Сүйінші!
Уа, Керекші жамағат, Астанадан бір жағымды жаңалық келді. Тағы бір Админұлы дүниеге келіп, Әмин батыр інілі болып жатыр. Нәрестенің бауы берік болсын, елдің мақтаны болар азамат болсын деп тілеймін. Қалған тілектер — сендердікі
Бауы берік болсын, үлкееееен нағыз азамат болып өссін!!
Бәсе, қайта қайта мұрным қышып…
Аршат,құтты болсын!
sol siyakti akesimen anasimen birge el silaitin azamat bolsin!
Құтты болсын! Бауы берік болсын! Дені сау, көңілді, бақытты болып ер жетсін!
атын Мәдір деп қоятын болып жатырмын. Модератор деген сөзден. Админ (Әмин) бар ғой.
ойнап айтам қазір ат ойластырып жатырмын. Омарға звондап оның ұлының атын қойсам ба деп рұқсат сұрағам. Әли деген атты. біздің жақта достарыңның балаларының аттарын қоюға болмайды. олар да өз балаңдай болғасын. Омар қарсы болмаса да қазір ойланып отырмын, Әлилерді қайталамай ақ қояйын, басқа ат қояйын деп.
— Менің атым Диаааанааа!
— Хақназар!!!
Бақтияр, Ермахан, Мұхтархан, Әбдісалан дегендер тым ұзын
мына екіншісіне ат таңдау қиын боп тұр
Сәл ұқсайтын ат болса жақсы. Мысалға Әділ деп
жоғарыда предлагать еткен болса, кешірім оқымадым бәрін
Ата-әжесі қандай есімді ұсынады?
әли, әби, әди, әзи
қысқа керек болса
ПС: ӘДИ деген ат көшбасшы деген мағына беред екен
Аршат, дұрыс айтасың, қайталап керек емес
Ат қоюда сәттілік тілеймін!
ПыСы: Менің бір орысқолдау таныс қызым босанғаннан кейін перзентханадан шығып, есін жиып үлгергенше үлкендер сәбидің атын Құмарбек қойып қойыпты
Arshat agatai bakyttan basy ainalyp jurgen bolar
Есімдерден Әлім деп ұсынсам, әлімнен тарады деп жаңылысар деп ойлап отырмын. )))
алдын ала дайындадық бірақ, көреміз енді.
Нұрасыл деген есім қалай саған? Нұрғиса Асылбеков! Әдемі секілді меніңше
бұл логикамен есептейтін болсақ менікіне Араз, Оршат деген аттар келеді ))
атын Әлижан деп қойдық. ең соңғы сәтке дейін Әміре деген атпен жарысып келді. соңында Әлижанды таңдадық. негізі басынан осы атты қатты ұсынған едім.
Әлижан — жанға жақын, бауырмал, кішіпейіл деген мағынада. оригиналы түрікше.
түнделетіп бұл не жүріс?
Сол жақтан біріншісі.
ТырнағыңСағың сынбасын, @Zilola!Миды ашытпай, аудармаңды жаса.
Мен Нұрғисаға жаздым ғой:
Но. Аудармаңды жаса.