Қаңғыбас иттердің отряды

Осы алматыда не көп, қаңғыған иттер көп. Қаңғыбас иттердің отрядын Абай даңғылының қақ ортасынан да кездестіруге болады. Ол иттердің денсаулықтарын ешкім бақылап жатқан жоқ. Олардың қаншасы құтырған ит екендігін Құдай біледі.

Жақында Қызылордада бес жасар баланы құтырған ит қауып алыпты. Дәрігерлерге қаралмағандықтан бала құтыру ауруынан көз жұмған. Осындай жағдайдың еліміздің ең үлкен қаласы саналатын Алматыда орын алмасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Қаланың қолында билігі бар шенеуніктері қымбат көліктерге мініп, қаланың ең таза, ең жайлы көшелерімен жүрып, ең қымбат әрі ең қауіпсіз аймақтарында тұратындықтан ба, соқыр адам да байқап қалатын келеңсіздіктерге мән бермейді.

СЭБ басқармасы ма еді қаңғыбас иттерді аулайтын? Кім болса да қаңғыбас иттерді аулаудан пара алмайтын болғандықтан басын қатырып жатпайтын секілді. Мұндай іске МАИшниктерді жексең де іс өнбейді
Бөлісу:

66 пікір

satibaldi
Ол иттердің денсаулықтарын ешкім бақылап жатқан жоқ.
Лібә, адамдардыкін ешкім бақылап жатқан жоқ оның қасында.
meirzhan
Кім болса да қаңғыбас иттерді аулаудан пара алмайтын болғандықтан басын қатырып жатпайтын секілді.
Осы үшін де пара беріп жатсақ. Муахаха.

Көшеде тапа-тал түсте СЭБ-тіктердің иттерді атулары да байқалған екен. Ауырған иттің емін іздегенше, атып өлтіргенді тиімді көретін сияқты олар үшін. Қаззззақтар.
rakisheva
Оларда тірі жан ғой Жүрсе жүре берсін, менін ойымша олардын жургенінен Алматынын кошелері тарылып калып жаткан жок. Баратын уйлері жок болса кайтеді енді, кошеде журмегенде
Qojeke
Майлы көтеннен бір қаппаса, жағдайды түсіне қоймассың
meirzhan
Сіз қазір орындықта отырсыз ба әлде тұрып коммент жазуға мәжбүрсіз бе, Қожеке?
Qojeke
Есектің үстінде де Уай-Фай ұстайды, шырақ.
meirzhan
Вай-вай есегіңіз қандай уай-фай. Есекке отырғанда ауырсынбай ма не? иттің қауып алуының салдарын айтам
rakisheva
сонда тусінед деп ойлап турсыз ба не?
konvict
Мені 4 класта оқып жүргенде майлы көтенімнен қапқан бір рет. Содан кейін ит атаулы маған жақындауға қорқатын болды
meirzhan
Баратын уйлері жок болса кайтеді енді, кошеде журмегенде
Үкіметтік бағдарлама арқылы оларға пәтер бөлу керек сияқты.

олардын жургенінен Алматынын кошелері тарылып калып жаткан жок
есесіне Алматылықтардың қауып алыну мүмкіндігі көбеюде.
rakisheva
Енді сол ушін олтіріп тастау керек па оларды?
meirzhan
Жоқ, бұл мәселені шешудің өркениетті жолдары бар. ең бастысы көшеде қаңғыртпау керек, сіз айтқандай.
rakisheva
Алматыда ауласа обязательно атып олтіріп тастайды
meirzhan
Өркениет жетпеген ғой, әлі қайтесің.
Qojeke
Жоқ. Алдын алу керек. Иттерге тегіп презерватив тарату керек.
rakisheva
Тууууууууй, неткен тапқырлық десейш…
Erlan
етін жейтіндердің құлағына алтын сырғама бул такырып ))
meirzhan
Кәуапханада отырған бір жігіт осы комментті оқып, Жегені желкесінен шықты дейді көз көргендер.
Qojeke
Қаңғыған иттің еті жақсы бола ма екен?
boztorgai
бұл кезбелерді пайыздық өлшеммен бізде кәріс тағамдарында кездестіруіңіз ғажап емес
Gulistan
Шетелдіктер құсап арнайы пиомниктер ашса осы итпен мысыққа, проблема да азаяр еді. Арнайы ветеринарлар қабылдар уақытта тексерістен өткізіп, ауру-сауын анықтап, тізім жасақтаса… деп армандап кетсем
Болмай тұр ғой ондай…
Сонда ауру да азаяр еді, қазіргі таңда өз мағынасын жойып алған «Ит-жеті қазынаның бірі» деген нақыл қадірлі болар еді…
Пікір түзетілген: 23 тамыз 2011, 12:41
sammita
қаңғып жүрген БОМЖ-дарына жағдай жасай алмайтын елде, ит-мысық туралы армандаудың өзі ұят.
Makhabbat
Жақында Қулсарыда мынандай оқиға болыпты,
Көрші уйінің алабай иті шарбақтан секіріп тусіп 2.5 жасар баланы жеп койыпты, далага шыгып баласынын басын корген шешесі есін жинай алмай ауруханада қайтыс болыпты,7 жылдан бері балалы болмай,әзер көтерген баласы екен.
Енді баланың әкесі ауырып жатыр деп естідім.
Сөйтіп бір иттің кесірінен бір жанұя быт-шыт болды
balzaminka
Жандары жәннатта болсын!

Обал болған екен, жазмыштан озмыш жоқ деген осы(((
omarbirat
Студент кезімде қаңғыбас иттерді аулап жүргенінің куәсі болған едім. «Сарыарқа» кинотеатрының маңында, Алтынсарин көшесінің бойындағы арыққа салынған бетон көпірдің ішіне кіріп кеткен итті екі мұжық аулап жүр. Қолдарында сымнан жасалған тұзақ бар. Әлгі ит көпірдің ішінен қашық шықпақ болып еді, тұзақ ұстаған мұжық жылдам екен: тұзақты иттің дәл мойнына келгенде тартып қалды. Содан қыңсылатып, қаңқылдатып сүйреп апарды да, жүк машинасының кузовында тұрған басқа бір мұжыққа берді сымның ұшын. Ол біраз уақыт итті дарға асқандай қылып көтеріп тұрды. Ит 15-20 секундтай тырбаң-тырбаң етіп барып қимылсыз қалды. Әлгі жерде ана итке жаным ашығанын-ай. Сол жерде мен сияқты бақылап тұрғандардың бір-екеуі араша түспек болды. Базбіреулері шошынып та қалды.

Сосын, былтыр ғой, кешкісін Әлимен қыдырып жүргенбіз. Бала боған соң жүгіріп жүреді — бірталай ұзап кетті. Бір кезде бір қаңғыбас ит үріп, Әлиді қуалап келе жатыр! Ой шешеңңң деп жүгір. Құдай сақтап, ит қапқан жоқ. Содан кейін Әли еш уақытта жалғыз өзі жүгіріп жүруге болмайтынын бір-екі аптадай біліп жүрді

Опшым, қаңғыбас иттер туралы осындай екі түрлі ой менде. Бір шетінен аянышты, бір шетінен қорқынышты. Бірақ қорқынышты дейтіндей, қаңғыбас иттер онша агрессивті болмайды. Көбі қорқақ. Мұнда қорыққанда боксер, доберман, ротвейлер, питбуль, т.б. -терьер, неше түрлі овчаркалар сияқты қожайыны бар иттерден қорқу керек, шшс. Көбінесе сондай иттер адамнан қорқу дегенді білмейді. Не «кет» дегеніңді түсінбейді (орысша тәрбиеленеді емес па ). Байқамасаң, саныңнан бір кеспелік етіңді жұлып алуы мүмкін.
Пікір түзетілген: 23 тамыз 2011, 16:57
sammita
Қаңғыбас иттерді ауылға кеп ит атушылар атып әкететін бізде.
Қалада қартайған иттерді иесі апарып уколмен ұйықтатып тастайтынын білем.
Кәрі ит өлерінде жоғалып кетеді, «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегенді білем
omarbirat
Біздің ауылда қаңғыбас ит деген болмайтын. Соның өзінде баяғыда тым жақсы бір итімізді атып кетіп еді.
Erbol
Алматының ит аулағыштары көшедегі қаңғыбас иттерді емес, елдің ауласындағы иттерді аулайды.2 жыл бұрын ит бағатын үлкен орталығы бар, эколог көкемізден сұхбат алып, сұхбат соңында көкем көңілденіп кетіп, бағып жатқан "құнды" иттерінің бірінің күшігін сыйлаған.Жүні барбиған дәу күшік сүйкімді-ақ еді. 3 ай баққан соң, командировкаға кетсем, күшік босанып кетіпті. Таңертең аулада (частный үй) жүрген жерінен жаңағы ит аулағыштар кіріп ұстап кетіпті. Көршімнің айтқанына бой бермепті. 2 күннен соң келіп, іздеп, ізін таппадым. Білгенім иттерді Сейфуллина көшесінің бойындағы ит қамаққа апарады екен. Сол жерден аш-арықтарын дәрі беріп өлтіріп, қаланың сыртына апарып көмеді. Ал, құны қымбат, пародасы тәуір иттерді қымбатқа сатады. Семіздерін кәрістер мен шашлық сатқыштарға сатады. Сол жердегі күзетші жігіттің әңгімесі. Біреулер келіп, алып кетіп жатты. Маған да бір күшікті 15 мыңға ала қой, Кавказдың күшігі деп жабысты.
Өткенде аулама қаңғыбас иттер үймелеп, сол ит ұстағыштарды шақырттым. Келіп 2 сағат қуалап, ұстай алмай кетті. Әбден боқтадым. Елдің сау иттерін ұстап, сатуға келгенде алдына жан салмайды. Қаңғыбас иттерді ұстай алмайды. Қолдарына темір сым ұстап алған, қуғансиды.
satibaldi
Енді ит аулау қолдан келмегесін-ақ… Диагноз…
asaubota
парақорлық сериясына сұранып тұр ғой. бұларға да госзакуп жариялайды ғой.
Meru
Үй жақта сондай біреуі бар, бір рет жүгіргенде қатты қорыққаным бар, соларды аулап атып тастаса обал жоқ, иттің жанында адам өмірі маңызды.
satibaldi
иттің жанында адам өмірі маңызды.
Жоға, қандай адам екеніне байланысты…
Meru
Ол да бар, бірақ қаңғыбас иттің маңызы жоқ.
satibaldi
Бір түр екінші түрді қиянатқа қалай қия салатынына таң қаламын. Сол баяғыда талдан ертерек түсіп кеткенің болмаса, төртаяқты ашулы амиголардан нең артық сенің?
e_zhalgas
саған ол артықшылықтарды хронологиялық ретпен бе әлде алфавиттік ретпен келтіру керек пе?
satibaldi
Артықпын деп отырсың ба тіптен? Менменшілігің орға жықпасын амиго.
e_zhalgas
жарайды, сен артық емессің,
бірақ мен артықпын
satibaldi
Бауыржан Момышұлының пафосы бар еді осындай: «Все люди произошли от обезьяны, ая — от волка!» деген. Ар жағыңда дінің қылаң беріп тұрғанға ұқсайды, ендеше о бастан келіспейтін нәрсеңе бас қатырмай-ақ қой.
e_zhalgas
Мені сол қатарға қосқаныңа ерекше рахмет. Осы туралы сенен оқып, өзім таң қалып отырмын  Қисыны бар нәрсемен келісуге болады ғой, әрине. Бірақ, мынамен емес.
Meru
Артықтығымды дәлелдеп қажет емес деп ойлаймын
satibaldi
Қызық жері — итке де қажет емес.
Meru
Дәлелдеуді ұқпайтындарға дәлелдеу қажет емес
satibaldi
Ұғатындарға да татымды дәлел таба алмай қиналатын түріңіз бар.
Meru
Шота тақырып иттер туралы емес жеке басқа ауысып кетті)) Сондада жауап бере кетейін, дәлелдеуге міндетті емеспін.
satibaldi
Міндетті болған күні де дәлелдеуге бір бет слайд толтыратын да материал таба алмай, проекторда скринсейвер үнсіз қалқып тұратын түрі бар.
Meru
Осымен тоқтағаныңыз дұрыс болар?
satibaldi
Мен тек иттің құқығын қорғап отырмын.
Meru
 Қаңғыбас иттің құқығын қорғағаныңыз
satibaldi
Жоқ, оның құқы көк тиын. Жәй, адамдар өздерінің артықшылықтарына нені айтар екен деп едім. Баяғыда бір қыз айтыведі: «Мысалы сиырларда компьютер жоқ қо?!» деп. Сондай бір эпизод қайталана ма деп үміттеніп едім.
Бар болғаны бақа бақ етіп, сөмкеңізден шыға келгенде — қызық болар деп ойладым.
e_zhalgas
Түркістанда қаңғыбас иттерді жылына екі рет атады  Сол үшін ақша да алады екен… Соның орнына арнайы питомниктерге мемлекет тендер бөліп, арнайы жеке ұйымдармен жұмыс істесе болады ғой. Мәдениетті түрде, ветеринарлық пункттері бар ұйымдарға қаңғыбас иттерді асырағаны үшін қаржы бөліп тұрса, жетіп жатыр… Онсыз да кетіп жатыр сол ақша шетелдік яхта сатып алу қажетіне
sammita
Мәдениетті түрде, ветеринарлық пункттері бар ұйымдарға қаңғыбас иттерді асырағаны үшін қаржы бөліп тұрса, жетіп жатыр
қаңғыбас үйсіздерге арналған орталыққа жөнді ақша бөлінбейді. Мынауың сәпсім…
e_zhalgas
енді соны «бөліп тұрса» деп отырған жоқпын ба?
sammita
адамға ақша бөлінбейді, итке ақша сұрағаның ақылға сыйымсыз деп тұрғам жоқ па
e_zhalgas
ол ұйымдарды адам басқаратын шығар енді. сенікі шектен шыққандық болды ғой
sammita
сенікі еріккендік болды. Қаңғыбас иттерді асырау деген.
e_zhalgas
өзін-өзі сылайтын кез-келген ел қаңғыбас иттерін де, тастанды балаларын да асырап жатады, ол менің еріккендігім емес енді
omarbirat
қаңғыбас иттерді асырағаны
Өз тамағын өзі тауып жей алатын итті асырау деген, білмеймін енді
Zako
Тамағын тауып жегенімен қаңғырып жүріп талай ауруларды таратуы да мүмкін. "Үйсіз, бірақ қоқыстан сасық тамағын тауып жеп жүрген адамға тамақ бермеу керек" дегенге ұқсайды мына сөйлем.
omarbirat
"Үйсіз, бірақ қоқыстан сасық тамағын тауып жеп жүрген адамға тамақ бермеу керек" дегенге ұқсайды мына сөйлем.
Қол-аяғы сау, жұмысқа жарамды бір адам қайыр сұраса, «Барып, жұмыс істемейсің ба?» деп қуып жібереді ғой көбісі
Пікір түзетілген: 24 тамыз 2011, 16:56
omarbirat
Тамағын тауып жегенімен қаңғырып жүріп талай ауруларды таратуы да мүмкін.
Таратады, таратады.
sammita
байқаймысың Омараға, екеуіміз ғана қатыгез екенбіз)
Zako
Милары құрттамаса да сол шамалас деңгейдегі көптеген шенеуніктердің (тек олар емес) жандары қазір өз ата-анасына да ашымай тұр.
satibaldi
Сен вакуумдық қондырғыда туылған жоқсың ба осы?