25 пікір

Aldaspan
Арғындікі екен ғой!!!
VKM
ой, осы хиджаб туралы көп айтылып кетті ақырғы кезде.Кием дегендер кисін, кимеймін дегендер кимесін.Киіп алып, аяғы ауыр болып қалған 1 қызды білемін… сонда қатты көңілім қалып еді
asaubota
Бауырласуға қатысып келген шығар
blackbeard
Дұрыс айтасың Шолпан! «аң аласы — сыртында, адам аласы — ішінде» деп айтып отырушы ед марқұм Мастұр Батырдың үйіндегі әжеміз!
meirzhan
Кием дегендер кисін, кимеймін дегендер кимесін
Уот осы дұрыс. Ато бізде кейбірлер (әсіресе үлкен кісілер) хиджаб кигендерді көрсе жаман көзбен қарайды.
VKM
Бірде мамам айтып келді, сіңлімді поликлиникаға апарған ғой.Талонмен болса да кісі көп болыпты. Бір хиджаб киген жас қыз кішкене баласымен келген екен, бала жылай беріпті. Мамам айтқан ғой, емізіп алш, андағы баланың қарны ашып тұр деп. Ана қыз, типа харам деген ғой дим. Мамам бос кабинетті ашқызып, ана қызды қолынан жетектеп апарып, міне мұнда кір де, ана баланы еміз депті. Ана қыз қайтып келіп, мамамның қасына отырып, түк болмағандай айтыпты: тәте, сіздің мына құсап ашық киінгеніңіз болмайды деп.Мамам үндемей қалады ма? Айтыпты, мынандай ыстықта баланы ауыртып, жылатуға болмайды деп.
2 жастағы баласы әлі жүрмейді екен, берген дәріні ішкізбеймін депті.
Баласына қарамайды ма? Елге ақыл айтпай-ақ!
blackbeard
Тірі Википедиясың ғой сен
Пікір түзетілген: 8 тамыз 2011, 17:32
meirzhan
Иә, дұрыс түсінбей жататын адамдар аз емес. Сонымен қоса жалпы қоғамдық тәртіптің, жұмыс орындарының ислам шарттарын орындауға ыңғайсыз екенін айту керек. Жалпы кейбір қоғамдық мекемелер, жерлер адамның қарапайым адамның қажеттілікері ескерілмеген.
Бір рет ЖОО-нында неге намазхана ашпаймыз деп балалармен ақылдасқанда, бір бала айтқан болатын, егер біз бұны балап етсек, басқа дін өкілдері де өзінің талаптарын қояды деп. Оларға намазхана сияқты нәрселер не үшін керек екенін ұқпадым.
Пікір түзетілген: 8 тамыз 2011, 17:35
VKM
Мамамды тағы таңқалдырғаны,2 жастағы баланы әлі емізеді екен...Қосымша тамақ бер, баланы өлтіресің дедім деген…
meirzhan
Енді дұрыс қой. Әрине басқа тамақ бермеу дұрыс емес. Қателеспесем, 5 жасқа шейін бе солай емізу керек.
VKM
мяя, Мейіржан, олай емес. Сенбесең,@alishaдан сұрашы
meirzhan
а-а, мен жалпы ислам бойынша айтып тұрмын. нақты білмеймін, бірақ 3 жастан артық болу керек.
ал практика жағынан айта алмаймын.
sammita
мектепке барғанша еметіндер болады. Бірақ әрине қосымша тамақ та ішеді
meirzhan
За то денсаулықтары жақсы болатын шығар. тегін жазылмайды ғой. а, Дос.
sammita
переменде үйге зуылдап кеп апасын еміп кететіндер болады.
meirzhan
 ха-ха. ондайлар да бола ма екен. Әбіләкім сияқты қосып жіберген жоқсың ба.
sammita
естігенмін. Ауылда болған.
TERISKEY
не только естіген, көргенсің ғооо
balzaminka
мен бес жасқа дейін еміп, жеті жасқа дейін мамамның арқасынан түспегенмін  Мазақтағандарға реакциям нөл болатын, сірә сол кезден жұрттың не айтып, не қойғанына мән бермей, өз дегенімді істейтінім қалыптасқан ғой дим

Не суди, да не судим будешь деген өте жақсы ше )))
Altygradus
2 жыл емізу керек деген бар.
Altygradus
2 жастағы баласы әлі жүрмейді екен, берген дәріні ішкізбеймін депті.
Баласына қарамайды ма? Елге ақыл айтпай-ақ!
Сауатсыз біреу боп тұр ғой. Әйтпесе баласына қарау бірінші міндеті ғой.
Ондайлар жетеді.Басқаны жөндегісі кеп тұратындар, неге ораза ұстамайсың күнә ғой, немесе намаз оқымасаң мұсылман емессің деп уағызды бастайтын надандар бар. Сондай да уағыз бола мекен??? ужыс. Өздерінің оразасы қаншалықты қабыл болып жатқандығын уайымдасашы одан да.
Бірақ айтпағым ол емес ед негізі.
Шынымен қоғам болғасын әртүрлі түсінікті ұстану белгілі нәрсе ғой. Тек басқаға сыйластықпен қараса ғой.
Біздің халық біртүрлі әйтеуір, өзі кимесе хиджаб кигенге кеп тиіседі.Неге киесің? ол қазақта болмаған деп. Болмад деген күлкілі нәрсе енді, бірақ тіпті қазақ тарихында болмай кеткен дүние болса да кімге не?? шаруасы қанша басқада??
Ал дінді ұстанғаны кеп, неге бүйтпейсің, сүйтпейсің күнәһарсың деп басқаны жөндеп әлек. Одан да әркім өзіне қарап алса бірінші, түзететін жері жететітін білер еді.
Aldaspan
дегенмен оларға тіл тигізгім келмейді, ашық шашыұ, сандарын жалтыратқандардан қарағанда солар жақсы!!!
boztorgai
дегенмен тұмшалану адам ойын арамға еріксіз жетелейтін секілді
Abilakim
Ал мен жыламадым