Алдаспанның мұңы!!!
Өз ақымды жібермейтін қазақтардың қатарындамын. Шындық үшін шырылдамасқа болмас. Асау бота асауланып, өткен жолы мені уақытша «керекке» кірмейтін қылыпты. Бұл жолы да асауланып «керекке» керек емессін демейді деп үміттенем. Олар қаншама боқауыз сөздерді жазса да керектен кетірілмейді, қисық сөйлеп, жұртты мазақ қылса да, мәз мейрам. Аршатқа ақша берген бе әйтеуір ауыздарынан шыққан сөздері айды дірілдетеді. Бірақ, мен сияқтылар бір екі пост(ораза жазылмайды) жазса, Асау бота ермелікке салынып, біреулердің сөзін қолдап Алдаспанды уақытша керегіне кіргізбейді. Бұлай жазуыма себеп бар, себебі бір рет те ескерпестен жаба салды. Әрине мұқтаж емеспін. Ол да маған, мен де керекке. Дегенмен замандастарымның балығы мекен еткен жерде мекенім болғаны мен үшін маңызды. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген. Көппен бірге болуды нұсқаған мақалға амал етсем, амалымды бағаламады(бұл жерде көп адасты деген сөз емес, әрине көзі ашық олай ойламайды). Ренжуге хақым бар. Асаубота да кешірім сұрауға ниетті болуы шарт. Блогер блогердің тілін түсінді деп ойлаймын. Алдаспанды әлсіз емес. Тісі барда тас шайнайтын жігіттердің қатарындамын. Құрметті блогерлер, Алдаспанның аз маз жарқылы(мұңым дейінші) осы!!!
(кейде бір соц.сет. көп кірмей қалсам парольді ұмтып қалатыным бар)))) ондай емес ғо тошна?
«Сағаттар сырғиды
минуттар жылжиды
Жастық шақ өтеді
Мұңайма Үрбибі»-деген өлең болушы еді…
Өткір пышақтың қынды тесіп кететін қасиеті болады...
«Базына» емес, «мұң» дегеніңіз жақсы бопты.
Тұрақты түрде жазып тұрыңыз. Бәлкім, кейбірлер сізді түсінбеген шығар.
Жалпы мақаланы екі рет жариялаған үшін «банға» жіберуді тым қаталдық екенін бұрын да жазған болатынмын.