Төрт боксшымыз - финалда!

Бүгінгі күн өзі жағымды жаңалықтарға толы болып жатыр. Лайым осылай жалғаса берсін деп тілейік.
Оңтүстік Кореядағы Инчхон қаласында болып жатқан Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан бес боксшымыздың төртеуі финалға жолдама алды. Атап айтқанда:
52 кг салмақта Ілияс Сүлейменов филиппиндік Рей Салударды 30:17 есебімен талқандап тастапты. Финалдағы қарсыласы — қытай Йоң Чаң.
60 кг салмақта Айдар Әмірзақов қырғызстандық Абдилай Анарбайұлын (почти фамилияласым екен ) ұтқан. Есеп — 12:8. Мұның да финалдағы қарсыласы — қытайлық Лю Чиаң.
Рустам Сваев 69 кг салмақта өзбекстандық Нодирбек Қосимовты 38:34 есебімен жеңіпті. Ол да финалда қытайдың Шыңжаң өлкесінен шыққан Maimaiti Tuersunqiong (Мәмет Турсунжан? Ұлты тошна қытай емес: не ұйғыр, не қазақ) деген боксшымен кездеседі. (Лібә, не боп кетті өзі. Қарсыластардың барлығы дерлік қытайлықтар )
81 кг салмақтағы боксшымыз Арман Рысбектің жолы болмапты. 16:17 есебімен қытай боксшысы Мең Фанлоңнан ұтылып қалған. Енді тым болмаса қола бұйырса екен.
Ең риза болғаным — Досжан Оспанов қытайдың аса ауыр салмақтағы мықты боксшысы Жаң Жилейді ұтып кетіпті. Есеп — 16:15. Финалда ирандық Абдулмажид Сепахвандимен кездеседі.
Не ғой, бұл чемпионатқа еліміздің екінші құрамасы қатысып отыр дейді. Басты құрама басқа бір жарысқа дайындалып отырғанға ұқсайды.
Жігіттерге финалда сәттілік! Сәттілік өте қажет-ақ.

***

Дерек көздері: aiba.org және naringe.kz сайттары.
Сурет knews.kz сайтынан алынған. Болып жатқан жарысқа еш қатысы жоқ.
Бөлісу:

29 пікір

omarbirat
Қытайлардың бесеуі финалға шығып кетіпті. Финалға шыққандардың толық тізімі мен есептерді мына жерден көруге болады.
Пікір түзетілген: 11 тамыз 2011, 23:34
asaubota
бұл ештеңе емес, нағыз сын Бакудегі әлем чемпионаты болғалы тұр.

айтпақшы жерма жылдық тарихымызда біз сияқты бокс державасында әлі әлем чемпионаты болмаған ба?
omarbirat
Болған жоқ. 2013-те ма, өткізгелі жатыр дейді ғой.
Бакуге мыналар емес, басқа құрам барады ғой деймін.
sigma
Төбелес десе алдына жан салмайд әйтәуір
TERISKEY
Мәссаған, Бейжіңде Руслан Мырсатаевқа алынбас қамал болған Жаң Жилейдің де жыны қағылыпты ғой, қағыпты ғой қазақ баласы!!! Мәссаған, мынау екінші құрам дей ме? Арасындағы әлгіндей мықтыларды біріншіге неге ауыстырмасқа?! Ал, енді финалды тосалық, не де болса, сәттілік!!!
dauren85
Жалпы есепте қытайлармен бірінші орынға таласатын сияқтымыз ба? Финалдық үш жұп Қытай мен Қазақтар екен ғой.Жігіттер Астанада жасөспірімдер арасында болған жарыстағы кеткен есемізді қайтарса жарар еді.
omarbirat
Не де болса кешке белгілі болады.
TERISKEY
@Omarbirat, тілбизордан көрсетілім, эфир бірдеме бола ма екен? Білетіндеріңіз болса, айта қойыңыздарш, қай каналдан, қаншада дегендей…
omarbirat
Телебизірден көрсетілетін-көрсетілмейтінін білмедім. Наринге.кз сайты мен Фейсбуктағы AIBA сілтемелеріне сүйенуге тура кеп тұр.
omarbirat
Финал бүгін түнде Еларнадан болады екен. 00.00 сағат шамасында.
omarbirat
Айдар Әмірзақовтың жекпе-жегі:


Ілияс Сүлейменовтың жекпе-жегі:


Досжан Оспанов vs. Жаң Жилей


Сваевтің жекпе-жегі:


Соңғысы, Арман Рысбек:
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 11:38
Gamk
Maimaiti Tuersunqiong-ыңды коментатор «этникалық ұйғыр» деп жатқан. Бәріміз Қазақ боксшыларына қолдау білдіріп, жеңіс тілейік!
omarbirat
omarbirat
Лібә, ұпай санымен ұйғырдан ұтылып жатыр. 3:6 Алда екі раунд
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 12:39
omarbirat
Өте тартысты жекпе-жек болды. Рустам Сваев ұйғыр боксшы Мамат Турсунжаннан жеңіліп қалды. Есеп — 24:19.
ErNur
Негізі Рустам жақсылап ұрды ғой ұйғырды қытайға бұрмалады ептібаймайттар
omarbirat
Ана боксшы да осал емес екен. Рустамның бойы кішкентай болып қалды, шыны керек. Анау ұзын қолымен жақындауға мүмкіндік бермеді. Сонда да 19 ұпай жинады. Осыған да шүкір.
omarbirat
Опшым, бір алтын, бір күміс бар.
ErNur
Алтын кім Омеке? Айдар ма?
omarbirat
Екі күміс екен. Сүлейменов ұтылып қапты.
omarbirat
Ендігі үміт — супертяж Оспановта. Қарсыласы — ирандық. Қалай бокстасатыны белгісіз.
omarbirat
Оспанов алтын алды!!! 18:13
Жалпы есеп екі алтын, екі күміс, бір қола медаль болды. Сәлем, Еларна!
ErNur
Досжан жыртты!
dauren85
Жалпы есепте не болды Қытайлар бірінші ме біз ше?
omarbirat
1. Қытай — 2-3-1 (А-К-Қ)
2. Қазақстан — 2-2-1
3. Корея — 2-1-1
4. Монғолия — 1-2-1
5. Өзбекстан — 1-0-3
6. Тәжікстан — 1-0-1
7. Сирия — 1-0-0
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 15:28
TERISKEY
Бұл да болса, ерлікпен пара-пар іс! Құтты болсын, қазақтар!!! Енді +91-дегі боксшыларға ойланатын сәт туған шығар! Оспановты байқай жүрсін!
asaubota
дәл қазір Қазақстанда волейбол болып жатыр. Италияны жеңіп жатыр біздің қыздар, әзірше 2-0

kaztrk.kz/kaz/online/#go
Пікір түзетілген: 12 тамыз 2011, 16:40