Күйшілердің және күйші достары барлардың назарына!

Қазан айының 27-29 аралығында Қарағанды қаласында шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы күйшілер конкурсы өтеді. Конкурсқа 16 мен 35 жас аралығындағы домбыра, қылқобыз, қобыз-прима аспаптарында ойнайтын орындаушылар қатыса алады.
Әр облыстан әр аспаптан екі орындаушы қатысады. Сондай-ақ осы тектес конкурстардың Бас жүлдесін және І-орын алғандар қатыстырылмайды.
Конкурс үш кезеңнен тұрады. Шығармалар жатқа орындалады(нотаға қарамай). Бір кезеңде орындалған шығарма келесіде қайталанбайды. Сайыскердің өзі ұсынған бағдарламасын кейін өзгертуге қақысы жоқ. Әр кезеңде үш күйден, оның ішінде Тәттімбет шығармасы болуы талап етіледі. Конкурсқа қатысушылардың жол шығынын жіберуші жақ, жатын орны мен тамақтануын ұйымдастырушы жақ көтереді. Байқауға қатысушыларға ере келгендер барлық шығындарын өздері көтереді.
Конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болғандар Қарағанды облыстық Мәдениет басқармасына (индекс 100009 Қарағанды қаласы, Бұқар-жырау даңғылы, 32, Халық шығармашылығы орталығы
Телефондары: 8(721-2) 41-14-68, 41-10- 88;
42-50-95, факстар: 42-50-95, 41-14-79.) төмендегі құжаттарды жібереді:

*Конкурсқа ұсынған мекеменің жолдамасы, шығармашылық мінездемесі.
*Музыкалық білімі туралы анықтама
*Шығармашылық өмірбаян
*Концертмейстрінің аты-жөні, жұмыс істейтін орыны көрсетілген анкета.
*13х18 түрлі-түсті фото – 1 дана.

Құжаттар 2011 жылдың 05 қазанға дейін қабылданады.
Конкурстың жеңімпаздарына төмендегідей сыйлықтар тағайындалады:
* Бас бәйге (домбыра саласынан).
* Бір бірінші сыйлық және лауреат атағы (әр саладан)
* Бір екінші сыйлық және лауреат атағы (әр саладан)
* Бір үшінші сыйлық және лауреат атағы (әр саладан)
Үш көтерме сыйлықтар және дипломант атағы (әр саладан)
* Тәттімбет және Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындағаны үшін арнайы сыйлықтар
* Конкурс лауреаттарын сүйемелдеуші концертмейстерлерге «Үздік концертмейстер» дипломы мен сыйлықтар (әр саладан)
Бөлісу:

2 пікір

sammita
Байқауға қатысушыларға ере келгендер барлық шығындарын өздері көтереді
талап етіп, мазаны алатындар да болатын шығар шынымен))))
Abilakim
Жүсіпбек Елебеков атындағы әншілер конкурсы кезінде студенттерін әкелген әжептеуір атағы бар мұғалімдер ұсақтық танытқан.«Бізге неге тамақ қарастырылмаған, жатар орын тапсаңдаршы дегендей»))))
Бұндай байқауларда қатысушылар мен әділқазыларға ғана тегін тамақ, тегін төсек, тегін үлкеееен автобус, қала ішінде жүретін