Биттің күнделігінен (Қыздарға оқуға тиым салынады)
2011/07/26
Менің мекенім шашы селдірей бастаған дирижердің басы. көзімді ашқалы көріп келе жатқаным осы бас. Басқа бастың керегі де жоқ. Кеше бір концертке бардым. Негізі концертке көп барамын. Айына 5-6 рет. Барам дегеннен гөрі бардық дегенім дұрыс болар. Содан, қожайын Бетховеннің 4 симфониясын ойнады. Бұл өзі 4 бөлімнен тұрады ғой. Басында жәй ғана басталып, арасында ойнақы әуен ойнап, арт жағына қарай жын ұрғандай құтырынатын жерлері бар. Содан төбенің ең ұшар басына шығып алып "қанша адам жиналды екен" деп жан-жағыма қарап отырғанмын. Қожайын басын оқыс сілкіп-сілкіп қалды. Қолыма шаш ілікпей төменге қарай құлдырай бердім. Көз алдымда бала кезім кинолентадай сырғып жатыр. Дирижердің таяқшасы… обшым, не керек сахнаның шетінде гүл ұстап тұрған қыздың гүлінің ортасына түсіп аман қалдым. Бұл гүлді қожайынға берер деген мақсатпен оңтайлы сәтті күтіп отырдым. Бірақ гүлді қожайыныма емес әйтеуір бір арияны орындаған келіншекке берді. Гүлді алған бетте басына қарай ышқына секірдім. Бірақ есебім қате шығып көйлегінің ашық тұрған омырауына күмп ете қалдым. Екі анарының ортасынан домалап өттім. Домалап келем… көрер қызығым таусылмаған екен домалап отырып әйтеуір бір шаштардан ұстап аман қалдым. Қатты шаршап сол жерде ұйықтап қалыппын. Қанша ұйықтағанымды білмеймін. Оянсам… оянсам, баяғы дирижердің мұртында жүрмін…

+ (8):AKY,
— (1):Zilola
Абырой әкелмейді мұндай жазбалар, Керекке де, авторға да.
Кейбіреулер болмайтын сандырағын жаза бермегенде, қолданушылар саны, бәлкім, жүз емес мың болар ма еді
Абырой әкелетін жазбалар жазу мүмкіндігінен мұнда ешкім шеттелмеген секілді. Бұндай жазбалардың құндылығы ақпаратында емес, сергіту күшінде.
Адамға нан және эмоция керек.
Егер практикалық пайдасы болмаса, тым болмаса қызық/күлкілі болуы керек. Оқырманның соңғы талабын, Айс бірде болмаса, бірде қанағаттандыратын сияқты.