Медианеттің семинар-тренингі

Шілденің 14-15 күндері Алматыда журналистерге арналған "Қазақстандағы азшылықтар мәселесі туралы БАҚ-тарының хабар тарату ерекшеліктері" атты тренингі өтті. Алғашқы күні Ақпараттық дау-жанжалдарды сараптау қоғамдық орталығының жетекшісі Ғалия Әженова тренинг өткізді. Менің түсінгенім азшылық ол — қоғамдағы белгілі бір аз топтарды айтады. Мәселен, азшылықтардың ұлттық, діни, әлеуметтік, сексуалды түрлері болады. Бір мысал айта кетейін, ұлттық азшылықтарға Қазақстан мемлекетін құрушы қазақтар болса, қалған ұлттар орыс, татар, ұйғырлар азшылық топқа жатады. Сол сияқты, Ғалия апай барынша мысалдар түсіндіріп отырды. Әрине, екінші күні «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының басшысы Есенгүл Кәпқызы журналистикада мақала жазудыға ереже, этика, талаптарды түсіндірді. сонымен бірге эмоцияға берілу, жалпы баяндау, бір жақты қарлау, тақырыпқа терең бойламау, пікір таңу сынды қазақ журналистикасындағы тенденциялар мен стереотиптерді атап өтті. Жалпы, тренинг маған ұнады. Білмегенімді үйрендім, осы тренинге шақырған Димашқа рахмет!!!
Бөлісу:

11 пікір

Gastarbaiter
Әжеңнің соросы мұнда да жүр, гомиктер де адам ғой, бірақ…
meirzhan
Қазақстанға ақша құюында бір гәп бар. Дебатты да Қазақстанда осы қор бастап дамытып еді. «Азаматты қоғам» дей ме, «Демократияны дамытып береміз» дей ме сондай бірдеңе очм.
satibaldi
Сен де саясатқа? КетЧ.
meirzhan
Тонасылдың жазбаларын оқып, саясатқа бармасқа лаж жоқ.
alisha
азшылықтар мәселесі

бара-бара қазақшаны түсінуден қалатын болдық
manshukn
басында өзім де түсінбегем. Семинар барысында түсіне бастадым.
Abilakim
Қалтаңда ақшаң аз болса азшылық емей немене?- деп түсіндірді бізде осы сөздің мәнін сұрағанымызда
alisha
жоқ, енді азшылық деген сөзді жеке алғанда «көп емес» деген ұғымда қабылдаймыз ғой онсызда… бірақ тақырыптың өзі сол шараның мазмұнын ашып көрсететіндей болуы керек қой… Егер мен осындай семинар өтеді деген хабарландыруды бір жерден оқысам, ештеңе түсінбеген болар ем.
Abilakim
«Ештеңе түсінбей барып, ештеңе түсінбей қайтсақ та отырмыз ғой үндемей» десем Димаш ренжір ме екен?!