Такси "Астана" (Мен кеше реалда не бітірдім?)

Кеше белгілі бір себептермен автобусқа мінбей таксимен қайтатын болдым үйге. Қолымдағы жүкпен автобусқа міну ыңғайсыздық тудырар еді жұрттарға. Содан таксиге қоңырау шалдым. БІзде шақыру арқылы келетін таксилер арзан, алматыдағыдай қол көтере салсаң тоқтайтындар жоқтың қасы. Майқұдықта тұратын болған соң Майқұдықтың таксилеріне звондадым(қаланың таксилеріне мінсең Майкенге дейін 1300 алады, аналар 800). «Астаналықтар» қалада бос жүрген машиналары бар екенін айтып, 5 минутта келетіндерін айтты.Содан он минут күттім жоқ. Қайта звондадым. Ар жақтан орыс келіншек «міне, міне кеп қалды»дейді. Дауысынан көңілді адам екені көрініп тұр. Жоқ. Қайта звондадым.Сізге баратын машина ауысты «Форд»серый" деді. Тағы бес минөт күттім. Шыдамадым қоңырау шалдым. Ойлы-қырлы орысшаммен (жазғанда да қатырмаймын) «Форд, серый с квадратными колесами да?» деп сұрадым. Анау «Да, да, что подехал» деді де күліп жатыр.Сәл шыдауымды өтінді.содан қайта қоңырау шалдым,«Я знаю почему Вас „Астаной“ называли» дедім, анау неге екенін сұрады «Потому что вы машину с Астаны отправляете» дегем күліп жатыр «Шыдаңыз енді» деп. Ана таксистте мен тұрған жерді таба алмай жүрсе керек.Не керек 30 минөттен артық тостырып келді ғой такси.Содан диспетчер келіншек звондады қайтадан.«Сізді көп күттіріп қойғандықтан айыбымызды жуу ретінде біздің офиске келіп шай ішіп кетіңіз.Сосын тегін апартамыз»дейді. Оған рахметімді айтып, асығыс екенімді білдіріп үйге бірақ тарттым.

Суретті мына жерден алдым
Бөлісу:

9 пікір

sammita
Шынымен көшеде такси тоқтатып тұрған адам көрмеппін Қарағандыда.
Айыбын түсінетін парк жақсы екен.
Abilakim
Бәрі ондай емес қой, просты анау көңілді келіншек тарізді. Мүмкін сол күні оның туған күні шығар?
sammita
көңілді келіншектің шәйін ішіп қайтуың керек еді. Шынымен ТК шығар)
Abilakim
Бөтен келіншектің қолынан шәй ішсем бөтен ойға кет қалам ба деп…
VKM
«Abilakimнің басынан кешкендері» деген кітапқа қосып қою керек.Ыза болды ма десем, сондай добрый әңгіме шығыпты.
Abilakim
Сол күні өз-өзіме қатты ырза болып жүрген ем)))
Khan
Типі астаналықпын (оңтүстік/солтүстік) дейтіндердің көңілдеріне келмесін, Алматыңда да, Астанаңда да таксишілер өз қызметіне құрметпен қарамайды. Жолшыбай өз істерімен кетіп бара жатып іліп кете береді. Олар үшін бұл тек тиын табудың оңай жолы ғана. Арнайы жұмыс қылып, шашка тағып жолаушы тасымалдауға шығатындары жоқ деуге болады. Жолаушыларына құрмет тіптен ноль. Машина менікі деп қалаған өлеңін қалаған дауысына ашып тыңдағанын былайц қойғанда, будақтатып темекі шегетіндерін қайтерсің. Әсіресе, Алматыда үсті — үстіне кісі алып, салонында клиент болса да көрінген қол көтергенге тоқтай салады. Былай қарасаң адам қоғамдық көлікте өзгелермен орын бөліспес үшін, баратын жеріне тез жету үшін отырады емес пе. Осылай — осылай жаза берсең немесе таксистке айтсаң ең соңғы п*др сияқтысың. Бірақ, қызмет көрсеткен соң клиенттің жағдайын жасау керек қой деп ойлайсың ғой. А так маған пох, машинам аман болсын
sammita
егер бұндай қызметті қаламасаң, үйіңде отырып шақыруға болады таксиді. Қалаған жеріңе апарады, айтқаныңнан шықпай қызмет көрсетеді. Ақшасын да сәйкесінше төлейсің.
Жолшыбай өз істерімен кетіп бара жатып іліп кете береді
Ал арзандау не шұғыл қажет болса, көшеден тоқтатасың. Темекі шегіп, музыканы барылдатып, көшеден тағы бір клиент іле кету жағдайы болса, ол өзіңе байланысты. Клиенттің сиқына қарайтын шығар онда