Таныс болыңыз: Камызяк құрамасы



Менің таныстырғалы отырған командам Қазақстандыкы емес. Ресейдің премьер-лигасында 1 жылдан бері ойнаса да, көпшілікке танылып үлгерген команда көрші елдің Астрахань облысы, Камызяк ауданынан. Қазақтар мекен еткен өлкеден келген команданың ерешелігі неде деген сұрақ туындайтыны сөзсіз? Айтайын: Олар бүкілресейліктер үшін түсінікті болсын деп бас қатырмайды. Өз ауылдарында айта беретін жаргондар мен сөз тіркестерін қымсылмастан айта береді. Сонысымен де жұртқа қызық шығар, әйтеуір залдағылар үнемі қыран-топан күлкінің астына қалады. Мысалы, сөз қорларында: «Түйууу...» (қазақтардың қателескенде айтатын энтонациясы ғой), «Ох, жук а?!» (Біреуге қапаланғанда), «Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары). Осы секілді, тек Камызяк ауданының адамдары айтатын дыбыстармен Ресейдің көзайымына айналды  

Сонымен таныс болыңыз: «Сборная Камызякского края»





Бөлісу:

15 пікір

asaubota
мынаны қалай көрмей қалғанбыз. ана тақырыптан үлкен желаниемен келіп отырмын.

рахмет бырат, шынымен уник команда екен.
nurbergen_makym
Ия, жыртад, ептібайымайдтар! Қазззақтар!)))))))))))))))))))))))))
asaubota
соңғы видео капец!!!
Zilola
Тақырыпқа қарап футбол екен деп, айналып өтіп жүрсем ))
Gastarbaiter
Главный перецтың стилі Қоянбаевтан аумайды екен. Косит сука
asaubota
patick өз тақырыбына бірінші болып піір жазып, эфирге шығаруға ұялатын жігіттерден екен өзім сияқты
asaubota
манадан бері Ютубта отырм, мыналарды қарап
Gastarbaiter
Театр одного актера сияқты екен командадан бұрын
Abilakim
Дауыс берейін десем уақыты аяқталып қапты
balenti
оуу Азамат))) мықты жігіттер, вот Жук скинул дегеніде Камызяктын жаргоны шыгар а?))) жалпы ойындары мықты…
Gulistan
Өткен демалыста болған КВН-де бірінші рет көрдім, маған ұнады. Батырхан Шүкеновке ұқсас жігіттің орысшасы мықты екен, сол -ау деймін командасын сүйреп жүрген.
KILYZAMAN
Өткір пышақтың жүзін алмаспен алатындар екен… Азаматымыз аман болсын!!!
Aldeken
«Дүжш» (сот отырысындағы балғаның тарсылын ауызбан айтқандары).
соңғы фишкалары: «Ну че, погнали, дігідік, дігідік, дігідік»