Парақорлық этюдтері. Акт #13: СЭС-тің үкімі

Монах Бертольд Шварц атындағы химия институтының лаборанты тасы дір етіп, көті қарауытып кетеді: мынабір ұнтақта алюминий — нормадан 15 есе, тантал — 2 есеге, цирконий — 6 есеге, темір — жалпы ұнтақты өзін толайым темірден тұрады десе де болғандай! Топырақ болса ештеңе емес еді, зерттеп отырғаны — өзбектердің «Кичкинтой» деген емізіктегі балаларға арналған ұнтағы. Дереу СЭС басшлығына тура телефонмен мән-жайды баяндайды. Баяндамас та еді, бірақ лаборант басшылықтың — осы сүттің ірі партиясын әкелген фирманың құрылтайшыларының бірі екенін қайдан білсін, лібәдтің, енді карта салып, құмалақ ашпайды ғой???
Бөлісу:

17 пікір

Zilola
өзбектердің «Кичкинтой» деген емізіктегі балаларға арналған ұнтағы
есіңізге түспейтіні жоқ екен
satibaldi
Налей-ка отче, синего чаю:
Истину разоблачаю.
balzaminka
сәбилермен жағаласып жейтін едік соны
Zilola
қақалып қалатын кездерді айтсайшы ))
balzaminka
мұрынға кіріп, түшкіруден жарысатын да күндер болған)))
satibaldi
Бүйрегің қалай қазірде, былай?
balzaminka
тфә-тфә, анда-санда еркелегені болмаса, жақсы жұмыс істеп тұр
19852407
 «бейби» дейтіні болды ғой дим, ініммен бірге қосылып жейтінмін анама көрсетпей
VKM
Бәрің жепсіңдер ғой, мен ғана білмейді екенмін
TERISKEY
«Бәрің жепсіңдер ғой» — @VKM, адамды өлтірдің ғой, өлтірдің...
Gamk
NАN дегені де бартұғын. Мен жеп көрмеппін ешқайсысын.
AKY
НАН мен Нестогендi жеп кордiм
saken
біздің кезімізде ешкінің сүтімен бағатын
Erkekyz
Ташкенттен Бона алдыртып баққанмын дейді мамам
Gulistan
«Кичкентой» дегенді естіп көрмеппін, бірақ НАНды қазір үйдегі бөпем ішеді, Нестоженнен соны тәуір көреді.
Пікір түзетілген: 22 тамыз 2011, 15:26
Nurgisa
 НАНның арқасында өсіп жатырмыз де… Бөпеңнің бауы берік болсын!!!