Такси

Бір жолы асыққандықтан такси ұстадым, таксист барар жолды ұзартып, төменгі көшеге түсті, кептелістен қашқан болар деп ойладым. Жолда кетіп бара жатып, темекісін салонға бұрқыратып, қала берді арасында терезеден басын шығарып қақырынып-түкірініп отырды, адамды жиіркендіріп, әрең шыдап отырдым. Салоныңда жалғыз отырмаған соң, басқаларды да ойлау керек қой. Өз машинам не істесем де өзім білем деген қасиет пе екен. Түріне қарасам жас, сақалын бей-берекет өсіріп, жіберіп қойыпты, уақыты болмай алмай жүрген шығар деуге тым ұзын, күзелген сақал болса сән үшін қойған болар деп ойлар едім, мұсылмандығын дәлелдеп қойған дейін десем, қысқа шорты киіп алыпты. Жыным келгендіктен түріне жақсылап қарауға тура келді))) Бір кезде қай жерден түсесіз дейді, түсінбедім десем басқа көшені айтады, мен айтқан көше жоғарыда қалып қойған, сөйтсем ол адресті қағыс естіп алыпты)) Қайтадан жоғары көтерілді, маған бір жыны келген шығар)) Бұдан былай барар таксиге отырарда адамның түріне қарап, адресіңді пысықтап сұрап алу керек па деп ойладым.
Бөлісу:

21 пікір

satibaldi
қысқа шорты киіп алыпты.
Уәхабтардың өздері бұларға «уәхаб!» деп, саусақтарын шошайтатын көрінеді, естігем.
Meru
Сонда қалай?
satibaldi
Солай: ана қысқа балақ киетін уәхабтар, шорты киетіндерді «уәхаб» деп, иттің етінен жек көретін көрінеді.
Meru
 солай деңіз
qisyq
Сәйкесінше, шорты киетіндер белден сәл ғана төмен түсетін аса қысқа киім кигендерді «уәхаб» деп жақтырмай, теріс қарап, пыш-пыштайтын көрінеді.
Пікір түзетілген: 26 шілде 2011, 15:46
satibaldi
Олар өз кезегінде — нудистердің пляжындағыларға «уәхабтар» деп, күндейтін көрінеді.
qisyq
Нудистар болса терісі бір жерінде бар, бір жерінде жоқ, қызыл еті көрініп жүретін зомбиларды «ваххабатаңанәлет» деп жаратпайтын көрінеді.
satibaldi
Ал бұларың зиратты жағалап жүріп, кеуіп қу сүйегі қалғандарды жазғырып жүретінін қайтерсің.
qisyq
Айтпа. Қу сүйектердің де көтендеріне қарамай өлген соң өртеліп, күлге айналған мүрделерді көздеріне ілмей, «адасқандар» деп жазғыратыны бар емес пе!?
Пікір түзетілген: 26 шілде 2011, 15:54
satibaldi
Зайып ал екенсің, сен жеңдің, әкелш аяқты
Meru
Екеуі айтысып кетіп, жеңілгені жеңгенінің аяғын алып жатыр ма
qisyq
Мә, әкес, құй, давай.
Daniar-Alan
 сөз қалған ба Сатыбалды мен Қисықтан
qisyq
 керемет!
Meru
Несі керемет?
Nurgisa
соны айтам-ау. Жалғыз арым қызды бейтаныс жақпен әкетіп бара жатқан шолақ етекті біреу… Құда-а-ай сақтасын…
Meru
Арым қыз деген қалай?
Nurgisa
жалғыз жарым дегенім ғой, қате кетіпті