Парақорлық этюдтері. Акт #4: ҚазМҰУ абитуриенті Жантас

Жантастың әкесі — ол он бір бітірместен-ақ қамданады: Алматыға соққан сайын ҚазМҰУ профессорына қазы-қарта, жал-жая апарып тастап, Абылай мен Әбілқайырдың суреттерінен және қыстырып, заң факульетіне түсіруге әбден дайындалады.
Аттестат алынып, арақ ішіліп, ет желініп, әкелі-балалы екеу Алматыға аттанады.Құжаттарын тапсырып, «шатырымыз профессор, оқуға түспеген неміз қалд!» деп, масаттанып жүреді.Сөйтіп, қорытынды жариялайтын күні заң факультетіне келіп… бұрыштағы үстелден — қиғашынан қара лента тағылған сурет пен шоқ гүлдерді көреді. Профессор N. кеше түнде жүрек талмасынан кенеттен қайтыс болыпты.
Фарабидің ескерткішіне сырын айтып, Жантас қала берді…
Бөлісу:

9 пікір

AKA
Фарабидің ескерткішіне сырын айтып, Жантас қала берді…
  
boztorgai
қайтыс болыпты
ораза айында сапарға кеткен екен жарықтық
AKY
Сіз өзі, біртүрлі… Бәрін қазіргі кез туралы деп отырсыз ба))))
asaubota
Әбілқайыр мен Абылайдың суреттерін қазіргі жастар біле ме екен?
qisyq
Айтпашы құрысын…
VKM
Туй,үйде ешкім жоқ, оқып берейін десем)))Күлкіден өлетін шығармын
Armanjan
Жантастың әкесі балам оқуға түссін алдымен, сосын бәрін қатырамын деу керек еді қап…