Дабай, мықтыларды анықтайық!


www.dabai.kz
«Дабай» сайты қайта оралды, жаңа форматпен. Бұрыннан бар формат қой, тек қазақша нұсқасы жоқ еді. Соны өзімше істегендей болдым, орыстардың скриптімен.

Сайтта брендтар, адамдар, заттар, оқиғалар, жерлер т.б ойыңызға келген неше түрлі нәрсені салыстыруға болады.

Сайт әлі шикі, сондықтан пікірлеріңізді күтемін. Мысалы әлеуметті желіге жіберілетін хабарлама мәтінін қалай өзгертсек болады? Варианттардың соңына ешқандай жалғау қосылмауы керек.

Өзіңіз де ұсына аласыз шайқасатындарды. Тек екеуі де бір біріне тең немесе жақын күште болғаны дұрыс. Мысалы МузАРТ пен Азия топтарын салыстыруға болмайды әрине. Сосын брендтарды көп қосуға тырыспаңыздар.
Бөлісу:

41 пікір

omarbirat
Кешеден бері көріп жатырмыз
asaubota
кеше тек әлеуметтік желілер ғана жарнамалағам. бүгін ресми баяндама жасайын дегенім ғой
Gulistan
Кеше мен де Фейсбуктан көріп таңданғам. Ғұмырлы болсын!
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 13:07
asaubota
негізі жұртқа бояннн болып кеткен дүние  бізге енді жеткен түрі
asaubota
қызық баттлдар болып жатыр, әсіресе Алматы мен Астана, Қуырдақ пен палау.
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 13:03
Erlan
Қуырдаққа жетпиді гой, казы карта, беш бармак, шұбат
Zhan
Жақсы сайыс екен, көп мыжып отырмайсың. Таңдауыңды баса саласың и все)))
asaubota
иә, просто демалу мақсатындағы көңіл көтеру сайты ғой
asaubota
қайта-қайта жіберудің қажеті жоқ. бәрібір тексеруден өтпей шықпайды сайтқа.
sammita
Ниссаннан Тойота мықтырақ дегем, сол қайда
asaubota
жаңартып жібер бетті, сонда көрінеді даусың.
sammita
ммм, жарайды негізі түсте жібергем)
asaubota
жұрттың бәрінде істеп тұрған нәрсе неге менде істемей тұр деген сұрақ туындаған кезде менің ойымша мәселені өзіңнен іздеген жөн сияқты.
sammita
қайта-қайта жіберудің қажеті жоқ. бәрібір тексеруден өтпей шықпайды сайтқа
дегенді оқып сұрадым.
asaubota
мен оны вариант жіберушілерге жазғам, дауыс берушілерге емес
asaubota
жақсы варианттар келіп түсіпті, жаңа жарияладым оларды. тек қалаларды сайыстыру керек емес сияқты. Алматы мен Астана олар бөлек қой.
yerbol89
Қайрат Нұртастың — Ауырмайды жүрек әні мен Асан Пердешовтың — Ұмытпаймын мәңгіге Осы екі әнді салыстыру керек еді! Қайсысы әсерлі ән екенін анықтау үшін!
asaubota
2 әнді де ешкім білмейтін болса ше?
yerbol89
Мда ондай болса Тұрсынбек пен Нұржанды(Тука) салыстырайық! Уәли мен Жүсіпті!
blackbeard
Одназначно Нұржан ғо
Altygradus
2 әнді де ешкім білмейтін болса ше?
 тура айттың
asaubota
рахмет, өте жақсы варианттар келіп жатыр. бірақ, бәрін бірден шығара алмаймын. асықпай шығарып отыратын боламын.
Nurgisa
Кімнен кеп жатқаны көріне ме сенің мәзіріңде, құрдас?
asaubota
айпиі көрінеді.

осы қант деген кәдімгі секер (шекер), ал науат деген андай қызыл секер ма қайнатылған?
Nurgisa
Кант деп рафинадталғанын айтамыз. Секер (шекер) = песок, ұнтақталған қант. Науат — қайнатылған, апалар шәйға қосып ішетін пішіні рубин, басқа бағалы тас тәріздес кедір-бұдыр қант
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 15:03
meirzhan
Сүтпен шай!
blackbeard
Сұлтан мықты! По-любому Сұлтан мықты! Шындыққа тік қарау керек © Facebook-қа жазған пікір
meirzhan
Иә, Сұлтан да, Нұрсұлтан да мықты. Қазақстан тек қана алға!
AKA
Қолдаймын , сүтсіз шай іше алмаймыз...
meirzhan
Сүт өнімдерін сататын компаниялар бір марқайып қалған шығар.
Пікір түзетілген: 10 тамыз 2011, 17:28
blackbeard
Nestle ат мінгізетін болды
meirzhan
Nestle жақсы ма, McCofee жақсы ма?
Әрине, Nestle!
konvict
Қарасақал сақалды ма, Бен Ладен сақалды ма?
estetika91
Өткееееееееееенде фейзбукпен көріп, күрішті таңдаған едім. Негізі, екеуі де тағам болғандықтан, таңдауда ұзақ ойлануға тура келеді екен)