның мүшелері ұйымдастырған шараға бір кісідей атсалыса аласыз. Ол үшін мектепке, мектеп оқушысына қажетті оқу-құралдарын немесе өмірлік қажетті дүниелерді заттай апарсаңыз болады.

Шараның өтетін орны және мезгілі: Атырау (Ардагер) сауда орталығы, Бүгін барсақ, «Атырау» сауда орталығына қарсы орналасқан "Өнерпаз" тұрмыстық үйіне ауысып кетіпті. 28-29 тамыз, таңертеңгеңгі 11.00-ден кешкі 19.00-ге дейін.

Анықтама телефондары: 20-39-32, 8 701 925 26 14

Шараға өз үлесін қосқысы келетіндерге: aaa.atyrau@gmail.com
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
біз футбол фанаттары мындай акция істедік: www.13sector.kz/?p=698
KILYZAMAN
Керемет!!! Нағыз КЕРЕК іс шара екен… Барлық жерде жиі жүргізіліп отырса ғой
Ұсыныс — Шараның мақсаты: «Бөліскім келеді, қабыл ал» — болсыншы
Пікір түзетілген: 28 тамыз 2011, 09:24
urimtal
Құрдас, нәтижесі қалай болды?
timurrr
Білмедім… Естігенім — бір «Газель» канцтауарлар мен киім-кешек жиналған. Қай мектеп екенін білмедім, бір мектептердегі тұрмысы нашар оқушылардың тізімін директорлардан алған. Соны тарату ісімен айналысып жатқан болар…