Абдулаи Диакате: «Тараздан» кеткім келмейді

left
Қазақстанда доп теуіп, нәпақа тапқан тәжірибелі шетел футболшылары жетерлік. Сондай футболшылардың бірі Абдуллаи Диакате. «Тараз» футбол клубында еліміздің намысын қорғап жүрген сенегалдық жартылай қорғаушы бұған дейін Түркияның бірінші лигасында ойнаған. Жақында 23 жасар футболшымен тілдесудің сәті түскен еді.

– Абдуллаи, Қазақстанға биыл бірінші рет келіп отырсың. Командаға қаншалықты бой үйреттің?
– Бастапқы кезде тілге байланысты қиындықтар туындаған. Қазір бірте-бірте оған да үйреніп келемін.
– Тіл демекші, қазақша қандай сөздер үйрендің?
– Әзірге «Сәлем», «Қалайсың?», «Рахмет» деген сөздерді ғана үйрендім.
– Командаластарыңның арасынан дос таптың ба?
– Әрине. «Тараз» футбол клубының ойыншылары бауырмал. Біз тез тіл табыстық. Әрдайым бір-бірімізге білмегенімізді үйретіп отырамыз.
– Осының алдында Түркияда ойнап келдің, қазір Қазақстандасың. Екі елдің футболының деңгейі туралы не айтар едің?
– Мен Түркияда бірінші лигада «Карталспор» клубында ойнадым. Ол жақта футболға деген ықылас Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда күшті.
– Қазіргі таңда әлемнің қай ойыншысы таңдай қақтырады?
– Әрине, ең бірінші Месси. Себебі, оның ойнау стилі өзгелерге ұқсамайды.
– Біздің елімізде ше?
– Шынымда айтсам, мен олардың аттарын білмейді екенмін. Бірақ «Астана» мен «Ақтөбе» сапында талантты ойыншылар бар.
– Футболда өзің үлгі тұтар тұлға кім?
– Сенегал ұлттық құрамасының шабуылшысы – Эль-Хаджи Диуф.
– Ұлттық құрама сапында ойнауға мүмкіндік туды ма?
– Ұлттық құраманың жейдесін кию әрбір футболшының арманы. Өкінішке қарай, ондай бақыт әзірге маған бұйырмады. Біздің елде ұлттық құраманы Испания, Англия, Германия, Франция, Италия сынды футболы жақсы дамыған жетекші елде доп теуіп жүргендерден жасақтайды.
– Алаңның қай тұсында доп тепкен сен үшін қолайлы?
– Орталық жартылай қорғаушы ретінде.
– Ойнаған клубтарыңның ішінде қайсысынан көп тәлім алдың?
– Футболды алғаш бастаған «Элитфут» командасында үйренгенімнің көп көмегі тиді.
– Бос уақытыңды қайда өткізесің?
– Көбіне достарыммен. Кейде компьютерде отырып интернетке кіремін. Бірақ социалды сеттерді пайдаланбаймын. Шаршамасам алаңда жаттығу жасаймын.
– Біздің елдің қандай ерекшелігін байқадың?
– Қазақстан – Түркия, Сенегал секілді мұсылман мемлекеті. Адамдардың дінге деген көзқарасы жақсы. Тіл білмейтін болғандықтан сыртқа көбірек шыға бермеймін. Дегенмен, Тараз жап-жасыл қала екен. Адамдары бауырмал, әзілқой, әрдайым жүздері жарқын.
– Құпия болмаса, «Тараздан» қанша жалақы аласың?
– Ренжімесеңіз, жалақымды құпия ұстағым келеді…
– Өзің, жанұяң жайлы айтып кетсең…
– Мен 1988 жылы қаңтардың 16 күні Дакар қаласында дүниеге келіппін. Жанұяда екі аға, бес әпке, бір інім бар. Үлкен ағам Испанияда тұрады. Анам үй шаруасындағы әйел. Кіші інім «Элитфут» футбол мектебінен тәлім алып жүр.
– Жанұяңмен қалай хабарласып тұрасың?
– Кейде телефон, кейде интернет арқылы хабарласамын. Ол жағынан ешқандай кедергі жоқ.
– Сені намаз оқиды деп естідік…
– Иә, жеті жасымнан бері намаз оқып, құдайға құлшылық жасап келемін. Біздің жанұя түгелдей дерлік намазға жығылған. Бізді әкем сол жеті жасымызда тәрбиеледі.
– Клубпен бір жылға келісім шартқа отырдың. Келесі маусымда команда ауыстырғың келмей ме?
– Мүмкін болса, «Тараздан» кеткім келмейді. Себебі, бұл жақтан жақсы достар таба алдым. Команда сапында да жақсы қолдауға иемін. Клуб басшылығы да келесі маусымда осында қалғанымды қалайды.

Түпнұсқа мында: nurastana.kz/?p=2306
Бөлісу:

23 пікір

AKA
Тамаша!  Сұқбат түрік тілінде жүргізілді ме?
konvict
Ағылшынша
blackbeard
Ғылым мен өнердің тағы сатысын басыпсың ғой! Айтқанымды істеп ағылшынша үйренгенің жақсы болған! Әйтпесе, ми қоржыныңдағы өзбек тілімен Самарқандтан келген құрылысшылардан да интервью ала алмайтын едің
Serzha
наққа қуу керек маймылдарды
англияны не істеп жүргендерін көрдіңдер ғо
konvict
Қой и Сержа, түсі қара демесең олар да адам баласы ғой
Serzha
бәрі-бір маймылдар
konvict
Serzha
жүрген жерлері солай болады, ұрлау, тонау. англияға, францияға барса да, өздерінің маймылдық қасиеттерінен айырылған жоқ. америкада да сондай, мысалға чикагоны қара
konvict
Сталин, Гитлер, Муссолини бәрі ақ нәсілді еді…
meirzhan
Соны айтам, қара нәсілділерден Нельсон Мандела бар.
konvict
Мандела олар секілді болмаған сияқты
meirzhan
соны айтам, мысалы сол Манделаны алайық
Serzha
олар жекелеген тұлғалар, қаралар өз-өздерін басқара алмайды, оларда қожайыны болу керек. негізі отарлықтан босатпау керек еді
asaubota
ең жақсы мысалы Зимбабве, ақтарды қуып шықты. нәтижесінде өздері құрып кетті.
Gamk
Исламдағы атақты Азаншы Біләл мен Лұқпан хәкім осы қара жұрттан екен.
meirzhan
Онда ақ нәсілділер де біраз бүлдірген.
asaubota
Тараз жақсы легионерлер тауып алып келеді. Эссомбаны да солар тапқан.
meirzhan
Жарайсың, Конвикт. Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады.
Не ғой, сонда Сенегалдықтардың барлығы мұсылмандар ма?
konvict
Иә, көбісі мұсылман
meirzhan
Ахидың қайда кеткені белгілі болды.
boztorgai
қарасынан, ағынан, көгінен...құдай қаяғынан бұйыртад көре берейікте
Gastarbaiter
Негирлердын урлык зорлыкка бару себеби оларга дурыс жолмен омир суруге жол бермейд. Дискриминацялайды. Жеккореды. Жекору оган карсы жеккоруден баска ештене тудырмайд