Жаппай психоз қаупі
«2012 жыл» «мәселесі» әуелде поп-жаңалық боп көрініп, ал жанамағылыми тұрқы тіпті күлкі үйірген.
Бірақ бара-бара қауіптеніп барам. Ақырзаманнан емес, соған сенетіндерден. Олай дейтінім: тіпті салмақты кісі ағалары да(!) «жел болмаса шөптің басы қозғалмайд, қайдан білейік...» деп, күмілжитін болыпты! Көздеріне үңіліп қарасаң — кәдімгідей үрей. Ал студенттердің көбісі кәдімгідей қаймығып, кейбіреулері нық сеніммен жүргені тіпті қорқынышты.
Айтпағым — тіпті ыңғайсыз көрінер, бірақ 2012 жылы әлдекімдерге — жаппай психоздан сақтану керек сияқты. Кейбіреулер: «бәрібір соңғы күнім екен!» деп, ылаңды салмасына кім кепіл? Мұның қасында тіпті түсініксіз діни тезистердің жолында вокзал-базарлар жарылып жатқан жоқ па? Ендеше, осы бастан, таптаурын болған түсіндірме жұмыстарын да, былайғы айла-шарғыларды да жасап, дайындалып қойған дұрыс сияқты. Ең болмаса — жаппай психозбен күрестің әдістемесін. Қапыда қалмайық деген ой.
Аман болайық бәріміз!

Алда-жалда жаһанға қауіп төнсе тығылар бункерді жасатушылар бірдеңе біле ме екен.
Қайда, қашан, киллер кім, айта алмаймын…
Бейтаныспен қырық пышақ боп жүрген кез
Барлық адам жер бетінен жоғалған соң, онда қалып не қызығы бар?
Англия ата жау ғой енді Индия үшін.
Жұртшылықты хаос жағдайында ұстаудан артық басқа шешім тапқан жоқ олар, әзірше. Қырғи қабақ соғыстан кейін нысанда ислам болды. Енді жаңа концепция құрастыруда-мыс.
біреу-міреу ақырзаман мейкерлерге жеткізеді ма деп жазып жатып қойдым