Парақорлық этюдтері. Акт #14: Қожанасыр

Қожанасыр би болып сайлана сала, бір саудагер келіп:
— Ойбай Қожеке, мынау міне саған — 100 ділдә; ертеңгі дауды менің пайдама шешжіверсеңіз екен.
Ертеңіне дау басталыпты.
— Мынау қырдың артынан жүретін керуеннен жібек алып, базарға салып, нәпақа табушы едім. Сүйтсем мына бәсекелес ептібайымайд ол керуеннді бір күндік жолдық жерден алдынан күтіп алып, маған дым қалдырмай сатып алатын көрінеді! Айтшы Қожеке, менікі дұрыс қой? — деп, жүз ділдә пара берген саудагер көзін қысып жіберіпті.
-Әрине, сенікі дұрыс! — депті Қожекең. Сөзді екінші саудагер алып:
— Уа Қожеке, саудада айла мен тәсіл жүрмесе — оның несі сауда? Әділдігін айтсайш: менікі де дұрыс қой? — депті.
— Қарап тұрсақ — сенікі де дұрыс-ей! — депті Қожанасыр сонда. Сүйтсе — Қожекең бұл саудагерден екі жүз ділдә пара алып қойған екен.
Бөлісу:

12 пікір

19852407
 Әйтпесе Қожанасыр бола ма?!
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 19:22
boztorgai
түпнұсқа бұлайтұғын

екі кісі дауласып кожанасырға келіпті.
насыр амиго біріншісін тындап алып, сенікі дұрыс,-дейді.
екіншісін тындап болып, оны да мақұлдайды.
даулы кісілер кеткен соң, манадан бері тыңдап отырған кемпірі: — отағасы-ау, әдетте біреуінікі ғана дұрыс болмаушы ма ед,- десе:
— сенікі де дұрыс,- деген екен
meirzhan
 түпнұсқаң дұрыс.
Qojeke
Шымкенттің акиматы жақсы атақ үшін қанша төлепті Сат?
Aqiqat
Кеңес дәуірінде болған оқиға. Бір коммунис көрші аудан орталығына барып аппарат жетекшісі бар, райисполком бар өңшең бастықсымақтармен қол қарапты. Екі күн, екі түн отырыста қолы бұрқырап шығып отырғандардың қанын қайнатыпты. Үшінші күн дегенде сием деп гәлөшшең қашып шығып, аэропортқа келсе, бос тұрған АН-2 ға орын жоқ деп отырғызбайды екен. Сөйтсе, аудан басшылығы кассадағыларға билет осы адамға билет сатпа деп бұйрық беріп қойған екен. Анау соны байқап қалған әлгі қу саған бұйрық бергендер 25 рубль берді ме, мә саған 50 рубль деп самолетке отырып кетіпті дейді.