Саябақ күнделігінен

Осыдан 4 жыл бұрын өзіміз қыдыратын бақтың ішінде отырмын, қолымда бір бөтелке сыра, орындықтың астына тағы үшеуін ептеп жасырып қойғанмын.
Әйеліммен ренжісіп қалған күндерімнің бірі еді бұл…
Көз алдымдағы фонтанның тас қоршауларына қарап ызаланамын; — Сендер куә болдыңдар ғой сол кезде неге ескертпедіңдер маған, құрып кеткір тастар-ай тіл бітседе айтпайсыңдар ау… мүмкін бәрі өзімнен кеткен шығар, сол кездің өзінде қырсық еді ғой сабазың…
Салқын сыраны құшырлана сіміріп қиялға қарық болып отырғанымда, осы бақта өзімнің басымнан өткен сәттер алдымда қайталанып жатты. Қыз бен жігіт бір — біріне сөз бермей өршелене дауласып келе жатты да, менің алдымдағы орындыққа отыра кетті, мен оларды арт жақтарынан бақылап отырмын, қыз бірдеңені жігітке түсіндірмекші болады жігіт оған құлақ аспайды. Біраздан кейін екеуі де үндемей біраз отырды да жігіт қасындағы басқа орындыққа ауысты, ал қыз болса соткысын шұқылап бас алмайды. осы кезде жігіт орнынан тұрды да қызды тастап кетіп бара жатты. Артыңа бұрыла көрме деп тілектес боп мен отырмын, жоқ жігітіміз жігерсіз боп шықты (кезіндегі өзім сияқты екен) бір бұрышты айналып кішкене жүрді де қайта айналып келіп анадай жерден:
-таңертең хабарласамын — деді.
Қызда үн жоқ.
— Ертең звандаймын жарай ма?
Қыз басын көтерген де жоқ.
Амалы таусылған жігіт қыздың қасына келіп алдаусыратқандай болып дөрекілікпен оны өзіне қарай құшақтай бастады, қыз оған көнбей кері серпілді.
Дәл осы кезде мүлде күтпеген жағдай болды, "қап масқара болғаның -ай" дедім ішімнен.
Кешке дейін ыстық күнде көп жүріп басынан күн өткендікі ме, жігіттің мұрнынан қан кетті, қызды алдаусыратқан жайында қалып отыра кетіп мұрнымен алысты жігітің, бірақ қыз мейірімді болып шықты дереу сумкасынан орамалын алып шығып жігітке берді, босаған сусын бөтелкесін алып фонтаннан су алып шығып қолына құйып жатты.
Осындай жағдай дәл менің басымда қайталанса деп ойлап көрсем масқара екен, менікі рахаттана бір күліп алатын шығар.
Екеулеп мұрынның қанын әзер тоқтатқаннан кейін, енді жайдары әңгімеге көшті бұл екеуі, құшақтасып сүйісіп те алды.
Меніңше жігіт қателескен жоқ, жарын дұрыс таңдаған екен деп ойладым…

Мен төртінші бөтелкенің ауызын аштым, олар қолтықтасып кетіп бара жатты…
Бөлісу:

34 пікір

19852407
Оу, үздік комментші ағайлар, пікірлеріңіз қайда?!
Үн-түнсіз бас сұғып кетіпсіздер ғой…
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 17:42
19852407
оо, махаббат! Саусаң сиыр, мінсең ат…
тұнған романтика!!!
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 19:16
blackbeard
Жігіттің мұрны да уақытында қанап үлгеріпті
madlen
katty kobaljygan goi
blackbeard
Менің мұрным қанап кеткенде не болар екен а?
madlen
keleside kanatyp kor )))))))))))
blackbeard
Жолығып көрейік онда
madlen
uje kyzyk emes koi.
mynany okymagan adamga jasasai ony.
blackbeard
Онда бас жарып көрейік Әсерлілеу болатын шығар
madlen
jylap kalsam nestisin basyndy jarganda? ))))))))
blackbeard
Олай болса шынымен қызық болар еді
blackbeard
Уа, тәңірім! Біз сияқты флудерлеріңді кешіре гөр
madlen
men sondai juptardy korsem, artynan karap tilektes bolyp turam, Bir ret kurbym ekeumiz ketip bara jatkanda kyrylyp urysyp jatkan jupty kordik. Kurbym tura kaldy da, kolyn jaip, birdeme birdeme dep duga okyp ketti ma… Men ogan karap kulip jiberdim, kaitesin, tanymaisyn da goi dep. Sosyn kaita artke kaityp jatyp, sol ekeuinin kuwaktasyp turganyn kordim. Katty konilim bosap, jylagym da kelip ketti
blackbeard
Жылаған шығарсың? Сөзіңнің соңын оқып мен жылап жіберейін деп қалдым
madlen
Jylau degen janalyk emes. Bireu «e» dep soilese jylap kalam
blackbeard
 Артурчиктің бір өлеңі еріксіз есіме түсіп кетті
madlen
ol kim?
blackbeard
Менің көршім
Ойнап айтам Артур Пирожков шыы?!
blackbeard
Тағы да кешірсінші Аспан әміршілері және Serjan
madlen
blackbeard
Енді әдейі флудтап отырмағанымызды түсініп тұрған шығар Сереке
AKY
Екеуің бір тақырыптаааа рахаттаааныыып жайылып отырсыңдар ғұӘ
Пікір түзетілген: 22 шілде 2011, 18:32
19852407
еркеқыз болдың ғой))
19852407
жалпы журфактың қыздарының бәрі ерке
balzaminka
Сырашыл жігіт не болды екен?