Парақорлық этюдтері. Акт #5: Мисс "Алтын Күз - 99"

Мектепішілік «Алтын күз» мерекесі мәреге жақындап, қысым мен температура жоғарылай бастайды. Бәрі білед: біздің сұлу Айжан алад! Билеп те берді, ән де салды, ал қиғаш көздерімен атып-атып жіберген кезде, еркек атаулы дімкәс бірдеңеге айналып, мал болып кетті.
Сүйтіп, байқау қорытындысы шығып, Сара апай микрофонды қолына алып:
— «Алтын күз» аруы деп… Калитова Сомалтын танылды!
Залда өлі тыныштық. Абыржыған беттер. Тек ең шетінде тұрған Жұмат бәрін білетін еді: Сомалтынның өлмелі арық ағасы өткен жылы грек-рим күресінен бірінші орынды алып, республикалық жарысқа кетіп — көтінші орын әкелген. Әкелері Ғабит — мықты адам негізі…
Бөлісу:

19 пікір

VKM
аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін))))
Esmeralda
 осыған ұқсас бір ситуацияны білем
Gamk
Әнее, «күштінің көті диірмен тартады» деген сол.
KILYZAMAN
Киіз қазық пен тоқпақ жайлы мысал: Өміршеңдік ішегінің(шегі) үзілетін кезі болар ма екен?
Пікір түзетілген: 19 тамыз 2011, 14:33
serjan
Жазыла жазыла қотыр болған тақырып.
KILYZAMAN
«Ивомек» тек қойдың қотырына ғана ем болса қайтесің енді? Ал жекқорлар — қой емес…
sammita
предшкольный синдром
serjan
Сен астарлы сөздерді түсіне білетіндігіңмен көп жігіттерге ұнайсың.
AKY
Не диді, құдай-ау? Сержан-ау, мені ұмытқаның ба???
sammita
есі дұрыс кеңесші керек. Шұғыл.
serjan
Зарплат қанша?
sammita
аһһһ, қу бала, өстіп ақша табам де)