Алания - Ақтөбе. Еуропа лигасы. 3-раунд



Бүгін Еуропа Лигасының 3-раундында өте маңызды матч. Ақтөбеміз Владикавказдың Аланиясымен ойнайды сырт алаңда. Ақтөбе қазір Еуропада қалған қазақстандық жалғыз команда. Әрине матч көршіміз Ресейде болса да біздің ТВ бұл матчты көрсетпейді. Сондықтан Россия-2 каналы бар жерлерді іздеңіздер немесе интернеттен мына жердегі бродкасттарды қарауларыңызға болады:

kiwi.kz/broadcast/
livetv.ru/eventinfo/81359_alaniya_aktobe/

Басталуы Астана уақытымен 22-00.
Бөлісу:

24 пікір

Nurgisa
Алға, Ақтөбе! Жырт! Шымкенттік фанаттар сенімен бірге!
saken
Қызылордалықтар да бірге!
asaubota
букмекерлер Аланияны фаворит қылып отыр, коэффициенті 1.4

бірақ, екі жақтың да шансы тең сияқты.
Nurgisa
Дегенмен, бірінші тайм 0-0 есебімен бітетін шығар деп ойлап отырмын. Ә дегеннен тарпа бас салуға жүректері дауалай қоймас. Алмакезек барлаудан кейін, екінші қырықбесминуттықта басталады. Сары карточка да борайды, бірер гол да. Мәлік Маненің өз спидометрін нағыз іске қосар ұрымтал тұсы. Екіншілердің бір жарым форасы аса қиындықсыз ойнауы керек сияқты.
asaubota
біздің жігіттерді, фанаттарды айтам кеше аландар жақсы күтіп алыпты, шашлык-машлык, вино-мино. ауа райы ыстық және ылғалды екен. оңай ойын болмайтын сияқты. Мане сияқты атлеттерге сену керек.
nurbergen_makym
жақС күтіп алыпты???
ондай қарым-қатынас та бола ма, фанаттар арасында?
Nurgisa
Иә, әсіресе қостанайлық фанаттар мен олардың ақтөбелік серіктестері арасында осындай жақсы күтіп алулар ерекше мейіріммен өтеді дейді дереккөздер.
asaubota
қарсы алушы жақтың ниетіне байланысты. келген жақ ешқашан өздігінен ештеңе бастамайды. төбелесу керек болса да алдымен қарсы алушы жақ ұсынады. мұндайдың екі түрін де көрдім.

Қостанайға алғашқы сапарымыз сондай күтіп алумен басталды. футбол ойнадық, пибі іштік, тіпті біздің бір жігіт қызды болған еді, қостанайлықтар сол жігітке сыйлықтарын берді. кәдімгідей күшті болып еді сол кездер. кейін қостанайлық жастар пайда болды интернетте «соғыс» бастап. сосын олар жазаланды, сол соғыс әлі жалғасып келеді. астаналықтармен сондай соғыс кейін үлкен достыққа айналды.
Kuralai
2010 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегерлеріне жанкүйер болайық!
Nurgisa
Жаман емес. Бірінші жартыдан соң (жаман ойлап қалмаңыздар) ақтөбеліктер әзірше соғылған жалғыз доп айырмасымен алда… (Т)Әліптің артын бағалық…
asaubota
орыстар тез істейді екен. Маненің голын шығарып қойыпты уже

www.youtube.com/watch?v=BWYeW-HxbaM
omarbirat
Енді бір 15-20 минут шыдаса болды ма?
Nurgisa
Жіберіп алдық… Әлі отыз минуттай бар. 1-1
omarbirat
Nurgisa
Бүгінгі ойында итжығыс болса да жаман емес. Ақтөбемізде голсыз тең ойын, немесе ұтсақ жарап жатыр.
omarbirat
Пенальти тағайындамай ма? Қақпашысыз қалған екенбіз…
Nurgisa
Жоға. Екі ойыннан тұрады ғой. Енді Ақтөбеде қарымта матч болады. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз келер турға ілгерілейді.
asaubota
теңестіріп кетті, әзірше бірде бір
asaubota
біздің қақпашы қызыл алды, он адамбыз. шыдау керек.
VKM
Интриговать етіп қойдыңыздар ғой, ағашкалар.
omarbirat
50 000 теңге ставка тіккендердің ақшасы кеткен шығар ендігі. Жылт еткізіп бір үміт сыйлағандай болып еді
Nurgisa
Иә, олай тіккендікі ұшты пұлы. Бірақ, есіңде болса, біреуінде «Ақтөбе соғады» деп алып еді, онысы шықты.
asaubota
жаман емес негізі, үйде голсыз тең ойнасақ та жарайды