Қазақстан - Сирия. Жолдастық кездесу.



Бүгін сағат 20-00де, Астанада Футболдан Ұлттық құрамамыз Сирия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Негізі бізбен ешкім жолдастық кездесу өткізгісі келмейді. Бұрын жұрттың бәрі солай дайындалып жатқан кезде біздікілер үйде жататын. Соңғы рет Оман құрамасын «тас-талқан» қылдық. Бүгін де солай болатын сияқты. Сирияның бізбен ойнауға келісуінің өзі біздер үшін жеңіс

p.s бәс тігушілерге бір ақпарат: Сирияның басты 2 легионерін клубтары жібермеген және команда ойыншыларының бәрі ораза ұстайды, бүгін де мына ойын үшін бұзбаймыз депті. 1.9 коэффициент өте жақсы, алып алыңдар.
Бөлісу:

19 пікір

Nurgisa
Иә, Беранек бүгін ұтатын сияқты. Сирияның Азия бәстерінде қаншалықты осал, еместігін білмедім. Бірақ біздікілер қазір біріншіліктің экваторынан енді асты, жақсы формада болулары керек деп ойлаймын.
asaubota
астаналықтар, барасыңдар ма?
neoman
Астана Аренада болып көрмеппін, сол үшін ғана баруға болады
asaubota
көретін түгі жоқ. үлкен спортзал, неге екені белгісіз алаңда шөп болмаса да төбесі ашылып-жабылады. әдетте көгалды жаңбырдан, қардан қорғау үшін жасалушы еді ондай нәрсе.

екінші қабатына шықпа, біртүрлі қорқыныштылау. құлап кететін сияқты боласың.
dauren85
Алматыда болғанда баратын едім.Амал жоқ телевизорға тілміруге тура келеді.Не де болса біздің жігіттер жеңсе екен.
asaubota
бүгін баратын болып жатырмын. барсаңдар хабарласыңдар, бірге қарайық. 87026113726
Nurgisa
Неге сағат онға қойған екен… Аздап ыңғайыздау екен.

Меніңше, жеңіс бізде болады сөзсіз. Кемінде екі доп айырмасымен жеңеміз.
asaubota
сегізде ғой он емес
Nurgisa
Мен онда екен деп қате көріппін. Аузымызды бірінші таймнан кейінгі үзіліс кезінде ашсақ па екен…
asaubota
мен бір рет Ақтөбеде ойынның ортасында тұрып тұрып ашқам, қалтама сок пен Сникерс салып алып барғам
RamErs
Ақтөбенің жеңілісінен кейін «Бұдан былай Қазақстан футболын қарамаймын!» — деп едім. Бірақ бұл ұлттық құрама ғой! Міндетті түрде көру керек! Кеше жаңалықтардан естідім: біздің құрама бұрын Сирия құрамасымен 3 кездесу өткізіп үшеуінде де жеңіліс тауыпты. Осы жолы міндетті түрде жеңеміз деп отыр екен жерлестеріміз!
Erlan
кім кай командага бас тігіп жатыр ))
Nurgisa
Admin, Amin, Aminnin auildan kelgen soy, Fazylbek beseumiz Astana arenadamyz. sirialyktar sylbyr deuge auyz barmaidy. aiteuir, abyroi bolganda, askeriler jaksy show jasap jatyr, Kazakstandatyp jatyrmyz ole ole oleletip…
Nurgisa
aramyzga Neoman bauirimyz kelip kosyldy. Sirialyktar auyz ashyp, bizdikilerdin auzyn ashtyrdy. Ainaldyrgany 2-ak adam bukil korganysymyzdy jer kyldy, gol sogyp. Utyludamyz.
Nurgisa
karymta kaitardyk. Tarazy basy tenesti. Endi kaiter ekenbiz…
Nurgisa
kan kainauda… Baska shauyp, toske orlegendei edi, songy satte forwardymyzdyn pas bergisi kelmei, ozi sokkysy kelgeni bizdi de, urymtal pozocoada turgan ekinshi shabuilshyny da tan kaldyrdy…
Nurgisa
janjuierdin aldy shygyska oisty… Analar kyzyl aldy… Biz aikaiga sap jatyrmyz… Enbek esh bop jatyr…
asaubota
ораза кезінде футбол ойнап көрдіңдер ме? тіпті бір күн қаза қылғанның өзінде идеал формада болмайсың, толық күшпен ойнай алмайсың.

біздің деңгей осы, әлсізді де жеңе алмады.

Олармен Аллах, ал бізбен Пидерация