Парадқа дайындық қалай?









Бүгін Тәуелсіздік сарайы алдында 30 тамыз күні өтетін әскери парадтың алғашқы дайындығы туралы қысқаша репортаж жасауға барғанмын. Дайындық жақсы өтіп жатыр. Парадқа 2000-нан аса әскери қызметші мен 200-ден астам әскери техника жұмылдырылғалы жатыр. 25 шілдеден басталған дайындықтың жақсы екені алаңдағы саптық шеруде айқын көрінді. Астана маңындағы Қырқыншы станция жақта далалық лагерьде 172 палатка тігілген. Оның ішінде 9 шаруашылық пункт тамақтандыруға арналса, әскерлерді жуындыру үшін 6 далалық монша үздіксіз жұмыс істеп тұр. Оған қоса бір мезетте 82 адам жуына алатын душ та іске қосылған. Әскери мамандар керек-жарағын алу үшін далалық дүкен жұмыс істеп тұр. Медициналық пункт бар. Әскери қызметшілерді аспен қамтамасыз ету жауапкершілігін «Нұр ислам» фирмасы өз мойнына алыпты. Сенбі, жексенбі күндері әскерилерді Астананы аралатып, Алжир музейіне апарған. Биыл парадқа жаңадан төрт қорап қосылған. Былтыр әйелдер «коробкасы» біреу болса, биыл екі «коробка» қыздар сапта жүріп өтпек. Сосын теңіз шекарашылары, тау атқыштар бригадасы келген.
Парад-2011 лагерь жиынының бастығының орынбасары подполковник Ринат Ахметов парадты жыл сайын өткен дұрыс дейді. «Себебі, Астаналықтар мен қонақтардың бәрі түгел келіп көреді деп ойламаймын, былтыр келіп көре алмағандары биыл келіп көреді. Қарулы Күштерді, әскери техникамызды өз көзімен көргені дұрыс. Ол Отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелейді», — дейді.
Суреттерді өзім түсірдім.
Бөлісу:

17 пікір

Erbol
Жыл сайын қырауар ақша шашып, парад өткізу не сән екенін түсінбеймін. Былтыр да жыртылып жатыр еді. Бізден басқа бір елді көргем жоқ, қит етсе парад өткізетін.
balzaminka
бізді түсініп болмайды ешкім. Біресе өзге мемлекеттерді қайталайды дейміз, біресе дара дейміз.

Өз басым мұндай парадтарды қолдаймын. Адамға патриоттық рух беретін осындай парадтарға кеткен ақшаны санаған жөн болмас )
Erbol
Онда менің туған күніме де парад өткізуді мемлекеттен талап етем
balzaminka
не ғо, сөз еркіндігіңізді ешкім шектеген жоқ, тағы да не талаптайсыз?
Erbol
ештеме, ары қарай сөйлем жарыстырғым жоқ.
19852407
Ресейге еліктейді дымдары қалмай
Бірақ, ресейдің қарулы күштері, техникасы, ұщақтарына жету...
asaubota
Ақтөбеде өтсін бір рет
edige
ТМДдагы үздік қалада неге отпейді
e_zhalgas
парад өткізуді мен де түсіне алмаймын. мақтана алатын нәрсені көрсету керек қой, ал қазақстан әскері мен техникасы мақтануға тұрады деп айта алмаймын
Erbol
Ол да бар, сосын екінші экономикалық жағын айтам. Қырауар қаржы жұмсалады. Одан да сол ақшаға ауылдарға жол салсын. Бір ауылдың болса да мәселесі шешіледі. Шулап, үйсіз жүрген әскерилерге үй салып берсін. Экономикасы дамыған АҚШ-тың, Жапонияның жылда парад өткізіп жатқанын көрдіңдер ма? Мына тұрған орыстар да жылда өткізбейді.Біз ғана дарақы. Былтыр өтті, болды емес па.
sammita
2009 жылы парад өте жақсы өтті.
Былтыр 2010-да «ешқашан болмаған парад болады» дегені расталмады, көп бөлігін алып тастап, қысқартып өткізді.
Парадтың болуын қолдаймын. Тек, ескі әскери ұшақтармен аспанда өнер көрсетуі қорқынышты.
satibaldi
1995 жылы есептен шығарылған техникалар.
Erbol
АҚШ әскерінің қоқысқа тастаған Хаммерлері…
satibaldi
БТР-ларды айтсайш 70 жылдармен сасып тұрған, тап қазір Ким Ир Сен шығып, салтанатты шеруді бастап жіберердей…