Қарбыз туралы
Қарбыз туралы аздап сыр шерткім келіп тұрғаны. Оған себеп, жаз келіп аз болса да алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Ақтөбеде әзірше 60 теңге килосы. Күзге қарай 10 теңгеге дейін түсетін шығар.
Сонымен қарбыз. Қарбыздың отаны Оң.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен.
Қарбыз туралы қызық мәліметтер:
- 92 пайызы судан тұрады
- Бірнеше тілімі бір күндік С витамині мөлшерін толтырады
- Қарбыз суы қуық және зәр жолдарын жақсы тазартады
- Артрит, гастрит, Боткин, жүрек аурулары және семіздікке қарсы пайдалы
- Тек қана ауру үшін ғана емес көңіл-күйді де көтеру үшін жақсы
- Қарбыз қалдығынан неше түрлі ыдыс та жасауға болады
- Құрамындағы ликопен еркектердің потенциясын күшейтеді
Ал енді сіздерге бірнеше сұрақ, бала кезіңізді еске түсіріңіз:
- 1 рет болса да қарбыз ұрлап көрдіңіз
- Жерге жарып, қолмен жеп көрдіңіз
- Көзіңе суын тигізбе дегенге қарамай көзіңізді ұстап көрдіңіз, бірақ сізге ештеңе болған жоқ
- Дастархан басында отбасымен жеп отырған кезде, аузыңыздағы тілімге қарамай екіншісін көздеп немесе қолмен ұстап отырдыңыз
- Қарбыздың ағына дейін яғни қабығына дейін жеп көрдіңіз
- Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз
- Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
- Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
- Шемешкісін кептіріп, шағып көрдіңіз
- Осылардың көбісі басыңыздан өтпеген болса сіз мамасы мұғалім, отличник бала болғансыз немесе жәй ғана лох болғансыз. Әлде басқа планетадан келгеніңізді мойындайсыз ба?
5 шілде 2007
www.arshat.kz/old/?p=45
Толеранттылыққы келер болсақ онда мынау --->>>
www.kerekinfo.kz/blog/Abilakim/1609.html
Бір сезон нан мен су орнына егіннің басында қарбыз жеп беттей алмай қалғаным бар…
# Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз
# Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
# Шемешкісін кептіріп, (кептірмей-ақ шаға беретінмін) шағып көрдіңіз — өттік қо осы этаптан.
ана пунктардың біразы бастан өткен.
"Қарбыздың ағын жесең, аузыңа жара шығады" деп үркітетін үлкендер.
@а63а1 ма еді, жол бойында қымыз сатып, бірдеңелер ұрлайтынбыз деп жазған? Әйтеуір қарағандылық екені есте қапты.
Сосын түбін қасықпен (көгі шыққанша) қырып жейтін ек.
өзіміздің бақшада болса дакөршінің бақшасынан талай қарбыз ұрлап, қолға да түскен ек.Кішкене кезінде ағам екеуміз қарбыз шырынына таласқанда, жетпей қалатын еді, сосын соңында кәдімгідей ойлап, арман ететінмін, кейіііінн (ну, өскенде) қарбыз шырынын шығаратын зауыт ашам деп. Мәәә, неткен кездер… Ал, қазір ваще қарбызға қарағым келмид, желәние жоқ.
Ананасын, асқабағын білмедім
Орта тұсын қасықпенен ойып ап
Тәтті суға қанып алып жүргенім
Қайран менің сол бір бала күндерім!
Біздің балалық шағымыз өткен жақта судың тапшылығынан бақша салмайды. Қауын-қарбызды өзге облыстардан машинаға тиеп келіп, сол машина үстінен сатады. Қарбызды ұрлау үшін арнайы қылмыстық топ құрылатын. Топқа нағыз желаяқтар мен жаужүректерді қабылдайтын старшактар. Сосын қарбыз тиелген мәшін келгенде ырыздықтарымызды теру үшін кузовының жан жағынан лап беретінбіз. Олжамызды сол маңда теңдей бөлісіп соғып алатынбыз. Қазіргі қарбыздар сондай тәтті емес секілді көрінеді
Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз
Осыларды ғана бастан өткізіппін. 4 жыл қатарынан папам қарбыз еккен. Ех, сондай қарбыздар қазір жоқ қой.((
Ұрлықы қарбыздан кенде қалған болсаң, ең тәтті қарбызды жемеген екенсің ғой…
-қай қызы?
-баяғы біздің қарбызды ұрлайтын қызы ше…
Үүүлкен қара қарбыз жеп көрдіңіздер ме? Қарбыздың төресі сол ғой. Дәмі е, көлемі де керемет енді. Сабақтан шығып алып кластас қыздың үйіне баратынбыз он бір қыз. Бір қарбызды жарсақ та тауыса алмайтын едік. Ал, енді қазір дәл сондай қарасын, бірақ кішкентайын жеп жүрмін. Ең ауыр дегені бір жарым келі шығады.
қарамай екіншісін көздеп...»
Енді жеп отқаныңда басқа қайда қарайсың? Табақтағы қарбызға қарайсың, болмаса басқаның аузына қарайсың ғой.
Жерге жарып, қолмен жеп көрдіңіз, жоқ бұлай еткенім есімде жоқ.
Көзіңе суын тигізбе дегенге қарамай көзіңізді ұстап көрдіңіз, бірақ сізге ештеңе болған жоқ, бұлай етпедім.
Дастархан басында отбасымен жеп отырған кезде, аузыңыздағы тілімге қарамай екіншісін көздеп немесе қолмен ұстап отырдыңыз, жоқ.
Қарбыздың ағына дейін яғни қабығына дейін жеп көрдіңіз, жоқ
Суын ағызбай, бетіңізді бүлдірмей жеп көрген жоқсыз, әкем не ағам пышақпен туралап беретін шағындап, сондықтан суын ағызбай, бет аузымды бүлдірми жейтінмін.
Қасықпен ойып жеу тіліп жегеннен гөрі тәттілеу болады деп ойлап көрдіңіз, ағам нанмен қосып жеген тәттілеу дейтін, екеуін де орындап көрдім))
Сосын әрине жиналып қалған суын іштіңіз, іштім.
Шемешкісін кептіріп, шағып көрдіңіз, қарбыздың шемішкесі есімде жоқ, қауынның шемішкесін кептіріп шақтым.
Осылардың көбісі басыңыздан өтпеген болса сіз мамасы мұғалім, отличник бала болғансыз немесе жәй ғана лох болғансыз. Әлде басқа планетадан келгеніңізді мойындайсыз ба? мамам мұғалім емес, үлгілі оқушы болғаным рас, лохқа жата қоймайтынмын, өзіміздің планетаданмын ғо)))))