Алматылықтаааар! Аттаныңдар:) (Тақырып ат болды-ау дейм)

Ағайын! Бугін Алматыда Қазақстан интернет ассосациясы Қазақ тілді интернетті дамыту туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Соған қатысып шығып, түйгеніміз интернет саласында жүрген қазақ тілділер бас қосып, ортақ ұйым құру қажеттігі туындапты. Сондықтан блогшылар, интернетте жүрген журналистер, ІТ мамандары бас қосып қазақ тілді қауымның құқығын қорғайтын, сөзін сөйлейтін, дамытуға атсалысатын ұйым құрсақ деген шешімге келдік. Өйткені біз қимылдамаған соң орыс тілді қауым қолға алып жатыр. Олардың қандай деңгейде дамытары белгілі. Осыны жеделдетіп қолға алу қажет. Алматылықтар, бүгін осы мәселе бойынша кешке кездесіп, ақылдаспақпыз. Ой қосам деген ағайын болса, келулеріңізді сұраймыз.
Адрес: Алматы қаласы, Сатпаев Байзақов көшелерінің қиылысы! Байзақовтан төмен! Уақыты 8:00 Сабах кафесі
Бөлісу:

11 пікір

blackbeard
Жарайдыы!
TERISKEY
Әбіл-ау, сағатын айтсашы, «сағат мына жерде адресі» демей…
Erbol
@blackbeard менің ғана емес, дөңгелек үстелге қатысқандардың ұсынысы бұл. Асхат, Сағын, Қуаныш, Жалғас очм өзіміз.
Erbol
@blackbeard қателерін түзетші.Онсыз қауымдастық құру деген бос сөз)))
Пікір түзетілген: 20 шілде 2011, 18:37
asaubota
давай, тек тездету керек. өзіміздікін бітіріп алып, сосын Ұйғыр және Түркімен интернетін дамытуға зебр салысып көрейік.

зы: осы істен бір пайда бар ма? егер тиын болмайтын болса керек емес сияқты босқа дүрлігіп. осылай энтузиастықпен онсыз да ақырындап дамып келеді ғой. мен жеке өзім үшін айтатын болсам бұдан кейін тек ақша түсетін жобаларға ғана қатысамын.
Erbol
Көреміз, бүгінгі тек ақылдасу.Дәл қазір құрып,қырып тастаймыз деген ой жоқ.Тек ақылдасу.
yerbol89
Ау ағайындар араларыңызда біреулеріңіз ноутбук пен веб камераларыңызды алып барып, Кивиден тікелей транслация істесеңіздер біз де қатыссақ. Әттең Алматыда емеспіз бәрін тастап кетіп қалатын едік. Сол онлайн трансляция болса екен, болмаса Гугулда бірнеше адам веб-камерамен байланысқа түссек, немесе Скайп та бірнеше адамның конференцияға қосылуға мүмкіншілі береді емес па? Осы жағын ойластырып көруге болады ма екен?
konvict
Кеше жаңалықтардан көрсетіп еді. @urimtal сөз сөйлеватқан
sigma
Сүгіретті танып отырмын
urimtal
кеше басқа бір кездесуде болып, бара алмай қалдым.