Бір күн осылай өтті...
Таң ертең ертемен үйге келген қонақтарды шығарып салдым. Ұйқыны аңсаған басып сынып барады. Көзімді жұмған күйі есікті ілдім де төсекке қайта жата кеттім. Бір кезде телефон шырылдайды… Тұрып алғанға еріндім де жата бердім. Сәлден кейін сотка басталды. Автоматты түрде қолдарым батерейкасын шығарып тастады. Маужыраған менің көздерім жұмылып, армандағы әлемге ене бастадым…
… Көзім ашып қалсам үйдің іші жап-жарық. Күн тас төбеде тұр. Сағатты көрейін деп компты қостым. Тек сағатты көрем деген мен содан жарты сағат отырыппын. Ішім ұлып маза бермегесін амалсыз сағат бірде таңғы асымды ішуге отырдым. Құрып кеткір, кеше ыдыстарды жумаған едім, ыбырсып тұр. Қоқысты шелекке салып шәйімді енді бастай беріп едім, ауылдан анам хабарласып әпкемнің келе жатқанын айтты. Сондағы қуанғанымды көрсең! Ыдыс-аяқты жуатын, тамақ істейтін адам келе жатыр!!! Содан не керек әпкемді күтіп алдым. Бүгінге деген план жайына қалды. Қырсық сәлден кейін басталды. Компьютер қуалай бастады. Бір кезде бір досым хабарласып көмек керек екендігін айтады. Алдында бір рет жоқ деп айтқасын енді қаша алмадым. Мына қырсықты қарасаңшы, соткіде бірлік те түгесіліпті. Үй телефонын қуат көзіне қосуды ұмыт қалдырыппын, ол да мұнартып барып өшіп қалды.
Кешке екі кісіге жолығуым керек еді. Біреуі кетіп қалыпты мен барғанша. Ол жақтан қайтып келе жатсам парк жақтан дауыс шығады. Барсам Бүркіт өлең айтып жатыр. Президент саябағында тәуелсіздкке арналған концерт болып жатыр екен. Басыма керемет ой түсіп, екі жиенімді сонда ары-бері қыдыртуға алып келдім. Ой, кішкене балалардың күлкісі қандай керемет еді… Балаға қатал атанған мен сөйтіп үйдегілердің алдында кішкене болса да абырой жинап қалдым
Екі жиеннің суреттері

Ұйықтағанды жақсы көреді екенсің
Ал тайм менеджментің мүлде жоқ екен сенде.