Кино түні болады



2011 жылдың 27 тамызында «Арман» киноорталығында (Алматы қ.) КИНО ТҮНІ өтеді. Түні бойы барлық кинозалдарды түрлі бағыттағы фильмдер көрсетіледі.
Кіру тегін.

Сеанстар 23.30-да басталады.


«Кино түнінің» бағдарламасы:

Өкіл әке 1 (The Godfather I)
АҚШ, 1972 ж., драма
Режиссер – Френсис Форд Коппола. «Оскар» жүлдегері
Басты рөлдерде: Марлон Брандо, Аль Пачино, Роберт Дювалл, Джеймс Каан

Биллді өлтіру (Kill Bill)
АҚШ, 2003 ж., боевик/триллер
Режиссер – Квентин Тарантино
Басты рөлдерде: Ума Турман, Люси Лью, Дерил Ханна

Нараяма туралы аңыз (Ballad of Narayama)
Жапония, 1983 ж., драма
Режиссер – Сёхэй Имамура. «Алтын Пальма бұтағы» — Канн-83
Басты рөлдерде: Сумико Сакамото, Такейо Аки, Тонпеи Хидари

Француз лейтенантының әйелі (French lieutenant’s woman)
Ұлыбритания, 1981 ж., мелодрама
Режиссер – Карел Рейш
Басты рөлдерде: Мерил Стрип, Джереми Айронс

Харви Милк (Milk)
АҚШ, 2008 ж., драма
Режиссер – Гас Ван Сент. «Оскар» жүлдегері
Басты рөлде – Шон Пенн

Серафино (Serafino)
Франция/Италия, 1968 ж., комедия
Режиссер – Пьетро Джерми
Басты рөлде – Адриано Челентано

Натали (Nathalie)
Франция, 2003 ж., драма
Режиссер – Анн Фонтейн
Басты рөлдерде: Фанни Ардан, Эммануэль Беар, Жерар Депардье

Тюльпан (Tulpan)
Германия/Қазақстан, 2008ж., драма
Режиссер – Сергей Дворцевой. «Ерекше көзқарас» жүлдесі — Канн-2008
Басты рөлдерде: Асхат Күшеншереков, Төлепберген Байсақалов, Оңдасын Бесікбасов, Самал Еслямова

Джазда тек қыздар (Some Like It Hot)
АҚШ, 1959 ж., комедия
Режиссер – Билли Уайлдер
Басты рөлдерде: Джек Леммон, Тони Кертис, Мерилин Монро

Ноу дәрігер (DR. NO)
Ұлыбритания, 1962 ж., боевик
Режиссер – Теренс Янг
Басты рөлдерде: Шон Коннери, Урсула Андресс
Джеймс Бонд туралы танымал фильмдер сериясының алғашқысы

Алтыбақан (Качели)
Ресей, 2008 ж., мелодрама
Режиссер – Антон Сиверс
Басты рөлдерде: Андрей Мерзликин, Мария Миронова, Ксения Раппопорт

Монпарнас 19 (Montparnasse 19)
Франция, 1958 ж., драма
Режиссер – Жак Беккер, Макс Офюльс

Басты рөлдерде: Жерар Филипп, Лили Пальмер, Анук Эмме, Лино Вентура
Ашылған құшақ (Los abrazos rotos)
Испания, 2009 ж., мелодрама
Режиссер – Педро Альмодовар
Басты рөлдерде: Пенелопа Крус, Льюис Омар, Бланка Портильо

Бағдарламада өзгерістер болуы мүмкін.

Ақпарат kinostan.kz сайтынан алынды.
Бөлісу:

22 пікір

qisyq
Алматылықтар, кім бара алады? Бірге барсақ жақсы болар еді.
madlen
men baram!!! tagy kim?
Пікір түзетілген: 26 тамыз 2011, 18:26
Esmeralda
мен құрбыммен барсам бола ма деп жазғалы жатыр едім, уақытын кеш көріп қалдым(( 23.30-ға дейін болғанда ғой
Beytanis
Әбден бояннн болған киноларды әлдеқандай қылып…
qisyq
Біреуге боян. Біреуге қызық. Мысалы, маған.
Beytanis
«Голый пистолет» 1/1, 1/2, 1/3-сіз, «Чего хотят женщины»-сыз, «Унесенные ветром»-сыз мына жоғарыдағылар 0!
qisyq
Сенің пікіріңді сыйлай отырып, келіспейтінімді айтқым келген жай ғана.
KILYZAMAN
Кемпірімді кинауға шақырсам қалай болар екен?  Оның ақысыз екенін білдірмеудің амалын қалай тапсам
qisyq
Әәәй, аға)))) Алдап ақша қысып қалмақсыз ғой…
patick
Билетті қолдан жасап, принтермен басып шығарыңыз
omarbirat
2000 теңгенің фискальный чегін көрсетіңіз. Ол чекте билет сатып алғаныңыз жазулы тұрмайды ғой. 2000 теңгені қалай жұмсау өзіңізге қалсын. Билетті кірген кезде контроллер алып қалды деңіз
meirzhan
Керемет іс-шара екен. Түнгі мұражай сияқты.
satibaldi
Ииииий, топтама жасаған кім екен өзі? Земескистен Форест Гамп қайда, Көпбаладан — Апокалипсис сегодня қайда, Аймановтан Алдар қайда? Топтама жасаған адамның 1985 жылдан төмен қарай туылғаны көрініп тұр, хичкокатқырдың.
qisyq
Жасаған 92-шы жылғы Санчо ғой.
omarbirat
Ашық далада кино қойылады, бірдеңе-бірдеңе деп жатыр еді тағы. Кейселлдің ұйымдастыруымен ғой деймін.
qisyq
Былтыр ҚБТУ артында Билайн жасап еді сондай.
omarbirat
Кевин Костнер ойнайтын "Қасқырлармен билейтін" (Dances With Wolves) фильмін қойса, жарты түн сонымен-ақ өтіп кететін шығар
monti
Нараяма туралы аңыз
мықт кино сияқт ғо, кеше ойлағам бүгін жазылсам барам деп
осы тектес аңызды бұрындары апалар ертек етіп айтып беруч ед
omarbirat
Бұрын сол кино ауылдағы клубта көрсетіліп еді. Ол кезде кино шыққанына 7-8 жыл өтсе де көрсете беретін ғой. Сонда ауылда біреу жапонның киносы дегенге, төбелесі бар боевик шығар деп ойлап барған екен. Сөйтсе, ішінде эротикалық көріністер жетерлік дейді
monti
 да жуу
негізі арт-хаус кинолар қуғынбай көрнед көбіне, маған ұнайд бірақ мына киноны кеше оқып отырып ойша анасын апарып тастаған бала қалай ойнайд кен деген ойда шомып оттым
monti
и ваще, жапондардың мінезін тану қиын, киноларының бәрі андай* қиын ойға, онда да көрем
Ottegin
Өкіл әке 1

Мына аудармаң джынды екен