26 пікір

omarbirat
Адам құламаса да нокаутқа кете береді екен ғой
Gastarbaiter
Нокаут емес нокдаун гой мынау. АЛде алдында екы нокдаун алып па еды?
Уш рет нокдаун болса техникалык нокаут беретындеры бар го.
Nurgisa
Негізі, «сериялы» соққы бораған кезде визавиі дәрменсіздік танытып, қарсы блок қоюға қауқарсыз боп жатса және сол дәрменсіздің бапкерлері рингке ақ орамалды лақтырса, ол міндетті түрде жерге ессіз құламаса да, матч дереу тоқтатылады. Ресми, нокаут деп тіркеледі хаттамада.
meirzhan
Нокаут демес ем. Жақсы сериядан Дэнни дәрменсіз болып қалды. Төреші бұны көрді, тоқтатты.
saken
жаңалықтар топтамасында техникалық нокаут деп жазыпты.
omarbirat
Бәсе, матчты жалғастыруға дәрменсіз болып қалды. Әйтпесе бейтехникалық, таза нокаутқа кетпегені көрініп тұр.
saken
бастысы тарихи жазбасына нокаут деп жазылатыны ғой
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 19:33
Gastarbaiter
Мен 8 оқып жүргенде Леннокс Льюсті ұрып есінен талдырғаным есімде. Сол жылы мамам сега алып беріп еді, морталкомбатынссс
Nurzhol
Бүгін таңертең ТВден көрдім. Қателспесем, Вашингтонда болды.

Осылардан бірнеше бойдан соң, 19 жасар бір боксшының өнеріне тәнті болдым. Дене бітімі қарапайым, бойы сәл ұзындау. Ерекшелігі, соқысының бәрін қарсыластың басына бағыттайды екен. Әрі тура тигізеді. Таза нокаут. Алдыңғыларын да солай жеңген.

Айтпақшы, біздегі жасөспірімдер боксы не болды екен? Бұйырса бүгін түнде ел қатарлы Қазақстанға барып емес, үйден көреміз.
saken
Лас-Вегаста болды ғой. Жасөспірімдеріміздің екеуі ғана финалға шығыпты.
Nurzhol
Әбден мүмкін. АҚШтың бір үлкен қаласында болғандығы ғана есте қалыпты.

+80 кг өнер көрсететін жігіт алтын алады меніңше. Екінші жеңіл салмақтағы бауырымыз да жақсы бокстасады, тек қарсыластар бір-біріне мықтылардың ішінен шыққан мықтылар ғой.
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 19:57
omarbirat
Ресей бірінші, Өзбекстан екінші, Қазақстан үшінші орында деген бір жаңалықты көзім шалып қалды.
Орыстар ең көп алтын алыпты, одан кейін Өзбекстан мен Австралия екі-екіден алған.
Қазақстаннан Бекжан Кібітқалиев венгриялық боксшымен жекпе-жегін 10:10 есебімен аяқтап, қазылардың шешімімен алтын біздің боксшыға бұйырыпты.
www.aiba.org/en-US/news/ozqsp/newsId/4046/news.aspx
Nurzhol
Ия. Екі раунд бойы есеп Бекжанның пайдасына болды. Содан соң Бекжанға берді деп ойладым. Соңғы раунда шаршап әрі қызбалыққа салынып соққы жіберіп алды шамасы.
Gastarbaiter
0:19 секундында Бейбіттің қарсыласын қолынан «бір нәрсе ғана» келеді деп балағаттаған сияқты ашынған коментатор.
Пікір түзетілген: 30 шілде 2011, 23:50
meirzhan
Азамат! Сәттілік тілеймін мына жігітке. Әдемі жеңді. Күчті серия.
asaubota
бұл жақсы ма? енді не болады?
just19
Жасөспірімдер арасындағы жарысқа ішім күйді. Медальдар саны мен сапасы жағынан Қазақстан өте жоғары көрсеткіш ұстап тұра алады. Егер, анадай жарыстарға нағыз тарландарды емес, ақшасын төлеп өтіп кетіп жатқандар шықпағанда. Шамамен бұл жарысқа қатысқандардың бірен-сараны ғана өз күштерімен, қалғандары лайықты өз күштерімен шыққан жоқ. Барлық спорт түрінен осы.

Ең мықты деген спортсмендер алса, Қазақстан ішінде ғана чемпион бола алады. (И то сүмелек судьялардан айласын асыра алса). Текті деген қазақтың атын жерге қаратқанша, п*дарасттар шықпайақ қоймай ма. Халықаралық, Әлемдік жарыстарға лайықты спортсмендерді шығару керек.
Пікір түзетілген: 31 шілде 2011, 16:21
Gastarbaiter
Мысалы?
just19
Мысалы мен. Жолдамадан травмирован екенсің деп бірнеше рет шеттеліп қалғанмын! Ол кезді еске алып, өткен тақырыпты оралыпп, анау кезінде осылай жолдаманы қағып кеткен еді деп атын атап, түсін түстегім келіп тұрған жоқ. Өткен істер өтті. Тыныш алға басуым керек.

Жақсы жолдас жігіттер де осындай әңгімелерді естуге болады. Судьяға қарсы шықпайсың.
asaubota
шынымен солай сияқты ғой. Украинаның Спорт2 каналынан қарадым жарысты. біздің балалар туралы сен айтқандай ойладым, сборныйға тыққан ау деп по блату. нәтижесін бәріміз көріп отырмыз қалай екенін.
Gastarbaiter
Бой без правилдарды қарап көріп пе едіңдер? Масқара ғой енді. Боққарын біреу шығып, тебуге әрекет жасап жатып тоңқалаң асып елді күлкіге қарқ қылады. Еш дайындықсыз шыға салады кейбіреулері.
konvict
Бұ жолы да Бейбіт жеңіске жетті