"Жарнама туралы" "тесік" Заң һәм Алкогольсыз сыра - 2

Сонымен… Бұл мақаланың басы, яғни «Жарнама туралы» «тесік» Заң һәм Алкогольсыз сыра" атты пост жеке блогымда былтырғы желтоқсанда жазылған болатын. ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты М.Әбенов ағамыз осы жағдайға байланысты маған бастама көтеріп, көпшіліктің қолын жинап, ауқымды масштабта қозғалыс жасасам, онда Парламент қабырғасында бұл мәселенің әбден көтерілуі мүмкіндігін айтқан болатын. Бірақ менің қызметім журналистіктен мүлдем бөлек болғандықтан, басталған іс аяқталмаған күйі қалды. Қоғам да сол баяғы мамыражай тірлігімен қала берді. Дей тұра Атырау қаласының орталық көшелерінің тұсынан өтіп бара жатып, мына бір сорақы жарнаманы көріп, амал жоқ, осы мақаланы тағы жазып отырмын.

Өздеріңіз білесіздер НЛП деген дүние бар. Яғни «Нейро лингвистикалық программалау» деген сөз. Бұл ақпаратты адамдарға жеткізудің ешқандай тікелей һәм физикалық жанама күшсіз, саналық деңгейде қолданылатын құрал. Ал мына алкоголь сатушылар мен олардың жарнама агенттіктері сіз бен бізді арақтың құлы ету үшін осы бір құралды өз істеріне шебер пайдаланып келеді. Соның айғағы дәл осы мен сөз етіп отырған алкогольді жарнамалау боп табылады. Олар «Алкогольды ішімдіктерді жарнамалауға болмайды» деген заңнан қандай тесік тапты? Кәдімгідей! Дәл сол алкогольды ішімдікі сол күйі жарнамалады да астына «АЛКОГОЛЬСЫЗ ІШІМДІК» деп жазып қойды. Сөйтті де Заңнан тесік тауып құтылды да өз бизнесіне тыңнан жол ашты.

Ду қол шапалақ!

Алайда біздің және қоғамның пайдасына емес. «Мәселе қайда» дейсіз бе? Мәселе сонда, жарнама деген оқулық құрал не роман-повесть емес. Адамдар жарнаманы оқымайды, оны көреді! Бар болғаны 1 не 2-ақ секундқа назарын салады да көзін жалтарып әкетеді. Ешбір адам баласы жарнамадағы «АЛКОГОЛЬСЫЗ ІШІМДІК» деген сөзді оқып жатпайды. Оқыған күннің өзінде оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Бірақ… Сол бір қарағанның өзі жетіп жатыр. Жарнама визуалды түрде санаға сіңеді. Ал біздің арақ шығарушылар визуалды түрде қандай жарнама шығаруда, білесіздер ме? Ендеше суретке қараңыздар. Бұл — барып тұрған сорақылық және қоғамды арақкештікке тікелей шақыру! Мұндай жарнамалардың қанша адамды арақ ішуге қала берді сыра ішуге тартқанын бір Аллаһ білер! Құттықтаймын, Қазақ, сені арақкеш еткісі келетіндер айналада толып тұр. Бірақ сен оған мән де бермейсің. Құрисың-ау…
Бөлісу:

18 пікір

asaubota
Қыркүйектің 30-ынан бастап алкоголь сатылу пайызы өседі.
timurrr
Маған десе сатылмай кетсін, ағасы…
omarbirat
Тамыздың 30-ынан?
asaubota
ох, иә тамыз екен ғо
timurrr
Конвиктің қуатының күштісін қараңыздар)) Бақандай +4
e_zhalgas
алкоголь сатушылар мен олардың жарнама агенттіктері сіз бен бізді арақтың құлы ету үшін
Құттықтаймын, Қазақ, сені арақкеш еткісі келетіндер айналада толып тұр.
Мына екі сөйлемнің көтерген мағыналық салмағын қанша қинасам да миыма меңгерте алмадым
timurrr
Ееееееееееееее, Жалғас...
sammita
Шымкенттің салқын сырасынан бір жұтым.
Abilakim
жұттым деген екі «т» әріпімен жазылады))))
timurrr
Бұ кісі «жұттым» демейді «жұтым — глаток» дейді…
Abilakim
Әшкилі адамдар анық көреді ғой…
sammita
 Әбіл әкімнің әзілі ғо.
edige
сіз бен бізді арақтың құлы ету үшін
Алушы: — Неге сыра сатпайсыңдар? — деп өздері айтады ғой
timurrr
Анадай жарнамадан соң ішкіш түгілі ішпейтіннің өзі жұтынып кететін болар…
edige
мысалы маған бәрібір, 3D етіп ағызып қойса да…
timurrr
Мен үшін де бәрібір. Тап сол жерге келіп цистернамен тегін таратса да. Бірақ бұл қоғамда сіз және бізден де басқа адамдар бар сондай-ақ сәбилер мен еліктегіш жасөспірімдер бар.
Abilakim
Жалпы, бөтелкемен сатылатын сусындарды жарнамалауға тиым салса… Тәрелкеге құйылған сыраның жарнамасы шығатын шығар, я…