Сиқырлы цифрлар


Білгіштердің айтуынша, сандардың ішінде адамдарға сәттілік сыйлайтындары болады-мыс. Сізге бір оқиғаны жылдамдату керек болса (мысалы жұмыстан кешігіп қалдыңыз. Бірақ қас қылғанда сіз күткен транспорт кешігіп бара жатыр не болмаса әмияныңызда бір тиын ақша жоқ, ал зарплата «тасбақаша» кешігіп жатыр). Осындай кезде сіз «жиырма» деген сөзді яғни «20»-ны қайталай беруіңіз керек екен. 2 – күшті ұлғайтса, 0 – әлсіздікке қарсы тұрады дейді. Керісінше, бір мәселені кешіктіріп, асықпай шешкіңіз келсе (мысалы баласы ата-анасына аяқ астынан келіп үйленем десе, оған ата-анасы тойға дайын болмаса), сол ситуациядан шығу үшін «төрт» «4» деген санды қайталай беру керек екен. 4 – бұл квадрат, төрт аяғынан тең түсіп тұрған фигура. Оның үстіне, квадраттың барлық жағы бірдей болғандықтан процесті кешеуілдетеді дейді.

Жасаймыз қайта құртамыз

Егер сізге бірдеңені қайта жасап қалпына келтіру, жақсарту керек болса (жаңа үй, бастықпен, шеф, сүйікті адамыңызбен) ол кезде «қырық қырықтан» деңіз. Осылай айтсаңыз, береке арта түспек. Керісінше, бірдеңені құрту керек болса, «44» деу керек. Бұл цифр біріншіден, найзағайға ұқсайды, 4 квадраттың қосындысы 8 болғандықтан, 8 – шексіздікті білдіреді.

Егер сізге бақыт, сәттілік, жолы болғыштық сияқты әдемі естілетін атаулар аздық етіп жүрсе «21» деп қайта-қайта айта беруіңіз керек. Рас па, өтірік пе, өзім де білмеймін, эксперимент ретінде тексеріп көруге болатын шығар. Бақытты боп кетіп жатсаңыздар, айтуды ұмытып кетпеңіздер   www.astroguide.ru-осы жерден тауып алдым.
Бөлісу:

13 пікір

sammita
қызық екен. керісінше сәтсіз сандар да болатын шығар. Көп айтуға болмайтын.
satibaldi
Қырық қырықтан. Бір қой бастық өзінше бов отыр нақ, бекер әңгіме ме деймін.
asaubota
осындайларға қалай сенесіңдер, түсінбеймін
sammita
қырық төрт, қырық төрт)))
araika
Хехе, менің жасымды сұраушылар көбейе түссе екен

Жалпы семиотикаға сүйенсек, сандар нумеративінің өзіндік мағыналық ауқымы бар екенін аңғаруға болады.
satibaldi
Жалпы семиотикаға сүйенсек, сандар нумеративінің өзіндік мағыналық ауқымы бар екенін аңғаруға болады.

Ма*мааа…
araika
Неден шошындыңыз?
konvict
Тәәәк, 44 қарасақал, 40-40 Мадлен, тағы да 44 қарасақал, 44 реал мадрид
a63a1
80 80 деп қайталай берсе не болатыны жазылмаппа?

шексіз бақыт әкелетінге ұқсайдығой
a63a1
8 шексіздік 0 бәлсіздікке қарсы тұрады дептіғой
sigma
Http порты ашылуы мүмкін
nurjanbay
Иманы бар адам қыйын жағдайға тап болғанда «Бисмиллаһ» немесе «Лә илаһа иллАллаһ» деп қайталайды. ал өмірінде аузынан жақсы сөз шығып көрмеген адамдардан «ъдялб» немесе "… сешеш" деген сөз ғана шығады. сандардың құдіретіне сенсеңдер сене беріңдер. әйтеуір бірдемеге сенген дұрыс қой.
sigma
сандарға сенген ширк де