Табыттың ішінен

Мариана –
Түпсіз терең шұңғыма ойдан жалықтым,
Айсберг-жүрегіме мекендепті алып мұң.
Таңертеңмен тереземнен күлім қағып жарық күн,
Талып-талып естіледі үні кешке табыттың.

… шынымен –
Жалықтым, кірледі кіршіксіз көңілім,
Бес күннің шеткері тұсында күлкі де, төрі – мұң.
Меридиан маңында өткелек тұр іздеп өмірім,
Экватор шалғайда қалды ма?..
Күттірмей кел енді, Өміршең – Өлімім…

Сені аңсап, қарашығы суланды жанардың,
Сені аңсап, таусылды, талайлы тағдырға тағар мін.
Ей, жалған өзіңнен таппаған бақытты күндерді,
Тар шеңбер, аядай, табыттың ішінен табармын…

Табиғат АБАИЛДАЕВ
Бөлісу:

23 пікір

satibaldi
Тотал фэйл дейді мұны @Gastarbaiter.
Не ғой, табыт ішінен шығатын «сырбаздық» стилі бізге орыстардан келген. Бізде табытпен емес, ақ матаға орап көметінін ең болмаса естідіңіз деп ойлаймын. Ендеше — жетекте кету бар сияқты. "Қабірдің" дегенде дұрыс болар ма еді. Ал жағырапиялық терминдер арқылы романтикалық реңк бере алмайсың, өліп бара жатсаң да. Ренжіме, кешегі теріс-оң зарядтарың сияқты, мұндағы жағырапияң өлеңнің сәнін тағы кетірді.
blackbeard
Вампирлерге қатысың жоқ па
Tabigat
Туысқандық болмаса)))
e_zhalgas
қырық екі әріптен құралған түсініксіз жиынтық. соңғы шумағын миды біраз жүктеп түсінуге болатын болса да, басындағы екі шумақты оқу процесі соңына дейін шыдатады деп ойламаймын. қысқасы, толықтай фиаско!
satibaldi
Өміршең – Өлімім…
Оксюморон тек Батыстық поэзияға ғана жарасады, қазақтардың миы мұндайды көтере алмайды, @e_zhalgas сияқты ішіп кетуі мүмкін.
blackbeard

Компьютер алдында отырып бұттан кете бардым
e_zhalgas
Қазақтың миы көтеретін нәрсені анықтайтын адам сен емес шығар, бәлкім. Ал мына жерде оксюморон саналы түрде емес, бейсаналы түрде, өзің айтқандай, жетектің соңында жазылған сияқты а-ля «осылай жазуға да болатын сияқты ғой».

Пы.Сы. Менімен күнде ішіп жүргендей айттың ғой
satibaldi
Әдебиет шолушысы ретінде обрызды айтақнымды неғып көргің келмей қалд. Сенімен ішкені несі құрысын.
e_zhalgas
satibaldi
Қазақтың миы көтеретін нәрсені анықтайтын адам сен емес шығар, бәлкім
Адам оқи-оқи статист болады. Танымал өлеңдер мен жұғымсыз өлеңдерде бір заңдылықтар байқай бастайды. Байқағаным — қазақтар парадокс аулаған, бірі екенші жағын теріске шығарып барып оңға шығарып тұрған өлеңдерді жақтырмайды, оларды тез ұмытады. Кемшілік емес, ерекшелік.
e_zhalgas
Оның дұрыс. Бәлкім, оның барлығы қазақ прозасының салыстырмалы түрдегі жастығын ғана дәлелдейтін шығар. Себебі, әдеби ізденіс көбіне туралық пен шындықты тура сипаттап берумен ғана есептеледі деп ойлайтын шығар. Әдебиет дамыған сайын оған қойлатын талаптар мен есептелінетін, ізделінетін, жазылатын сөздердің салмағы арта береді ғой.
satibaldi
Борхес пяншіктің сүйегін кеміре бергенше, "әлем хуйлықтарының хуйдебиеті" қауымдастығын ашсақ қайтеді?
e_zhalgas
ондай сипаттағы қауымдастық бар еді ғой, сенің блогыңның өзі жетеді  ол хуйлықтардың қырмашылықтарын меңгергенге…
satibaldi
Әне, сөйтіп қашасыңдар!
e_zhalgas
егер, талқылау ұйымдастырсақ қашпаймын, қауымдастық та ашайық, тізім де ұйымдастырайық. мен қолдаймын да, аяқтаймын да, негізі.
satibaldi
2 000 жылдан кейін шыққан қазақ шығармаларын жерден алып, жерге салсақ, әсіресе сен қара аспанды төндіріп, Борхес өмірбаянындағы аналитикалық қабілетіңмен жазушыны жермен-жекен етіп тұрсаң? Ал мен смайлдарды аямасам? А?
e_zhalgas
бойымды қоздырып (упс!), бұндай ерліктен бас тартпас едім, «вот беда», мен олардың ешқайсысын оқымаппын  Дидар Амантайды ғана білемін.
satibaldi
Әзірге соны талқандасаң, ал мен үриттеп, айтақтап отырсам?
e_zhalgas
жазғандары ұнайд! көзқарасыма қарсы жүре алмаймын  хехе!
blackbeard
Жаңа баба жауың құтты болсын деп айтуыма ерте ма әлі?