Теодор Драйзердің «Американская трагедия» романын ұсынамын. Кітаптың электрондық нұсқасын мына жерден алуға болады. Бұл романды енді оқып бастадым. Қысқаша мазмұны мынандай: тәрбиелі жанұядан шыққан жас жігіттің өмірде көптеген қателіктерге ұрынып ақыр соңында өмірін электір орындықта аяқтайды.
шыны керек, Драйзерді қабылдай алмай кеттім мүмкін, оның стилі социалистік реализмге жақын болғандықтан болар… ал біраз қаржыгер достарым осының «Финансистін» оқығансың ба деп кететіні бар, онысын да қабылдай алмадым
Басты кейіпкер Клайд Грифитс. @nurjanbay oл ешқандай тәрбиелі отбасыдан шыққан жоқ. @dark_nazgul шыли қатты кеткен сияқтысыз. @Simona менім де жаным ашыды, автордың айтқысы келгені осындай ұрпақты өсірген Американдық — капиталистік бағыттың дұрыс еместігінде.
һмм, мүмкін солай да шығар. Менің есімда қалғаны: жас, елпірген, еліктегіш бозбала. Оған қоса өзі бір сектанттар жанұясында тәрбие алған. Сондай діндар жанұя бола тұра әпкесі біреуден некесіз жүксіз болады. Яғни мен оқыған сәтте кінәні капитализмге тағу ойыма келмепті. Жәй, тумысында көп көрмеген, қарапайым жас бозбаланың құнығып, дұрыс жолдан тайғанын ай а, қап! дедім ))) Ол кітапты қашан оқығаным есімде жоқ, кейіпкерлердің атын ұмытып та қалыппын.
)))Ал менің оқығаным Клайд есімді жігіт, Роберта деген әйелі бар. Бірақ Клайд Робертаны тастап кетпекші. Ал Роберта болса екіқабат, Клайд басқа әйелмен хат-хабар алмасып, соған бармақшы боп жүр. очм сондай.
Сонда біз әр-түрлі кітап оқыдық па әлде қабылдауларымыз әр-түрлі ме?
Олар Иеһованың куәгерлері сияқты, көшеде уағыз таратқыш сектанттар жанұясынан шыққан. Кедей тұрған, көргені сол өмір. Сол өмірді Клайд жек көретін болады.
@Simona: «Яғни мен оқыған сәтте кінәні капитализмге тағу ойыма келмепті.» Керемет айттыңыз, осы жері маған қатты ұнады. Дұрыс, барлығына капитализм кінәлі деуге келмес, 50-50 болар: отбасы және капитализм.
Сіз екеуміз точно екі түрлі кітапты айтып отырмыз. Мен өзімшіл деп Лестер Кейн атты кейіпкерді айтқан болатынмын.
И ваще…
«американская трагедия» да өзімшілдік тарихы, шынтуайтына келгенде. Өз мақсатына жету үшін екіқабат әйелді суға батырып өлтіру өзімшілдікке жатпай ма?
мына кітапты жақында оқып бітірдім. кітаптың қай жері трагедия екенін түсінбедім. Робертаның өлімі трагедия ма, әлде Клайдтың өлім жазасына кесілуі трагедия ма, әлде Американың қоғамдық құрылысы трагедия ма, әлде дін, діншілдік пе? түсінбедім.
Осы кітапты оқи бастап ем, шыдамым жетпеді. Аудионұсқасын тыңдаймын ба деймін.
Қылмыс қалай жасырсаң да, ақырында ашылады.
Драйзерді — тарихтың қоқысына!!!
Сонда біз әр-түрлі кітап оқыдық па әлде қабылдауларымыз әр-түрлі ме?
Неліктен әртүрлі кітап оқыдық деген шешімге келдіңіз?
Басқамен хат-хабар алысқаны есімде жоқ, ол сол бай қызбен, сол бай дос-жарандарының жанында көңіл көтеріп жүретін сияқты еді ғой.
Просто мен сектантар жанұясы туралы мүлде оқымаппын.
Дженнидің жігіті ужас барып тұрған өзімшіл.
И ваще…
«американская трагедия» да өзімшілдік тарихы, шынтуайтына келгенде. Өз мақсатына жету үшін екіқабат әйелді суға батырып өлтіру өзімшілдікке жатпай ма?
«жрқ» деген сіздің шығарған неологизм.
не ғой, мен Жебеноян емеспін есличто