Парақорлық этюдтері. Акт #11: Социалистік Еңбек Ері

100 қойдан 120 қозы алған сиқыршы-шопанды көруге келген комиссия мүшелеріне, дәлірек айтқанда — ауыздарына — арақ бөшкелеп құйыла бастайды.
Ертеңіне есін жиып, мең-зең боп отырған комиссия төрағасына шопан: «түнімен қораларды аралап, қой санап шықтыңыз, ішсеңіз де мықты екенсіз!» деп, көтіне көпшік тықпалайды. Үсті басын қараса, шынымен: шалбары шөп шалам, көйлегі тезек-тезек. Оны қойшы, басты айтсайш ауырып бара жатқан. «Санасам — санаған шығармын нақ!» деген төраға, меймілдете құйылған қырлы стақанды марқаның етімен тартжіберіп, дәптерге: «100 қойдан — 120 қозы туыпТ, рас екен шешесс» деп түртіп қояды.
… Төрағаның үйінде енді қой еті үзілмейді. Шопанның үйінде мейрам, ал балалары — квтоамен тегін оқуға түсед.
Шешесстің…
Бөлісу:

10 пікір

madlen
Күнімен түнімен отырып жазасызба?
satibaldi
«Жазбай қалған күні өліп қаламын деп өзімді сендіріп қойғанмын.» © Г. Бельгер.
edige
Кеңестік кезде қан салу арқылы егіз туғызатын метод болушы еді…
Бірақ сол қаннан өліп кеткен де қой болған…
sammita
не әдіс ол?
kokbori
ПСЖ болар, қолдан ұрықтандыру
AKY
меймілдете құйылған
Daniar-Alan
Болды ғой… бар ғой…