4000



Керекинфоның осы форматының ашылғанына 7 айдан асты. 7 айда 3980 мақала жазылыпты. Жақында 4000-шы мақала келе жатыр. Бұрын 1000-шы мақаланы @blackbeard жазған екен, Бір бала деген ән туралы. Ал 2000 @qisyq-тың Аппақ қызы. 3000-шы мақала сәтсіз болған ба, өшірілген екен. Енді осы жақында 4000 келеді.

Ал, пікір саны 74 мыңға жақындап қалды. Күніне орташа есеппен 20 мақала жазылып, 350 пікір білдіріледі екен. Жаман емес.
Бөлісу:

43 пікір

qisyq
Құтты болсын, Аршат! Бәріңді құттықтаймын.
nurbergen_makym
лібә, енді, «4 мыңыншы мен болайын» деген оймен, ендігі қарқын тежелетін шығар
)))))))))))))))
asaubota
аңду басталуы мүмкін  олай қызық болмайды бірақ.
asaubota
бұл жаман көрсеткіш емес. қазақ интернеті дамымай жатыр дегендерге жауап деп ойлаймын. қазақ сияқты кішігірім халқы бар ұлт үшін жақсы көрсеткіш.
Beytanis
қазақ сияқты кішігірім халқы бар ұлт үшін жақсы көрсеткіш.

Осы жерде нақтылап жіберсеңіз…
asaubota
мен паспорты бойынша емес шынымен қазақтар санын айтып отырмын. менің есебім бойынша елімізде 5 миллиондай қазақ бар. олардың көюісі ауылдық жерде тұрады, және бала-шаға, қарттарды алып тастасаңыз интернетке қолжетімді, күнде қазақша сайттарға кіріп тұратын шамамен 15-20 мыңдай ғана қазақ бар. ең көп кірілетін сайттар күніне 2000 адам кіретін Абай.кз мен Егемен. бірақ, жаз уақытында бұл көрсеткіш түсіп кетеді. ал Керекке күніне 1000нан көп адам кіреді.
Beytanis
5 миллиондай қазақ

Статистиканы қайдан алдыңыз?
nurbergen_makym
Статистиканы қайдан алдыңыз?
Beytanis
Несі күлкілі? Айта отыр.
asaubota
жәй, өзімнің 30 жылдық өмірімде байқағандарым ғой. қазақша білмейтін, қазақша ойламайтын қазақтарды қазақ деп санамаймын.
sammita
Егеменге мемқызмет конкурсы, тендер үшін ғана кіретін шығар.
nurbergen_makym
Статистиканы қайдан алдыңыз?
Janasil
Арщат ау тұқымымызды құртып тастапсың ғой.
sammita
ана 3000-ды мен дей салсаңшы)))
blackbeard
Рахмет Аршеке Керекке сәттілік! @qisyq құттықтаймын! @blackbeard құттықтаймын!
Nurgisa
Ең белсенді пікір білдірушілердің тобы (ағылшынның «top» сөзінен):

asaubota -3507
2932 пікір Gastarbaiter бауырымызға тиесілі екен.
2910 — sammita
2872 — Abilakim
2675 — alisha
2618 — satibaldi
2501 — konvict
2090 — AKY
1928 — VKM
1922 — omarbirat
sammita
өтті-ау дәурен
kokbori
Бұл кезде тіпті шәйнек болуға жарамай жүрдік қой, біз байғұс
asaubota
қайта көтерілуіңе не кедергі?
asaubota
Мақала саны бойынша алғашқы үштік көпке дейін өзгермейді-ау  бірақ, кім біліпті атажаулар үшінші орынды ауыстырып тұрулары мүмкін кезекпен кезек

Abilakim 218
asaubota 176
KILYZAMAN 111
satibaldi 106
patick 100
Gastarbaiter 98
konvict 96
omarbirat 95
Aizhantabyn 95
Nurgisa
Алғашқы үштікті қайдам, бірақ лидер… біразға дейін көшті бастап тұрмақ екен. Несі бар, жазары, бөлісері болса, берер өнегесі болса тек құп көрушілерден емес пе едік! Омарбыраттың оригиналды жазбаларын оқымағалы біраз боп қапты, айтқандай…
konvict
Лібәә, Мен де бар екеме ғо мында
Gastarbaiter
қолыңа көк байрақ!
asaubota
бірақ, сан мен сапа бірдей ұғым емес екенін ескеру де керек
meirzhan
Конвидің мұрнына алтын пирсинг
sammita
жалпы пост санын қайдан қарайды?
asaubota
оң жақтағы Үздік қолданушылар деген блокты қара, сол жерден сосын Мақалалар дегенді бас.
Zhan
Құттықтаймын, Аршат! Жарайсыңдар, «Керекке» келгеніме аз уақыт болса да, осы уақыттың өзінде біраз нәрсені көріп-біліп жатырмыз. «Ештен кеш» деген. Комменттерді оқимын деп күн сайын ішек-сілем қатады да отырады. Әріптестерім маған біртүрлі қараса да, «Керек» маған керек.
Nurgisa
Дәл тигізіпсің. «Керек» ешкімге зәру емес, «Керекке» зәру бізбіз. Кәдімгі тірі ағза іспетті. Матрица…
asaubota
Бір бала мен Аппақ қыз енді бір бөпелі болатын шығар, 4000-шы постты айтамын. әлде Қилызаман ағайдың бірден 3-4 пост жазатын бомбардировкасына құрбан болып кете ме екен?
qisyq
Мойнымызға бұршақ салып, соның болмауын тілейміз де Садық екеуміз енді қайтеміз…
meirzhan
Жағымды жаңалық. Енді пост немесе коммент сапасын да артыруға болады, енді сапаға көбірек мән берейік.
KILYZAMAN
Бір бала мен Аппақ қыз енді бір бөпелі болатын шығар, 4000-шы постты айтамын. әлде Қилызаман ағайдың бірден 3-4 пост жазатын бомбардировкасына құрбан болып кете ме екен?
— тоқтауды жөн санадым…
Мойнымызға бұршақ салып, соның болмауын тілейміз де Садық екеуміз енді қайтеміз…
— бұрқыратыңдар :-)
Armanjan
Соңғы мәлімет бойынша қанша боп қалды екен?