Қара қыз


заказ бойынша салдым
A3, құрғақ қылқалам
Бөлісу:

37 пікір

Karakyz
А неге Қара қыз?)
Abilakim
көк қыз дегеннен жақсы ғой
boztorgai
Arhun інім натурщица жандарды бір өзі тамашалау құрметіне ие
KILYZAMAN
Архун бауырым осы сенің, виртуал көрмең бар сияқты еді ғой. Соған сілтемеңді тағы бір еске салып қойшы…
Arhun
блог www.artonline.ru/artist_gallery/talga
енде жеке сайт сияқтыны ойластырып жүрмін
KILYZAMAN
 барымташылардан сақ бол :-)
qisyq
Не деуші еді. Қолыңа Құдай қуат берсін…
TOTY
Туынды деп осыны айт. Өнер!
Meru
 Қара емес қараторы қыз сияқты))
Abilakim
аттың торысы,қыздың қараторысы жақсы.Тексерілген. Торы атым болған)))
Beytanis
Мәселе, түр-түсінде емес, ішкі жан дүниесінде.
Arhun
қара қыз деп атай береді ғой негізі
Қараторы деген сөз есіме түспей қалғаны қарашы
Beytanis
Атауын қоя бер, бейнесін әдемі келтіргенсің. Жарайсың!!!
meirzhan
Дәл фототүсіргішпен түсірілген фотосурет сияқты екен.
Arhun
Рахмет!
meirzhan
Соңғы кезде интернетте саған суретімді салып берші деп айтып жатқандар көбеюде. Сенің салған суреттеріңзді көріп тамсанғандықтан айтады.
tvoya_A
«Сенің» салған «суреттеріңзді» көріп тамсанғандықтан айтады.
Сонымен сіз ба, сен ба?
meirzhan
Осылай жаза берем мен. Әсіресе құлаққап кигенде ондай-ондай болып тұрады. әріптердің де орны ауысып кетеді.
tvoya_A
Туған күніңмен? Негізінен, бұл сөзді күнде айтқанымызбен, шындығында, бұл қызға емес, бұл қыздың анасына айтылатын сөз ғой ол. Бұл қыз емес, анасы туды ғой.
Ал мына қызға «туылған күніңмен! „- деген жарасады.
Beytanis
Архун мырза салған суреттегі қыз бен сенің аваң арасында ұқсастық бар секілді?
tvoya_A
Жоға, мен бұл қызды танымаймын. Архун мырза менің де суретімды салғандықтан шығар.менің суретімнің тақырыбы "Қара шашты қыз" болғандықтан ұқсастық бар шығар.
Beytanis
Қара қыздар болғандықтан ба?! Жалпы біріне-бірі ұқсайтын адамдар бар ғой…
tvoya_A
Бірақ мен қара емеспін, мүлдем, қараторы да емеспін… жай суретке солай түсіп қалған шығармын, бұл қызға ұқсатқаныңызға таң қалып отырмын. Шын мәнінде — ұқсамаймыз
Beytanis
Көлеңкеге байланысты туған жаңсақ пікір болар менікі.
tvoya_A
Мүмкін…
Beytanis
Анығы солай. Мен қателестім.
xawgim
тамаша арқұн, онерың ұстем болсын