«Иә» деші…
Блогыңды жұмыстастарың оқып жүрсе қандай сезімде боласыз? Көбісі өзін ашқысы келе бермейді. Жазбаларыңда сенің ішкі «менің» сайрап тұратыны бар емес пе?! Жұмбақ күйді кейбіріміз паш ете бергіміз келмейді. Бірақ кеңселес көршілер алдымен блогыңызды оқып ап, кейін coffee room’да сізді ұсақ-түйегіңізге дейін сканнерлеп тұрса… Жайсызданасыз ба?
Өзім ондай сарыуайымға берілмейтінімді байқадым. Рас, көптеген әріптестерім блогыма кіріп тұрады екен. Ол тіпті шабытты еселей түсетін қайнаркөз де сияқты…
Сол ұжымдастардың бірі келген. Мұңын шаға келіпті… Әлеуметтік тораптардың бірінде шалғай мекендегі бейтаныс арумен хат алысып-беріседі екен. Жүре келе ынтықтық артқан, қисын бойынша. Бұрынырақта лицейде кіл ұлдар оқып едік. Қыздардың дәрісханалары бөлек. Сонда да маған «тапсырыспен» шумақ жазғызушылар болып еді. Өмірде әлі көп көріп, сезіп үлгере қоймаған 12 жасар өрен сонда бір нәрселерді шимайлай сап, оны «тапсырыс беруші» әлдеқандай дүние ғып аманат ететін. Аманат етілетін объектіге… Мына келгені әрі ұжымдасым, көз көрген таныс жігіт болғасын оның «лав сториін» мұқият тыңдай келе, былайша резюмелегенсідім:
«Иә» деші…
Сол бір «иәңды» естиін,
Естімесем – өлікпін.
Сенсіз ғұмыр – бес тиын,
Сенсіздіктен торықтым.
Негативтің нөпірі
Қыспаққа алса жақсы емес.
Ол сайтанның өкілі,
Қатыге-е-ез…
Төрт құбылаң – төрт дуал,
Өкпе қысқан тар қапас…
Өзекті өртер, өрт туар
…Жанталас…
Сағымсың ба, барсың ба,
Сигнал бермей тұр түйсік…
Тұрсаң қазір қарсымда…
Тұрар едім тиісіп…
Жоқ жымысқы бөтен ой,
Сенсің көңіл жағымы…
Жалғыз қалмау екен ғой
Жүректердің тағдыры…
Хат келсе дереу жылып қап,
Дисплейге тақалатынбыз…
Ұласса ғой шындыққа
Виртуал махаббатымыз…
Хаттардан мен үйетін
Бума*** жасап қойыпсың…
Құлай мені сүйетін
Не деген параноиксың!!!…
Шуақ төкті жан нұры,
(Ол несіне сорласын?)
Сол буманың тағдыры
Shift+Delete болмасын…
*************************************************
Бума*** – папка, folder
Тұрар едім бір тиісіп… — десе ващеее қатып кетедкен.
Джынды өлең!
Сондықтан бір кісінің клавасына алтын қаріп.
Бұны интернетте таратып жіберуге болады. Керремет!
дей салмас па еді?