"Гарри Поттер және ажал сыйы: Екінші бөлім" - ақталмаған үміт



Сонымен, көзілдірікті сиқыршы туралы ұзын-сонар оқиға кітап бетінде де, экран бетінде де аяқталды (деп қояйық әзірге, әйтсе де кейбір сыпсың сөздер біздің заманның ең танымал кейіпкерінің бірі туралы жоба жалғасын тауып қалуы мүмкін дейді).

Голливудтың қазанын шайқап, қазысын кертіп жегендер әзірге Поттердің орнын басар, елдің есін алар кейіпкер таба алмай әлек, ал соңғы нүктені қойған фильм жайлы елдің пікірі екіге жарылып отыр.

Бесінші бөлімнен бастап соңғы үш кітапты экранға шығарған режиссер Дэвид Йейтсты жақтырмай қалғандар мен поттериананың таза фанаттарының пікірі бір болмай тұрған шақта, біздік ойға да біраз пайымдаулар жиналып қалыпты.

Шынын айту керек, киносы мен кітабы көңілге жағып жүрген бірден-бір шығарма осы Роулингтың еңбегі еді. Алайда, жетінші кітабын екі бөліп түсірген Йейтс әлденеше жылға созылған әсердің быт-шытын шығарды.

Жалпы, Гарри Поттер туралы кітаптар сериясының басты және бірегей ерекшелігі шығарманың қаһармандарымен бірге есейіп отыратындығында еді. Тыртықты бала өскен сайын кітап та мың сан құбылып, қарайып, салмақтанып, ауырлай береді. Басында жеңіл мағыналы, күліп қана оқитын бейкүнәлау туынды бара-бара көңілді баса түсетін, шым-шытырық, драма, триллер, романтика, комедия және фэнтези жанрларының қосындысына айналады. Бірақ, бұл – кітап. Ал, фильм…

Фильмды, әрине, жаман деуге келмейді. Бір қора адам ат салысқан, арнайы эффектілері сауатты жасалған туындыны жерден алып жерге салуға келмес. Оның үстіне, Минерва Мак-Гонагалл мен Северус Снеггтың бейнесіне тәнті мен үшін тіпті де жексұрын болмасы анық.

Алайда, өз басым жетінші кітаптан тапқан терең ойды фильмнен байқай алмадым.

Жалпы, түсіру тобы кітаптың мінезін ашамын деп, бәрін керісінше істеп алғанға ұқсайды. Себебі, қағаз бетінде еліктіріп әкететін әңгімелер экранда іш пыстырар қысыр сөз болып қалса, Роулингтың қаламынан шыққан шайқастар мен ақырғы, ақтық ұрыс Йейтстың еңбегінде тез-ақ аяқталып қалады. Үй күтуші эльфтар мен алыптардың ұрысын күтіп отырғаныңда бас жауыз Вольдеморт бүк түсіп жата кетеді де, өліп қалады.

Торығып, таусылып, тығылып жүрген Поттердің бейнесі де ашылмаған. Осы уақытта дейін Гарри, Гермиона, Ронның бейнесін сомдаушы басты үштікке қарсы айтылып жүрген сынға бұл жолы келіскендей болдым. Снеггтың рөлін әдемі аша білген Алан Рикманның жанында Рэдклифф те, Уотсон да, Грин де көзге қораш көрінеді екен. Тәжірибе кінәлі шығар бұл жерде…

Мен көрген кемшіліктер осы болды. Алайда, бұл олқылықтар осыған дейінгі жеті фильмнан алған әсерімді жоққа шығарды. Үлкен шығарманың финалы лайықты түрде үлкен экрандарға шығады деп ойлағам.

Осыған қарамастан, «Гарри Поттер және ажал сыйы: Екінші бөлім» — миллиард доллардан астам табыс тапқан жалғыз поттериан. Сірә, бұл адал фанаттардың берген қимастық белгісі шығар…
Бөлісу:

33 пікір

madlen
Кітап пен фильмді неге салыстырады екен адамдар?! Екеуі де бір оқиғаның желсімен болғанымен, екеуі екі өнердің туындысы ғой. Ал менің ойымша, кино жаман шықпаған. Кітапты осы екі фильмға тыға салса, онда сериал болып кетер еді. Кітапты оқымай-ақ киносына қызығап жүргендер де бар.

Жалпы байқағаным, егер бірінші кітабын оқып алсаң, сосын фильм қызық емес көрінеді екен немесе керісінше. Сол себепті де Сумеркиді оқымай жүрмін. Киносынан көбірек әсер алғым келеді. Кей кезде қолыма алып қалсам кітабын, маған дүниедегі ең скучңый зат боп көрінеді. Себебі фильмді ертерек қарап қойғанмын.

Әрине, фанаттардың барлығы сондай шедеврге лайық фильм күтті. Бірақ біткен іске сыншы көп. Роулингтің шеберлігіне, оның қиялына жетер фильм түсіру мүмкін емес шығар. Йетстен басқа адам қолға алса, мүмкін одан да жаман фильм шығушы еді. Себебі ол Поттердің соңғы бөлімдерін экранға шығарды. Одан басқа фильмнің аурасын толықтай түсінетін режиссер жоқ деп ойлаймын. Ну и еще, өзіндік экшн стайлды да қосып жіберді де, сондай кассовый фильм жасады. Ващпе круто болд
blackbeard
Еще, блоггер емеспін дейсің
madlen
Гарри болса болды ғой
blackbeard
Гермиона
konvict
Әчки тағвал деп қанша айтам көзіңе
blackbeard
Жооооқ сен неге тағы да @VKM — ны қосып отсың?
qisyq
Кітап пен фильмды адамдар салыстырады екен. Кино жаман шықпаған, оған сөзім жоқ. Бірақ, кітаптың атмосферасын бере алмаған. Йейтстың шатасқаны сол болды. Бірінші бөлімде бере алды ғой! Немесе Крис Коламбус көрсете алды ғой кітаптың шынайы бейнесін! Өткен жылғы «ажал сыйының» бөлімі ұнаған-ды. Финалы шықпады енді. Шығара алмады.
Жалпы байқағаным, егер бірінші кітабын оқып алсаң, сосын фильм қызық емес көрінеді екен немесе керісінше.
Мүмкін, сенде солай шығар. Мен «Сумеркидың» фильмын көріп ұнатпап едім. Кітабн кейін оқыдым, жаман емес.
Пікір түзетілген: 25 тамыз 2011, 20:21
Esmeralda
Кітап пен фильмды адамдар салыстырады екен
Дұрыс айтасыз, кітапта мынадай, ал фильмі мынадай деп салыстырып жүреміз ғой әдетте.

Сірә, бұл адал фанаттардың берген қимастық белгісі шығар…
blackbeard
@Esmeraldaaa, entus omooo!
Veves loso voue lamoooo ooo!
Esmeeeraldaaa-a-a! деген өлең есіме түсіп кетті
Esmeralda
Әнші екеніңізді білмеппін
blackbeard
Ауған соғысына барғанымды да ешкімге айтпай жүрмін
qisyq
Исматулла мақсұммен байланысың жоқ па?
e_zhalgas
Балалық шақпен қош айтыстық. Кішкене, есейетін кез келген сияқты. Мен Роулингтің кітаптарын оқымаппын, бірақ шығармасының желісі бойынша түсірілген фильмдер өте ұнайды. Бұл фильмде Профессор Снейп (ағылшыншасында осылай), Рон Уизли мен Драко Малфойдың образдары өте ұнайды. Рикманның өнеріне қатысты ойларыңмен толық қосыламын.

Пы.Сы. Маған соңғы екі бөлімі де өте ұнады. Финалының кітапқа қанша дәл келетінін білмеймін, бірақ маған өте ұнады. Миллиардқа лайықты…
qisyq
Келісемін, Руперт Грин образды салыстырмалы түрде шығара алған. Рэдклифтен көңілім қалды енді Малфой да жарады. Басынан бері-ақ жақсы әрі сәтті шыққан рөл ғой.
Менің ойымша, поттериананың ешқайсысы жаман емес. Тек соңғысы үмітімді ақтамады. Алайда, сөзің рас, ең болмаса алдыңғыларының еңбегі үшін миллиард алғаны жарады.
Кітабын оқуға өте-мөте кеңес беремін, Жалғас.
e_zhalgas
Иа, оған уақыт тауып, оқып көру керек екен.

Пы.Сы. Тағы біреуін ұмытып барады екенбіз — Беллатриса Лейстрейндж (Хелена Бонэм Картер).
qisyq
Ол заңдылық қой)))) Хеленадан басқа біреуді елестете алмаймын сол образда))))))))
meirzhan
Осы актрисаға (әлде образға ма) көзқарасым 175 градусқа өзгерді Поттериананың соңғы бөлімін көргенде.
qisyq
Образ шығар сенің айтып отырғаның)))
meirzhan
Сұрқия күлкісінен тиылып, әлгі Гермиона бола қалатын киноның тұсы бар емес пе. Сондағы Беллатриса күшті. Қара күштерді қолдайтындардың барлығы сүйкімсіз болып кететін шығар. Мәселен Снегг те қара болғанда ұсқынсыз болды. Волан-де-Морт та оңып тұрған жоқ.
Гарри Поттер қара күштерді қолдаса түрі қандай болады екен. Сол қызықтырады.
qisyq
Актерлардың шеберлігі ғой ол Сосын адамның қабылдау психологиясы. Снегг бірінші бөлімнен-ақ менің сүйікті кейіпкерім. Поттер сияқты біржақты емес, өте күрделі тұлға. Кемшілігі өте көп, алайда өзін түзу жолға (салыстырмалы түрде) сала алған адам. Рикманға респект.
Гарри қара күштерді қолдаса… шамамен Питер Петтигрю сияқты болатын шығар)) Елестете алмадым.
e_zhalgas
Өлтірдің!  Снеггтің «Мистер Пот-т-е-р-р» дейтіні қызық!
qisyq
Фильмдерінің жақсы шыққан мынадан көр: мен кейде фильм мен кітабын шатастырып алатынмын)))
Шынымды айтсам, кітабындағы Снеггтың бейнесін сол Рикман арқылы ғана шығара алдым. «Минус десять баллов, мистер Потттер...» дей ме))
meirzhan
Қиялымды сығымдап қысып едім, көзілдірігін шешіп, қара линща киген Гарри елестеді.

Міне, Снегг деген барлық бөлімдердің құпиясы болды. Центроваф фигура деуге де болады. Біреулер Снеггты ізгі күштер қатарына жатқызса, екіншілері оны Дамблдордың жақтасы деді. Кейбірлер тіпті 6-шы қауымдастыққа қосыпжверпті.
e_zhalgas
Бұл актриса өзінің кез-келген образын, рөлін ең жоғары деңгейде орындайтын актрисалардың бірі мен үшін  Тим Бертонның фильмдеріндегі рөлдерін көрсең, ол актриса туралы ойың, тағы бір рет жақсы жағына қарай өзгереді
qisyq
Бойцовский клуб. Алиса в стране чудес. Король говорит…
Пікір түзетілген: 26 тамыз 2011, 11:06
e_zhalgas
Соңғы «Король говорит» дегенін көре алмай жүрмін
madlen
Эх ты, неге жүрсің қарамай ол фильмді?!
Колин Ферттың высший пилотажы!!! Рекомендеймін!
e_zhalgas
кинотеатрға апаратын адам болмады уақытында
meirzhan
Тим Бертон күйеуі екен ғой.
abiwka
osy jazuwi kezinde kedey bolghan jane de alghaw tuindisin ajethana kaghazina jazghan desedi sol duris peken kim biledi?
AzamatToyshybek
Фантазия жанрында жазылған демесеңіз кітабы бір шедевір