Бір іскердің ескертуі
Шаблоннан көп нәрсе жоқ қой қазір. Тіпті ағылшынтілді бір ресурста… қызға жазатын хаттың шаблонын көргенмін! Иә, қыздың атын енгізсең — бітті: «О, менің… махаббатым!» деп басталатын өлең де жазып тастайтын )))
Ал енді түйіндеме, арыз жазудан бастап, бизнес-жоспарға дейін көшіріп алып жүргеніміз жасырын емес. Өкінішке қарай, Инет бас орнына бас боп бара жатқандай. Соның бір зардабын тарттым десем де болғандай.
Әлқисса, бір күні маған қызық программа жазу туралы идея келді. Мағынасы — ойындар ұйымдастырып, сол ойынның ішінде жарнама орналастыру. Программаның нұсқасын әр жерге, әркімге бір көрсетіп жүргенімде, жарнама мен өсектің күшін айтсайш: бір күні телефоным шыр ете қалып, қоңырау соғушы өзін қаладағы атақты болмаса да, қарымы біраз бизнес-қайраткермін деп таныстырды. Иахуууу! Қазақстанда да бар екен ғой стәрт-әптерге қызығатындар! Шарты былай: бизнес-жоспарыңмен бірге кел, сосын барып қарастырамыз. Бизнесті қай бір дөңгелетіп жүр дейсің: ұлы мәртебелі Google-ге сұрау салып, бизнес-жоспардың шаблонын көшіріп алдым. Апыл-ғұпыл өзгерткен болып, айтулы азаматтың кеңсесіне бара қалдым.
Алдымен, барлығы жылы басталды.
-Еее, сен бе жұрт айтып жүрген жігіт, кәне жобаңды көрейік. Бірақ мен Мұса әлде Иса пайғамбар емеспін, тегін ештеңем жоқ: пайда әкелетініне титтей де күмәнім болса — лақтырып тастаймын!
Имене-ұяла «Бизнес-жоспарымды» алдына ысыра бердім.
— Немене? — деп баж етті бір кезде, — «Скоро мы станем лидерами в данной отрасли!» дейді? Әуелі лидер болып алып, сосын келмейсің бе?
"Әтеген-ай ақымақ басым, әншейінде ауыз жаппас, тап осыны өзім жазып әкелсем нетті" деп, ойша құлағымды бір шымшып алдым.
Аз-мұз қызараңдап-көгереңдеп оқып отырып, тағы бақ етті:
— «По нашим данным, предполагаемый контингент ПО сотсавляет 35% от общего числа пользователей» дейді? Мұндай статистиканы қайдан алдың? Қайнар көзді — студияға! Кім берді мұндай статистиканы: статистика басқармасы, әлде «одна бабка сказала» ма?
Осы жерден аман шықсам, бір бұрышқа барып, өзімнің сазайымды беруге нық бекіндім: ұятын айтсайш!
— «Экономэффект от проекта составляет 3000 процентов» дейді? Көкем-ау, мұнай мен бензин саудасы әдіре қалды десейш! Сен бала, талабыңды түсінем, бірақ мынауың іс емес. Алдымен жаса — сосын кел! — деп, кетуіме ишара білдірді.
Сол күнгі көңіл-күйімді құдайым ешкімге бермесін! Ендігәрі шаблон көшірсем бе осы…

бір прикол айтайын на реальных событияХ: әдемі бір мекеме, неглупые люди, бәрінде ЖОО қып қызыл бір емес, екі дипломы (кадр бөлімінде істесең, бәрін білесің), содан бір күні зейнетке шығып кеткен, бірақ жұмыс істеп жүрген бір топ қызметкердің келісімшарттарын ауыстыру керек болды. Содан, бір нұсқасын жасап болған соң, департаменке шақыртып алды. Келсем, бүкіл келісімшарт жасалып қойылған, директордың қолы, мекеменің мөрі тұр. Ал ішінде, тек аты ғана өзгертілген, басқа инфо сол қалпы, жасы, мекен жайы, рнн, сик, уд.лич., айлығы дегендей! Аузым ашылып қалды.