Жолданбаған хаттар
Кешірші мені, Заңғар!..
Қызғаныш оты өртесе де қызба сынменен,
Сүйемін деп айта алмай қыз басымменен.
Өр сезімді өршітіп, ізгі асылменен,
Мойындай білмегенім үшін…
Кешір, кешір…
Мұны айтып көрмегенім үшін.
Әміріне жүректің көнбегенім үшін.
Саған көңіл бөлмегенім үшін…
Кешір… кезінде
Көл қылып көз жасыңды төккенім үшін.
Мен үшін көп азапты шеккенің үшін…
Қадіріңді біле алмай кеткенім үшін,
Мұң сыйлаған мына кеш, көктемім үшін
Кешір МЕНІ...
КЕЗІМ еді дей алмаймын махаббатты шын ұққан,
Арыла алмай қойдым, бірақ, неге мұндай қылықтан.
Мейлі, қанша мойындай алмасам да сезімді,
Бірақ, бірақ жырым алыс кете алмайды-ау шындықтан…
Алматы, КазГУград
сәтті шыққан жолдары да бар.
желкесінде көзі бар.
сегізінші көз деген не осы, Сатеке?
сат сіз неге осы өлең жазғандарың бәріне қарсы боласыз?
алдында бір бала бов ед ғо осында, соғанда жаман пікірлеп жазып, былай дид негізі ламалар: айтарын болса тек жақсылығын айт да, жамандығын ішінде сақта деп
пик*пик*пикдейтін пікірніз есімде"ӨЛЕҢ жазған адамға ләм деп көрген емеспін"
(ал мыналар өлең емес дегені ғо))
ондай оймен ілген болса, пікір жазу мүмкіндігін ажыратып тастау керек шығар.
Өлең жазатындар керісінше сын/пікір/лебіз есту үшін әдейі салады осылай.
Ретімен сын айтылса ренжімес
— Әрі жүріңдер, ол менің қай туғаным ед! — деп еді клуб бастығы.
Сол бір салқын көрініс есіме түссе жүрегімді жаншып өтеді…
тууу қыздар, неге осы валентинкалар таратпайд кен? қазақ қыздары ғана берген валентинканы алып жүре береді ме, жоқ мен өзім беремін дейтіндер де бар ма екен
ПС. Сатыбалдының коменттерін айтам