Футболға бардық



Ия көптен күткен футбол мерекемізде өз алаңымызда жеңіліспен аяқталды өкінішке орай
Ұлым папа телебезерден көре береміз бе? Стадионнан барып көрейікші деген баламның өтінішін орындауға мәжбүр болып билет алған едім. Онымен кеше нағыз футбол болатын күні аяқ асты шаруа шығып келіншегіммен балам нағашыларына кететін болып еді. Пойызға билет болмай қалып баламның жолы болып қуанып қалды футболына бара алатын болып. Жеңіс бар жерде жеңілісте болады ғой барғанымызға өкінбейміз. Тамаша демалыс болды. Біздің жанкүйерлердің ерекше ықыласының арасында болу деген ғажап сөзбен жеткізу мүмкін емес. Футболды көбіңіз көрген шығарсыздар әңгімені көп созбайын енді, шамалы суреттермен бөлісейін:









Бөлісу:

18 пікір

Erbol
Барын-ақ салып ойнады, амал не. Жеңілу жазылыпты маңдайға. Манэ құртты. Қой бақтыру керек, ауылға апарып.
Abilakim
Ал менің ойымша барын салмады
Erbol
Қарасақалдың ойынша барын салған да, салмаған да.
Nurgisa
Ақтөбеде футбол қарауға қыз балалар көптеп барады екен. Кеше телеуізірден де оператор жігіттер қыздарды жиі көрсеткен-ді. Не үшін баратынын соңғы суреттегі оң жақтан бірінші тұрғанға және соның артындағы персонаға қарап топшылауға болатын сияқты
balzaminka
қыздарға футболды түсіну жазбаған деген сөз бе?
Kuralai
Барын салған қазақтар. Құртқан легионерлер((( Қосымша уақытта да тупитетті сол Манэ и соңында да ((
Nurgisa
Құралай, бірталайдан бері жанкүйермісіз? Бұлай қорытынды жасауға не түрткі болды? Әлде, жайшылықта футбол қарамай, тек кешегі ойынды қарап, содан туындаған ой ма?
Kuralai
Футболдың жанкүйері болғаныма өте көп жыл болды. Қазақстан футболын көріп шашап, Европа аяқдоп ойынын тамашалап реллакс болатындай деңгейдеміз(
Nurgisa
Бұл сіздің футболдағы талғамыздың жаңа сатыға шыққаны деп ойлайсыз ба яғни?
Kuralai
Меніңше, футболда талғам болмайды. Жәй ғана әдемі, әрі нәтижелі ойынның жанкүйерлері болады.
Nurgisa
Қай командаға жақтасасыз? Әлде әдемі, әрі нәтижелі ойын үшін ғанасыз ба?
Kuralai
Талғам сөзін көбіне ойынға қызығатын емес, ойыншының сұлулығына қызығатын құрбыларым қолданады)))
Kuralai
Қазақстанда "Қайрат" жанкүйерімін. «Ақтөбенің» жанкүйерлігінен кеше шықтым)))
patick
"Қайрат" жанкүйерімін

Барабан алдыңдар ма басқа?
asaubota
Мане венгрларға гол салмағанда, Мане Аланиямен алғашқы ойында гол салмағанда, Мане кеше Алания қорғанысын бұзбағанда кешегі пенальтилерде болмас еді. Пенальти — лотерея. біз лотереядан ұтылдық.
Kuralai
Мане, Мане, Мане — Сенегалдан келген шабуылшыға еш жауластығым жоқ еді. Осының алдында да хет-триктері де ұнайтын. Алайда, кеше қосымшы уақытта алаңда абдырап жүрген түрі және пенальтиді қақпашының қолына белгендігі қатты ренжітті(((
asaubota
бірінші сурет ойын басталмай тұып немесе үзілісте түсірілген ау деймін. өйткені батыс трибунада андай бос жерлер болуы мүмкін емес.