Афтепати: Виртуалдан Реалға

Арқадағы биылғы жаздың беймаза кейпі Асқар-Әлмира мен Марат-Ажар қонақтап келуі қарсаңында құлпырып сала келді. Жақсы қой келсе, қонақ егіз табады «Жақсы қонақ келсе қой егіз табады» демекші, марқайып қалдық. Виктория басқосудан суретті іліп үлгеріпті. Осынау тұрлаулы жиында ҚазНетті қайтсек дамытамыз, бермегейіп тоқсаныншылар ©, бүгінгі жастардың не болып бара жатқандығы туралы, әрине, сөз қозғалған жоқ.



Әйгерім Севастопольдан әкелген базарлықтарын сыйға тартқан "әрі орталық, әрі сондай үлкен" саябақтағы отырыс азын-аулақ афтепатиге ұласты. Виртуалдан Реалға. «Реал» — баскенттің оң жағалауындағы көп кафелердің бірі. Мен сүт қатқан ыстық шәй, Гаста бал қосылған қолдың сүтін, Аршат пен Марат «Дюшес» лимонадын сіміре отырып, түн ауғанша бүгінгі өзекті мәселелердің ауқымды өрісін қаузадық.



Әмин Әдмин-ұлы Алматыда өткен Блогкемпте оған қарауға қарасқан апа-әпкелеріне сәлем жолдады. Керекомания дертіне шалдыққан балаң плеяда аға ұрпақтың аузынан шыққан салиқалы әңгімеден әсерленді деуге негіз, сөзсіз, жетіп артылады.

Бөлісу:

30 пікір

saken
суреттер көрінбей тұр…
konvict
Керекомания дертіне шалдыққан балаң плеяда аға ұрпақтың аузынан шыққан салиқалы әңгімеден әсерленді деуге негіз, сөзсіз, жетіп артылады.
Қандай ауру деп шошып кетсем
satvaldo
дюшес цветi «ademi» екен =)))
Altygradus
суреттер іліппедің?
Erkekyz
суреттер ашылмайды менде де.
Erkekyz
енді көрінді. Әмин
balzaminka
не деген шашлык!!!
Альмира агент шұқып отыр ма екен?)))
blackbeard
mykty bolgan eken myna jer nenin asty?
Nurgisa
Аттыкінің астында жиылған көштің бұнысы вигвам тәріздес үйшіктердің астында топтасуы. Бұл жердегі даяшылар қызық, шәйді пиуаның кружкасына құйып береді екен.
asaubota
«старшактардың» отырысы болды, жастар айып етпес
Janasil
Байқадық. Жастарды жәйлап қайтарып жіберіп…
sigma
Түрлерің тым тәуір екен, әсіресе дюшес шырынын ішіп отырғандар.
VKM
КҮШТІ кездесу)Аминге Малика тәтесінен де сәлем
Janasil


Менде мына сурет бар екен.
Janasil
Ортада тұрған арақ емес.
omarbirat
Шашлыкқа құятын сірке суы екенін көріп отырмыз Кәдімгі су сияқты (суретті үлкейтіп қарап едім)
Пікір түзетілген: 25 шілде 2011, 10:05
asaubota
сурет мында ашылмай тұр, тек сілтемесі бойынша аштым s1.ipicture.ru/Gallery/Viewfull/5113099.html
Marat
Астаналыктар баскосу атаулыны калай гурилдетуди билетин халайык екен. Жаксы отырыс болды. Рахмет барлыгынызга
asaubota
негізі ана кафе ерте жабамыз деп отырғызбайды ғой. және Нұрғисадан басқаларымыздың қасында «болды-кетейік-тағы-ішесің-белеріміз» болды  ал былай таза жігіттер болып отырсақ кафе жабылса басқасына барар едік қой
serjan
«болды-кетейік-тағы-ішесің-белеріміз»
Керемет теңеу екен.
ErNur
Аршат пен Марат «Дюшес» лимонадын сіміре отырып
))))))))
Gulistan
Men in black Нұрғисадан басқасы
Gulistan
Гаста тым байсалды болып қалыпты, Альмираның аурасы ма екен?
omarbirat
Екі апта демалыста жүріп, бір дұрыстап «Дюшес» іше алмағанымды-ай…
Nurgisa
«Дюшес іше алмадым» дегенше, «екі апта» демалыс «екіапта» демалыс болды десейші
AKY
Айананы ұйықтатып кетіпті
Zilola
Әмин Әдмин-ұлы Алматыда өткен Блогкемпте оған қарауға қарасқан апа-әпкелеріне сәлем жолдады

Жәнііі сол
Менен де дұғай сәлем!
asaubota
Gastarbaiter сияқты биылғы Құрылтайға келе алмайтындар жазда осылай келіп кетіңдер, келіншектеріңді ертіп. Отбасылы жақсы отырыстар болады, Әмин сияқты жастарға өнеге боларлық