Бұл менің тағдырым

Әкім Таразидың әйелі Роза Мұқанова өзінен 31 жас кіші.Ал енді бір қызық жағдайды Ә.Тарази былай деп еске алады: "Әлгі «Тұлпардың ізі» деген фильм, мақтаулы фильм көркемдік кеңеске өтіп, тұсаукесері болған күні 1964 жылдың 14-қазан айында өзіңнің осы жеңген Роза Мұқанова жаңадан дүниеге келіп, іңгәлап жатқан екен. Кейін екеуміз бұл оқиғаны талай айтып, талдай күлдік. Дәл сол күні маған бір көріпкел, әулие айтса ғой: «Әй, сенің болашақ жарың бүгін дүниеге келді» деп. Әрине, мен сенбес едім...» ,-дейді Тарази. Менің бұл жерде айтпағым, адамның қай кезде де маңдайына жазылғаны болады. Менің әпкемнің досының күйеуі болады, бірақ одан бала көтермейді. Біраз жылдан соң ол бір қартайған шалға үйленгенде, одан бір қызды өмірге алып келеді. Сол кезде әпкеме досының айтқан сөзі «бұл менің тағдырым» деген екен. Әрине, маңдайыма жазылғаны осы екен деп те қарауға болмайды. Адам өз тағдырын жасаушы екенін де ұмытпауымыз керек.
Бөлісу:

4 пікір

Abilakim
Өзінің кластасының қыз баласын алып,өз кластасын күйеу бала болып «Тағдыр» деп жүрген жанды кезіктіріп ем
sammita
Таразидің осы сөзін қайдан оқып ем…
Менің әпкемнің досының күйеуі болады, бірақ одан бала көтермейді. Біраз жылдан соң ол бір қартайған шалға үйленгенде, одан бір қызды өмірге алып келеді
бұны тағдыр демейді меніңше.
KILYZAMAN
31 жас кіші...
— қай жасында Әкім ағамызға әйел болғанында шығар әңгіменің төркін жағы.
sammita
абыржымаңыз, балиғат жасына жеткен.