Сүйікті де, сүйкімді әпкелер!

Сәлем бердік ағайын! Қасиетті Рамазан айының да аяқталуына аз қалды, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, жиған сауаптарыңыз еселене түссін деймін!  
Асханадан бөлек анда — санда қолөнер жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін. Түрлі сыйлықтар мен сувенирлер (базарлық, кәдесый) жасаған ұнайды. «Бисер және майда моншақтардан не жасауға болады екен?», — деген ниетпен видео іздеген болатынмын. Түрлі-түрлі бұйымдарды көріп қызығып кеттім. Сонымен бисер және майда моншақтардан жасаған бұйымдарды назарларыңызға ұсынамын. Суреттер сөйлесін…
1. Алдымен жіңішке сымға жасыл түсті пайетка мен бисерді кезекпе-кезек тізіп шығамыз.

2. Дәл ортасынан бөліп, екі жапырақ жасаймыз. Сымдар бір бағытта айналуы тиіс.

3. Енді, дәл осындай әдіспен гүлді жасап шығамыз.





4. Екеуін біріктіріп гүл жасаймыз. Дайын! Мұндай гүлдердің бірнешеуін жасап, букет жасауға болады. Мен тек біреуінің үлгісін жасадым.



5. Келесіде бисер мен моншақтардан ағаш жасадым. Керекті заттар:

6. Мұны да дәл сол әдіспен, сымға тізіп, бір бағытта айналдырамыз. Бірнеше бұтақтарын жасаймыз.



7. Осының бәрін біріктіріп, үлкен бұта жасадым.

8. Ағашты отырғызатын ыдысқа (видеода кеспенің ыдысын алған, мен де сол кеспенің ыдысын арнайы алдым) топырақты салып, пластилинмен (ермексаз) бекіттім. Ағаштың түбіне сырты боялған ракушкамен (бақалшық, қабыршақ) және түрлі бисерлерді қойып әсемдедім. Қызғылт бисерден жасалған ағашты @Gulistan әпкенің өзі сынды әдемі суреттеріне ғашық болып  сакура ағашына ұқсатқым келген, ұқсамай қалған сияқты ма сондай…  Жұмыс бітті!



Бағанадан байқап отырған боларсыздар, бисердің барлығы қорапқа салынған. Оны да осы сайтымыздағы @KILYZAMAN ағайдың берген инфосын пайдаланып жасаған болатынмын. Ағайға алғысымды білдіремін, өте оңай әрі тиімді екен.

Тағы бір тоқылған моншақ пен сырға.

Бұл жазбада негізі @Altygradus әпкеге уәде еткенімдей сүйектен жасалған ілмектің суретін салдым. Әжемнен қалған көненің көзі, жақында қолыма тиді.

Бірақ, ілмекпен тоқи алмаймын, видео сабақтарды көріп, үйреніп жүрмін. Айтпақшы, тағы бір жазбада @sammita әпке «вышивание крестиком» туралы айтқан болатын. Соның ішінде суреті беріледі, соны үстінен тоқу туралы сұраған, сондай кесте түрін алдым, бастадым.

Бірақ, ақ матаға өзің есептеп отырып тіккен оңайырақ сияқты, мынаған қарағанда. Себебі, ішінде жіптер нөмірленбейді және жіптің көлемі де есепке алынбаған. Кей жеріне жіп жетпей қалады, суреттің де шекарасы дұрыс салынбайды екен. Сонда да кестені бастап кеттім, нәтижесі жақсы болар деген үміттемін. Міне, қол тигенде жасаған бұйымдар осы! Енді, асхана жаққа қарай кеттім

Пы.Сы. Тақырып әпкелер туралы болды, бір жағынан ертең туған әпкемнің туылған күні! Қонақ күтеміз деп қол тимей қалуы мүмкін, сондықтан бүгін жаздым. Суреттер анық болмауы мүмкін, себебі кішірейтіліп салынды. Шалалықтарым үшін алдын-ала кеЧірім сұраймын, қарағандарыңызға рахмет!Аман болыңыздар!  
Бөлісу:

15 пікір

Altygradus
ооо әжеңнің ілмегі супер
гүл ыдысқа салған композиция ұнад
Gulistan
уау, Уау*дан басқа сөз түспей тұр аузыма. Бұны жасау үшін ерекше қажырлық, қайрат пе уақыт керек қой. Осының бәрін үйлесімді етіп қолданғаның үшін қолыңды аламын.
Бірінші шедевр лилия гүліне ұқсас екен, ал төменгі "қызыл ағаш" деп атап кеткеніңді бонсайға ұқсаттым.
Пікір түзетілген: 23 тамыз 2011, 18:30
rakisheva
Сууууууууууууууууууууууупер!
KILYZAMAN
 Өнерге деген(қол өнері) үлкен сүйіспеншілігіңе тәнтімін айналайын Ака! Ана қорап жасау әдісінің керекке асқанына тіпті қуандым. РАХМЕТ!
Esmeralda
Күшті менімен жасты болсаң да көп нәрсе қолыңнан келеді, сенен көп нәрсе үйрену керек екен, комменттерің де күшті)
Пікір түзетілген: 23 тамыз 2011, 22:20
Erkekyz
Уа, Ака, жарайсың!
Осындай ілмекті бірінші көруім, бағалы бұйым ғой. Менің әжем тоқыма түгілі ине ұстап көрген емес, бірақ ұршықтары бартын, жіп иіретін, ол кездері мен кішкентай едім.
Кестені де бірінші көруім, осындай болады екен ғой деп ойлап отырмын. Санап істеп, бас қатырмағаннан кейін дым қызық сияқты ма, қалай .
AKA
Аха, келісемін, есептеп тіккен жақсырақ екен  Айтпақшы, сізге де алғысымды білдіремін, тоқымаға қызығушылығым артты, сіздің тоқыған дүниелерді көргеннен кейін
sammita
күшті!
@sammita әпке «вышивание крестиком» туралы айтқан болатын
осы жерден аздап қателік кеткен сияқты, никтен
Ана «Керекинфо» деген қорапшаны ішіндегісімен, сайттың Астанадағы бас кеңсесіне жіберуді талап етеміз
AKA
Жооқ, алдында суреті дайын кесте туралы айтып едіңіз ғой, соны ойлап жазғаным ғой.  Рахмет, сіздің жазғандарыңыз бар ғой, енД сооондай
satibaldi
@KILYZAMAN ағайдың берген инфосын пайдаланып жасаған болатынмын.
Бітті, енді @KILYZAMAN — шелек.
monti
күчт суреттер, өнерің өрге жүзсін, ал ілмекті өзің жасап алдың ба? надо же, сүйекте іске асад, сырттарын, кашап, күйдірдің бе чтоб жіпті іліп қалып, қыжыр/мыжыр бомау үшін?
AKA
Рахмет, жазбаны оқымадыңыз ба, әлде байқамай қалдыңыз бе екен…
Әжемнен қалған көненің көзі, жақында қолыма тиді.
… қалай жасағандарын білмедім, бірақ сүйектің сырты теп-тегіс, жылтыр, сіз айтқандай қыжыр/мыжыр бомау үшін ғой
jako_83
кәрі жілік мұжисың, әдемі етіп жігітім сұлу болсын деп, содан кейін әдемі болып қыжыр мыжырсыз жіп ілінетін біз дайын болады