Қазақстандық боксшының өмірі жайында фильм түсірілуде
Қазақ боксшысының спорттағы өміріне арналған «Жол» («Боксшы жолы») атты фильм түсірілуде. "ҚазАқпарат" агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес фильмнің премьерасы 2012 жылға жоспарланған.
Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаевтың ("Ғашық жүрек или коктейль для звезды") айтуынша, көркем фильмдегі басты рөлдерге бекітілген жігіттер кәсіби актерлер емес. Олар елімізде өткізілген кастинг арқылы іріктелген.
«Хабар» агенттігінің хабарлауынша, картина "Қазақфильм" киностудиясында түсірілуде. Басты рөлді театрдың жас актеры Назар Сұлтанбаев сомдамақ. Фильмді түсіру жұмыстары елімізбен қатар Германия, Франция сынды бірқатар Еуропа мемлекеттерінде де жүргізілмек.
Фархад Шәріпов ("Қызғылт қоян туралы аңыз"), продюсер:
— Алматыда үлкен кастинг жарияланды. Көбі жас актерлар. Басты рөлдерді сомдаушылардың барлығы жаңа есімдер. Ал спорт тарландарын айтар болсақ, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимовтарды шақыруға тырысып жатырмыз. Бұдан бөлек, көрермендерді көп тосын сыйлар күтіп тұр.
Назар Сұлтанбаев, актер:
— Мен өзім театрда жұмыс істеймін, актермын, әншімін. Әлі ешкімге танымал емес. Бірақ бірінші кином болғандықтан бар күшімді саламын деп ойлаймын.
Сюжеті бойынша, базарда жүк тасып, күнін көріп жүрген жас жігіт ара-тұра жасырын төбелес алаңдарына шығып жүреді. Оның кезекті төбелесін көріп, дарынын байқаған бір менеджер оны қол астына алады. Маңызды кездесулердің бірінің қарсаңында ауыр жарақат алған бас кейіпкерге бірқатар қауіпті ота жасалады. Осылайша шым-шытырық өрбіген фильм соңында ол спортта зор табысқа жетіп, махабатта да жолы болады.
Ақпарат көздері:
"ҚазАқпарат" агенттігі
«Хабар» агенттігі
Ғашық жүректің фанаттары мені кешіре көріңдер, бірақ оның сюжеті де жаңалық емес. Ресейлік «Ландыш Серебристый» (2000-шы жылғы) көргендер болса, түсінед. Көрмегендер қысқаша мазмұны міне:
Зоя Мисочкина, ауылдық миліцаның қызы, әнші болу арманы. Москеуге қашып кеткісі келеді, ән айтудан сабақ алғысы келеді, бірақ әкесі үнемі оны пойыздан түсіріп алад.
Бірде Мәскеуге қашам деп жүргенде мілица ұстап алып, ментурада Лева Болотов (Саша Цекало) пен Стас Придорожный (Юра Стоянов) деген екі продюсермен ұшырасып қалады. Как раз олар өздерінің әншісі біреуге ғашық боп қап, ән айтуды қойғысы кеп жүреді. Сөйтіп олар әлгі қызды раскрутка жасамақ болады.
Бірақ бәрі оңай емес. Қыз бір хит өлеңімен жұлдыз болады, автограф, тралля-ля тополя, кульминация, бірақ аяқ астынан ғашық боп қалады да (сюжеттік кризис) Махаббат құрдымға, ал Контракт иттің көтіне қыстырылып кетеді.
Сосын продюсер жігіттер қызды еркіне (наққа) жібереді.Қыз ренжіп, біраз көшеде ән айтып ақша табады по-моему. Іштей қателік жасағанын түсінеді. Кейін әлгі екеуі ауылдық дискобарда жүз грам ұрттайын деп барса, әлгі Зояның даусын естиді. (развязка)Сөйтсе, нақ Зоя әлгі жерде өлең айтып жатыр екен. Олар ол қызбен қайта жұмыс жасамақ болады.
Мына бокс туралы сюжет те «Бой с тенью»-дің және как ни странно «Разборки в Стиле Кунгфу»-дың сюжетін қайталайтын сияқты. Менің ойымша.
жарнамаң өтті, Ландышты тауып алам.