Бір үзік сыр..
Нәби Аймұратовтың соңғы әнін тыңдай отырып, осыдан 6 жыл бұрынға қызықты күндер есіме оралды. Бөлісе отырайын…
Негізі мен таныған Нәбидің табиғатына бір орында «тыныш» отыру жат болатын, үнемі тыным таппай жүретін…
2005 жыл. Тамыз айы. «Тау самалы» лагері.
Университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген 100-ге жуық студентті 5 күндік демалысқа жіберу университеттің жыл сайынғы тамаша дәстүрі болатын. Сол жылы студентерге жетекшілік жасауға мені де қосты. Белгіленген күні студенттер сарайының алдына жиналдық. Мәз-мейрам болған жастар бөлініп-бөлініп автобустарға мініп жатты. Мен отырған автобуста өңкей өнерлі студенттер жиналғандай, жол бойы ән айтып, ойын ойнап, көңілді жеттік. Сол кезде көпшілік арасынан орта бойлы, аққұба келген бала тамаша қоңыр даусымен, кәсіби әнші сықылды орындау шеберлігімен ерекшеленіп тұрды және бір орында отырмай, бәрімен бірдей тіл табысып, бірден көзге түсе білді. Осы «пысықтығын» есепке ала отырып, оны "Қазақбай" тобының капитаны етіп сайладық. Сөйтіп, көптеген сайыстарда Нәби бауырымыздың сегіз қырлы, бір сырлы өнерінің арқасында "Қазақбай" тобы алдыңғы қатардан көрінген еді…
«Аймақтану» мамандығының 1 курсын бітірген ол ән де шырқайтын, өлең де жазатын, қызықты кештердің жүргізушісі де болатын. Сондықтан болар, командааралық футбол жарысы кезінде спорт алаңында есекке мініп алып «Жаяу Мұсалатып» жүрген Нәбиге қос команданың жанкүйерлері тарапынан ешбір «қарсылықтардың» болмағаны…
Сол аз күндердің ішінде түстен кейінгі уақытта көпшілік жастар демалып жатқанса Нәби тыным таппай лагерьдің жанындағы ауылға барып үлкен кісілерге домбырамен терме айтып, әңгіме-дүкен құрып қайтатын әдетін де байқатқан еді…
Аз күннің ішінде інімдей болған, бір бойында қаншама өнерді сіңіре білген Нәбидің сол күндердегі жарқылдап жүрген бейнесі әлі көз алдымда…
Жатқан жерің жайлы, иманың жолдас болсын, Нәби бауырым!

1 пікір